Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 791 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5945 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын регламенттеуді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ.Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                 Б. Садықов

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      __________ Г. Әбдіқалықова
      2009 жылғы 30 қараша

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашадағы  
№ 791 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

      Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - Сипаттамалар) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеудің, кадрларды таңдаудың және орналастырудың, оларды пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырудың, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігіне аттестация жүргізудің негізі болып табылады.
      Әр лауазымның біліктілік сипаттамалары мынадай үш бөлімнен тұрады: «Лауазымдық міндеттері», «Білуі керек», «Біліктілікке қойылатын талаптар».

1-бөлім: Медициналық ұйымдар

1-тарау. Басшылардың лауазымдары

§ 1. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы

      Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды  оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның және мемлекеттік басқару органдарының немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;
      облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кем дегенде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;
      аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтау ұйымдарында кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

§ 2. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі)

      Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау ұйымдарының өзіне бағынышты құрылымдық бөлімшелері қызметтерін басқаруды қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылдарын ұйымдастырады. Ұжымның халыққа уақытылы және білікті медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмысын ұйымдастырады. Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметті жоспарлау жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады. Көрсетілген қызмет. сапасын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын медициналық ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкес әрі қарай арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Ұйымның емдеу қызметін талдауды жүзеге асыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Медициналық техниканың ұтымды қолданылуын қамтамасыз етеді. Емдеу және профилактикалық көмекті, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауға оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Халықты санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жөніндегі шараларды жүргізуді жоспарлайды және қамтамасыз етеді. Медициналық кадрлар еңбектерін ұтымды орналастыру мен ұйымдастыруды, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін дамытуды қамтамасыз етеді. Өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құрады, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастырады. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың болашақтағы жоспарын әзірлейді. Өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Еңбек тәртібінің сақталуын, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін, медициналық этиканы дамытуды, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының, еңбек қауіпсіздігі, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді. Статистикалық тіркеу жүргізуді және ұйым қызметі туралы есеп беруді ұйымдастырады.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиена, денсаулық сақтауды басқару жүйелерінің теориялық негізін, халық денсаулығы туралы статистиканы, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, аурулар профилактикасының әдістемелерін, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасын, республиканың, жақын және алыс шетелдердің ғылыми жетістіктерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;
      облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы;
      аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейіні бойынша), мамандығы бойынша екінші/бірінші біліктілік санатының болуы.
      медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

§ 3. Экономикалық жұмыс жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары

      Лауазымдық міндеттері. Ұйымның экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді, жүзеге асырады. Болашақтағы жоспарларын құруға, негізге алынған қажетті негіздемелері мен есептеулері бар жоспарларды әзірлеуге арналған ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметтерін, сондай-ақ шаруашылық қызметті жетілдіруге арналған ұйымдастыру-техникалық шараларды әдістемелік тұрғыда басқару мен үйлестіруді жүзеге асырады. Ұйым қызметінде қаржылық тәртіпті сақтауды, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз. етеді, кешенді экономикалық талдау жүргізуді және қаржылық-шаруашылық нәтижелерін бағалауды ұйымдастырады. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын экономикалық жоспарлауға арналған әдістемелік материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады. Ұйымда қолданылатын жоспарлық, есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізуді және уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді, ұйымның еңбек тиімділігін, қаржылық-шаруашылық дербестігін және экономикалық жауапкершілігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды дайындайды. Өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Ішкі шаруашылық қорларды пайдалануға, жұмыс орындарын аттестациялау мен рационализациялауды жүргізуге арналған іс-шараларды әзірлейді. Қаржы құрылымындағы мамандардың біліктілігін арттырудың болашақтағы жоспарын әзірлейді. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша есеп беруді жүргізуді және уақытында ұсынуды, еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, ұйымды басқарудағы экономикалық әдістерді, жоспарланған жұмысты ұйымдастыруды, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтауды басқару жүйесін, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасын, еңбекке ақы төлеу жүйесін және материалдық ынталандыру нысанын, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары («Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша мамандандырылған экономикалық немесе медициналық) білімнің, денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша магистратураның болуы.

