"Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 553 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5972 болып енгізілді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5033 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда № 4 (1230) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесінде (әрі қарай - Ереже):
      Ереже атауының мемлекеттік тілдегі мәтінінде «ұйымдастыру және» деген сөздері алып тасталынсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтіннің 7-тармағында «білім департаменттері» деген сөздер «, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      «облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменті директорының» деген сөздер «облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармасы бастығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы ережені Министрлік бекітеді.» деген сөйлем алып тасталынсын;
      9-тармақтағы «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» деген сөздер «Ұлттық тестілеу орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша «БТМСҰ0» аббревиатурасы «ҰТО» аббревиатурасымен ауыстырылсын;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін білім беру ұйымдарының кезектен тыс аттестаттау қорытындылары туралы ақпаратты Министрлікке ұсынады.».
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі                       Ж. Түймебаев