Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 17 қарашадағы N 729 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5959 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 109-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру ережесі және болу режимі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бүйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы                                 Б. Садыков

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының    
2009 жылғы 17 қарашадағы  
N 729 бұйрығымен      
бекітілген        

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды туберкулезге
қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді
ұйымдастыру ережесі және болу режимі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру ережесі және болу режимі (бұдан әрі - Ереже) денсаулық сақтау ұйымдарында туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды анықтау, есепке алу және емделуден бас тартқан немесе жалтарған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу бойынша іс-шаралар жүргізу тәртібін, сондай-ақ, туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда болу режимін айқындайды.
      2. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) бас тарту - туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың медициналық құжаттамада белгіленген, дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы;
      2) емделуден жалтару - өз бетімен кету, дәрігер белгілеген емдеу режимін бұзу, сондай-ақ медициналық құжатта белгіленген туберкулезге қарсы препараттарды үш және одан да көп аптаны құрайтын уақыт бойы қабылдамау.

2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды
анықтау, есепке алу тәртібі

      3. Туберкулезге күдікті барлық науқастар туберкулез микобактерияларының бөлінуіне міндетті медициналық тексерілуге жатады.
      4. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде туберкулезге қарсы ұйымдарда (бұдан әрі - ТҚҰ) есепке тұруы, туберкулез сондай-ақ, оңалтылуы, микобактерияларының бөлінуі тоқтатылғанға дейін ауруханаға жатқызылуы және емделуі тиіс.
      5. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас емделуден бас тарқан немесе жалтарған жағдайда денсаулық сақтау органдары (ұйымдары), сондай-ақ, ТҚҰ бөлімше дәрігері оған мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда (бұдан әрі - МТҚҰ) мәжбүрлеп емдеуді тағайындау мәселесін шешу үшін ТҚҰ-ның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясына (бұдан әрі - ОДКК) шағымдана алады.
      6. Денсаулық сақтау органдары (ұйымдары) ОДКК-ның қортындысы бойынша, оның ішінде ТҚҰ бас дәрігері сотқа мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы ұсынымға (осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда) қол қояды.
      7. ТҚҰ сотқа емдеуден бас тартқан немесе жалтарған науқасты мәжбүрлеп емдеу туралы шешім шығаруға қажетті құжаттарды осы Ереженің 8-тармағына сәйкес ресімдейді және мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы мәселені шешу үшін жеті күнтізбелік күннің ішінде сотқа жібереді.
      8. Сотқа шағымдану үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) екі данада сотқа ұсыным;
      2) денсаулық жағдайы туралы анықтама (сырқатнамадан, амбулаториялық картадан көшірме);
      3) сот отырысына қатысу үшін ТҚҰ өкіліне берілген ТҚҰ бас дәрігерінің қолымен куәландырылған сенімхат;
      4) мәжбүрлеп емдеудің қажеттілігі туралы ОДКК-ның қорытындысы. Әрбір науқастың құжаттары, сыртқы бетінде науқастың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, үйінің мекен-жайы, жіберуші медициналық ұйымның атауы және туыстарының байланыс телефон нөмірлері көрсетілген құжат тігілетін папакада ұсынылады.

3. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған,
туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп
емдеуді ұйымдастыру тәртібі

      9. Сот мәжбүрлеп емдеу тағайындамаған, ҚАЖ мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар, босатылған күннен бастап үш аптаның ішінде емделуді жалғастыру үшін тұрғылықты жері бойынша ТҚҰ-ға диспансерлік есепке тұруға жатады.
      Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, МТҚҰ мамандары мәжбүрлеп емдеуді тағайындау жөніндегі мәселені шешу үшін материалдарды сотқа жібереді.

4. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды
мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі емдеуді тоқтату және
медициналық байқау

      10. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу олар туберкулез микобактерияларын бөлдуі тоқтатқанға дейін жалғастырылады, клиникалық, рентгенологиялық және зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша ОДКК мәжбүрлеп емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдайды, содан соң олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық жағдайда емдеуді жалғастыру үшін шығарылуға жатады.
      Сондай-ақ, науқастардың емдеу талаптарын сақтауы мәжбүрлеп емдеуді тоқтатуға негіз бола алады. Мұндай науқастар ОДКК қорытындысы бойынша ТҚӨ жағдайда қарапайым стационарларға ауыстырылады және сонда емделуін жалғастырады.
      11. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар МТҚҰ-нан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша ТҚҰ-да есепке тұрып және туберкулездің жұқпалы түрімен аурудың қайталануын болғызбайтын ем алады.