§ 4. Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары

      Лауазымдық міндеттері. Ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Негізге алынған қажетті негіздемелері мен есептеулері бар жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі жағдайын жасауға қатысады. Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға кешенді талдау жүргізуді ұйымдастырады. Ұйымның материалдық, еңбек ресурстарын үнемдеу тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді, ұйымның еңбек тиімділігін, шаруашылық дербестігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды енгізеді. Ішкі шаруашылық қорларды пайдалануға арналған шараларды әзірлейді. Әкімшілік-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы уақытында есеп беруді, ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, құралдардың, жабдықтардың және тетіктердің техникалық пайдаланылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, шаруашылық қызмет көрсету және еңбекті ұйымдастыру мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, жоспарланған жұмысты ұйымдастыруды, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтауды басқару жүйесін, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасын, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары білімнің және денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

§ 5. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бас дәрігер, директор, аға дәрігер, меңгеруші, бастық)

      Лауазымдық міндеттері. Ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылықты жүзеге асырады. Халыққа уақытылы және сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсетуге арналған құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Қабылдаған шешімдері, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға, өмір мен еңбекке қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасауға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға арналған шараларды қабылдайды. Қолданыстағы диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмекті жетілдіруді және жаңа түрін енгізуді, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеуге және бағалауға арналған жұмыстарды ұйымдастырады. Гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелердің, нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуына оперативтік және зертханалық-аспаптық бақылауды ұйымдастырады. Дәрігер кадрлардың біліктілігін арттыруға, олардың кәсіптік білімдерін дамытуға арналған жұмысты қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің қызметін талдауды жүзеге асырады және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдістерін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді. Есеп беруді ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық, сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтауды ұйымдастыру негізін, емдеу-профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастыру негізін, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыруды, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін-бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

§ 6. Бас мейірбике (басшының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары)

      Лауазымдық міндеттері. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің еңбектерін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Орта медициналық қызметкердің дәрігер тағайындауларын орындауын ұйымдастырады және бақылайды. Жұмыс кестесін құруды және орындауды, емдеу-қорғау тәртібінің ережелерін, инфекциялық бақылауды, тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің қызметтік және лауазымдық міндеттерін әзірлеуді, таңу материалдарын, медикаменттерді, соның ішінде улы, наркотикалық, психотроптық заттарды уақытында босатуды, бөлуді және сақтауды жүзеге асырады, олардың шығыстарын есепке алады. Аурухана бөлімшелерінің санитариялық-гигиеналық жағдайын, үй-жайдың (әсіресе, инфекциялық) уақытында және сапалы залалсыздандырылуын бақылайды. Мейірбикелік қызметкердің медициналық құжаттаманы сапалы жүргізуін, бақылауды жүзеге асырады. Орта және кіші қызметкердің біліктілігін арттырудың болашақтағы және ағымдық жоспарларын әзірлейді, мейірбикенің (мейіриенің), акушерлердің кәсіптік қызметтерін бағалайды, оларды біліктілік санатын алу үшін аттестациялауға ұсынады. Халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіруге, еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға байланысты ұсыныстарды жасайды. Есеп берудің ұсынылуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық және ұйымдастыру негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыруды, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

§ 7. Клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі

      Лауазымдық міндеттері. Ұйымның клиникалық (параклиникалық) бөлімшелеріне (бұдан әрі - бөлімше) басшылықты жүзеге асырады. Уақытында және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімше ұжымының жұмысын ұйымдастырады, ұйымының баска бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметіне талдауды жүзеге асырады және сонымен бірге бөлімше қызметін жақсартуға арналған шараларды қабылдайды. Ауруларды емдеудің жаңа нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бөлімшеге науқастарды диагностикалау мен емдеудің жаңа инновациялық технологияларын енгізеді. Дәрігерлерге (сондай-ақ науқастарға) диагностика мен емдеу жөнінде кеңестік көмекті жүзеге асырады. Дәрігермен бірге науқасты емдеудің тактикасын анықтайды. Бөлімшенің дәрігер, орта және кіші қызметкерлердің жұмысын бақылайды. Бөлімшені арнайы құралдармен қамтамасыз етуге арналған шараларды қабылдайды, олардың дұрыс пайдаланылуын бақылайды. Бөлімшенің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жағдай жасайды, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға және дамытуға, сондай-ақ өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасауға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Есеп беруді ұсынуды, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелердің және санитариялық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы принциптері мен негізгі әдістерін, емдеу-профилактикалық және жедел медициналық көмекті, халықты дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерін, әлеуметтік гигиена негіздерін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

