«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 572 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5980 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы  30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1639) «Заң газетінде» жарияланған) мына толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 117-119-жолдармен толықтырылсын:
      «117 «Халықтық бөлшек төлемдерін өңдеу жүйесі «Авангард Plat» компьютерлік жүйесі (1.0 нұсқа)
      118. «Бағдарламалық фискализатор» компьютерлік жүйесі
      119. «ҚТБЖ – Қазақстан» компьютерлік жүйесі (1.0 нұсқа)».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті  (Д. Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Жәмішев