5. МТҚҰ-да туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды
емдеу және ұстау

      12. МТҚҰ-ға кіруге тек қызметкерлерге, әкімшілік қызметкерлеріне және кезекші дәрігерге, сондай-ақ, денсаулық сақтау жоғары органдарының мамандарына ғана рұқсат етіледі.
      13. Науқастардың МТҚҰ ауласынан және серуендеу ауласынан шығуына тек емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларын жүргізу үшін медицина және күзет қызметкерінің алып жүруімен ғана рұқсат етіледі.
      14. Науқастардың МТҚҰ-нан тыс өз еркімен шығуының, сондай-ақ аумаққа бөгде адамдардың кіруінің алдын алу үшін күзет қызметінің күшімен бақылау-өткізу жүйесі орнатылады.
      15. МТҚҰ науқастар тобын бөлу:
      1) жұқпалылық статусы бойынша (туберкулезге қарсы препараттарға сезімтал туберкулез нысаны, туберкулездің дәріге көнбейтін нысаны);
      2) жынысы бойынша жүзеге асырылады.
      16. МТҚҰ мынадай шектелген инженерлік-техникалық құралдармен:
      1) аумақты негізгі қоршаумен;
      2) дабылдамамен;
      3) құжаттарды сақтауға арналған сейфтермен;
      4) терезелердегі металл торлармен;
      5) барлық арнайы және қосалқы үй-жайларды темір есіктермен;
      6) мамандандырылған күзеті бар бақылау-өткізу пунктімен жабдықталады.
      17. МТҚҰ-ын осы қызметтің түріне лицензиясы бар мамандандырылған күзет бөлімшесі (бұдан әрі - күзет қызметі) күзетеді.
      18. Күзет қызметі бақылау-өткізу режимін ұйымдастырады және сыртқы және ішкі күзетті қамтамасыз етеді.
      19. Күзет қызметінің қызметкерлері медицина қызметкерлеріне мәжбүрлеп емдеудегі адамға профилактикада және құқыққа қарсы іс-әрекеттің алдын кесуге жәрдемдеседі.
      20. Медицина қызметкері мен күзет қызметкерінің өзара іс-қимылы туберкулезге қарсы ТҚҰ және күзет қызметінің арасында жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады.
      21. Төтенше жағдайлар кезінде МТҚҰ күзетуді күшейту туралы шешімді МТҚҰ әкімшілігінің жазбаша өтініші бойынша күзет қызметі қабылдайды.
      22. Күзет бастығы немесе оның міндетін атқарушы адамның қатысуымен МТҚҰ басшылығы күзет қызметін тексеруді және бақылауды жүзеге асырады.
      23. МТҚҰ-ға түскен кезде:
      1) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды алғашқы қарап-тексеру және санитариялық тазарту;
      2) бастапқы тәулік ішінде емдеуші дәрігердің диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес міндетті түрде қажетті қарап-тексеруі және ем тағайындауы;
      3) аурудың жіктемесін, ауырлық дәрежесін анықтау, сондай-ақ емдеудің тиісті әдістерін таңдау және қолдану;
      4) әр науқасқа арнап жүргізілген емдеу курсының динамикасын көрсететін деректер енгізілетін сырқатнаманы және есептік нысандарды рәсімдеу жүзеге асырылады.
      24. Мәжбүрлеп емдеу аяқталған соң сырқатнама жазылған эпикризбен аяқталады, МТҚҰ бас дәрігерінің орынбасары тексеріп, қол қояды, мұрағатқа тапсырылады.
      Есеп нысандары емдеудің қолдау сатысын амбулаториялық жағдайда немесе стационарда жалғастыру үшін ТҚҰ диспансерлік бөлімшесіне беріледі.
      25. МТҚҰ әкімшілігі санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы режимді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеуде жүрген науқастардың арасында профилактикалық және санитриялық-гигиеналық жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізеді.
      26. МТҚҰ басшылығы мәжбүрлеп емдеуге МТҚҰ-ға келіп түскен науқастарға құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексеруді, МТҚҰ-дағы науқастардың жеке және сандық есебін, тиісті тіркеу журналын жүргізе отырып жүзеге асырады, сондай-ақ:
      1) олардың саны, құрамы және қозғалысы туралы есептілікті жүзеге асырады;
      2) МТҚҰ-дан шыққан адамдарға:
      ем аяқталған соң;
      қайтыс болуына байланысты материалдар ресімдейді;
      3) құқықтық насихаттауды және салауатты өмір салтына насихаттауды ұйымдастырады.
      27. МТҚҰ-да мәжбүрлеп емдеуде болған адамдардың сырқатнамалары олар шығарылған күннен бастап 25 жыл бойы сақталады.

Туберкулездің жұқпалы түрімен   
ауыратын науқастарды туберкулезге
қарсы мамандандырылған ұйымдарда
мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру   
ережесі және болу режиміне      
қосымша             

ҰСЫНЫМ

______________ туған (туған күні)
_____________________________________________(мекен-жайы) тұратын
азамат(ша)__________________________ (аты-жөні)_____________ бері
__________________________ диагнозымен, диспансерлік есепте тұр.
Ілеспе аурулар __________________________________________________
Ауру анемнезі ___________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Науқас __________________________________________________________
(емделуден бас тарту немесе жалтару фактсін жазыңыз)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
ОДКК қорытындысы __________________________________________
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 107-бабына сәйкес жазылған
Науқасты _______________________________________
                     (аты-жөні)
МТҚҰ-ға мәжбүрлеп емдеуге жіберуді _____________ (мекеменің атауы)

СҰРАЙМЫН

Қосымша: материалдар ________ парақ.

МТҚҰ бас дәрігері
(облыстың, қаланың)                                      (Т.А.Ә.)