§ 8. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі

      Лауазымдық міндеттері. Зертхананы басқарады. Зертхананың тиімді жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылының қамтамасыз етеді. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен бірге жұмыс жоспарын құрады. Жаңа технологиялар мен зерттеу әдістері нарығына маркетингтік зерттеу жүргізеді. Жаңа құрал-жабдықтарды, зертханалық зерттеу және өлшеу әдістемелерін апробациялайды және тәжірибеге енгізеді. Келіп түсетін үлгілерге зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізуді ұйымдастырады және қатысады. Қауіпсіз жұмыс жағдайын ұйымдастырады және зерттелетін материалдың қауіпсіз зерделенуін, патогендігі І-ІV топ қоздырғыштардың қозғалысын, сақталуын және тасымалдануын қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асырады. Жаңа экономикалық басқару әдістерін қолдана отырып, тиімді қаржылық-шаруашылық қызметті, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді, медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Респбликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және тағы басқа физикалық факторларды зерттеу және өлшеу әдістерінің негізін, денсаулық сақтаудағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

§ 9. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі

      Лауазымдық міндеттері. Зертханалық жануарларды асырау мен көбейту жөніндегі басшылықты жүзеге асырады. Виварий жұмысының ағымдық және болашақтағы тақырыптық жоспарларын әзірлейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жануарлардың қажетті түрі мен санын жинақтауды, сақтауды, дұрыс асырауды, қоректендіруді және күтуді ұйымдастырады. Виварийдің тиімді жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, санитариялық-эпидемилогиялық қызмет ұйымдарының басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Виварийдің жұмысын талдайды және оның жетілдіру жөніндегі тиісті шараларды қабылдайды. Зертханалық-диагностикалық зерттеуді жүргізуге қатысады. Виварийде асыралынатын жануарлардың ауруларын, паталогияларын зерделеуді ұйымдастырады. Жаңа экономикалық басқару әдістерін қолдана отырып, тиімді қаржылық-шаруашылық кызметті қамтамасыз етеді. Жаңа технологиялар мен зерттеу әдістері нарығына маркетингтік зерттеу жүргізеді. Жаңа құрал-жабдықтарды, зертханалық зерттеу және өлшеу әдістемелерін апробациялайды және тәжірибеге енгізеді. Зертханалық жануарлар отарындағы эпизоотологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге арналған жұмыстарды ұйымдастырады. Жануарларды асыраудың биоэтикалық ережелерін және зертханадан инфекцияның шығуын болдырмайтын манипуляциялардың эпидемияға қарсы тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді. Зертханалық жануарлар үлгісіне эксперименттер жасауды мүмкіндігінше қысқарту мақсатында эксперименттік жануарларды пайдалану көлемінің негізділігін талдайды. Зертханалық жануарлармен жұмыс істейтін зертхана қызметкерлерінің қауіпсіз жұмыс жағдайын ұйымдастырады. Виварий қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестациялау мәселелерін шешеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді, медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Респбликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, жануартану және аңтану объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық жағдайда ұстау мен пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, зоотехниканың, ветеринарияның, экологияның, генетиканың, жануар топтарын жүйелендірудің негізін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтаудағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, ветиринарлық, биологиялық) білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

2-тарау. Біліктілік деңгейі жоғары мамандардың лауазымдары

§ 1. Учаскелік дәрігер/Жалпы практика дәрігері

      Лауазымдық міндеттері. Аурудың профилактикасын, диагностикасын, емделуін, науқастарды оңалтуды жүзеге асырады. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты емдеу тактикасын анықтайды. Науқасты тексеру жоспарын әзірлейді. Клиникалық қараулар мен тексерулер, анамнез жинау және клинико-зертханалық және аспаптық зерттеулер мәліметтері негізінде диагноз қояды (немесе растайды). Егер ондай таңдау тексеру нәтижелерінде көзделген болса, науқасқа емдеу әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар медициналық мақсаттағы бұйымдар мен құралдарды таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді. Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Емдеу, оңалту, сақтандыру мәселелері бойынша өзге мамандармен және қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Денсаулық орталықтарымен бірге салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды насихаттауға қатысады. Балаларды тамақтандыру, шынықтыру, мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке дайындау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммунопрофилактика мәселелері бойынша кеңес беру қызметін жүзеге асырады. Аурудың және қатерлі факторлардың ерте және жасырын нысандарын анықтауға арналған жұмыстарды жүргізеді, олардың науқасқа әсер етуінің төмендеуіне ықпал етеді. Қажет болған жағдайда, емдеу-профилактикалық ұйымдардың мамандарын тарта отырып диагностикалық, емдеу-сауықтыру және оңалту шаралардың кешенін ұйымдастырады. Жүктілікті диагностикалайды, жүктіліктің ағымын қадағалайды, жүктілердің экстрагениталдық патологияларын анықтайды және емдейді, тууға психопрофилактикалық дайындық жасайды. Жүктілік мен босануға қарсы көрсетімдерді анықтайды, жүктілікті тоқтатуға жолдама береді. Жүктіліктен кейінгі мерзімде және жүктілігін тоқтатқаннан кейін әйелдердің оңалуын жүргізеді. Науқастардың еңбекке қабілетсіз жағдайын анықтайды, оларға медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама береді. Жұмысқа орналасуға, жеңілдетілген еңбек жағдайына ауыстыруға, санаторлық-курорттық емдеуге көрсетімді анықтайды. Бекітілген контингенттің денсаулық жағдайына талдау жүргізеді, медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Практикаға аурудың емі мен профилактикасының жаңа әдістерін енгізеді. Өзіне бағынатын орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, уақытша жұмысқа қабілетсіздік сараптамасы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздерін, аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздерін, медициналық сақтандыру негізін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау саласындағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша сәйкесті маман сертификатының болуы.

