"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Б. Садықов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 797 бұйрығына қосымша |
Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасы
1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар
Медициналық пункт
Фельдшерлік-акушерлік пункт
Дәрігерлік амбулатория
Ауылдық емхана
Аудандық емхана
Қалалық емхана
Консультациялық–диагностикалық орталық (емхана)
2. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар
Ауылдық аурухана
Ауданаралық аурухана
Аудандық орталық аурухана
Қалалық аурухана
Қалалық балалар ауруханасы
Облыстық аурухана
Облыстық балалар ауруханасы
Инфекциялық аурухана
Перинаталдық орталық
Туберкулезге қарсы аурухана (диспансер)
Онкологиялық аурухана (диспансер)
Тері-венерологиялық аурухана (диспансер)
Наркологиялық аурухана (диспансер, медициналық-әлеуметтік
оңалту орталығы)
Психиатриялық аурухана (диспансер)
Лепрозорий
Отан соғысының мүгедектеріне арналған госпиталь
3. Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары
Жедел медициналық жәрдем станциясы (бөлімшесі)
Санитариялық авиация
4. Апаттық медицина ұйымдары
Апаттар медицинасы орталығы
5. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары
Санаторий
Мамандандырылған санаторий
Профилакторий
Оңалту орталығы
6. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар
Мейірбике күтімін көрсететін аурухана
Хоспис
7. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар
Қан орталығы
8. Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызмет көрсететін ұйымдар
Сот медицинасы орталығы
Патологиялық анатомиялық бюро
Орталықтандырылған патологиялық анатомиялық бөлімше
Патологиялық анатомиялық бөлімше
9. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары
Дәріхана
Дәріхана қоймасы
Алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана қоймасы
Алыс елді мекендерге арналған жылжымалы дәріханалық пункт
Оптика дүкені
Медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені Медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы
Дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіретін ұйымдар
10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы
Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станция
Обаға қарсы күрес станциясы
Дезинфекция станциясы
11. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар
Ұлттық орталық
Ғылыми орталық
Ұлттық ғылыми орталық
Ғылыми-зерттеу институты
12. Денсаулық сақтау саласындағы білім ұйымдары
Медицина университеті
Медицина институты
Медицина академиясы
Медициналық колледж
13. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
14. АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары
ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы
15. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг
16. Өзге де медициналық ұйымдар
Клиника
Отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулық орталығы
Әйелдер консультациясы
Стоматологиялық емхана (орталық)
Кардиология орталығы
Дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері
Дұрыс тамақтану орталығы
Арнайы медициналық жабдықтау базасы
Медициналық ақпараттық-талдау орталығы
Балалар үйі
Ескерту:
1. Медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, ауылдық емхана – аудандық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі – АЕМ) құрылады. Қалаларда дәрігерлік амбулатория қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
2. Ауылдық аурухана – АЕМ алыс жерлерде тұрғылықты халқының саны 5000 (бес мыңнан) кем емес жерлерде, жергілікті ерекшеліктері, оның ішінде климаттық-географиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, аудандық орталық аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
3. Орталықтандырылған патологиялық анатомиялық бөлімше стационарлық көмек көрсететін ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.09.10 № 605 (ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулық орталығы, әйелдер консультациясы денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.