§ 2. Ординатор-дәрігер (бейінді маман)

      Лауазымдық міндеттері. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты емдеу тактикасын, тексеру жоспарын анықтайды. Клиникалық қараулар мен тексерулер, анамнез жинау және клинико-зертханалық және аспаптық зерттеулер мәліметтері негізінде диагноз қояды (немесе растайды). Ем тағайындайды және оны бақылайды, қажетті диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық процедуралар мен шараларды ұйымдастырады және өз бетінше жүргізеді. Егер ондай таңдау тексеру нәтижелерінде көзделген болса, науқасқа емдеу әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар медициналық мақсаттағы бұйымдар мен құралдарды таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді. Стационарда науқасқа күн сайын қарау жүргізеді. Науқастың жағдайына байланысты емдеу жоспарына өзгеріс енгізеді және қосымша тексеру әдістерінің қажеттілігін анықтайды. Диагностикалық және емдеу процедураларын жүргізудің, аспаптар мен жабдықтарды пайдаланудың дұрыстығын бақылайды. Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Өз мамандығы бойынша басқа бөлімшелердің дәрігерлеріне кеңестік көмек береді. Емдеу, оңалту мәселелері бойынша өзге мамандармен және қызметтермен жұмыс істейді. Практикаға аурудың емі мен профилактикасының жаңа әдістерін енгізеді. Өзіне бағынатын орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік және эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды. Халық үшін санитариялық ағартуды ұйымдастырады және жүргізеді және салауатты өмір салтын насихаттайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, уақытша жұмысқа қабілетсіздік сараптамасы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздерін, бейіні бойынша қызметті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін, аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздерін, медициналық сақтандыру негізін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау саласындағы өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша сәйкесті маман сертификатының болуы.

§ 3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері

      Лауазымдық міндеттері. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады. Қоршаған ортаның факторларын бақылаудың және инфекциялық және паразитарлық аурулар диагностикасының заманауи зертханалық және аспаптық әдістерін қолдана отырып объектілерге тексеру жүргізеді. Адамның өмір сүру ортасы объектілеріне зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізуді ұйымдастырады. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулар мәліметтерін тіркеуді және статистикалық өңдеуді қамтамасыз етеді, профилактикалық егуді жүргізуді жоспарлауға және бақылауға қатысады. Санитариялық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды жүргізуді ұйымдастырады. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдаудың заманауи әдістерін қолданады, халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі факторларды анықтайды, ауру профилактикасының басым бағыттарын анықтайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік және санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық физикалық факторларды зерттеу және өлшеу әдістерін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімнің болуы.

§ 4. Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (маманы) (эпидемиолог, статистик, әдіскер)

      Лауазымдық міндеттері. Халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін есептейді және бағалайды. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемін, түрін және нысанын талдайды. Медициналық көмектің көптеген түрлерін дамытуды жоспарлайды. Халық арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болу және таралу себептері мен қауіп факторларын бағалайды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды, ауруға ағымдық және ретроспективті эпидемиологиялық талдауды әзірлейді және жүргізеді. Халық (қоғам) денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған әлеуметтік-профилактикалық бағыттылықты анықтайды. Оқу-тәрбиелік өмір сүру ортасының факторларының әсеріне байланысты балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен денесінің дамуын бағалайды. Халық денсаулығы жағдайына әсер ететін негізгі факторларды анықтайды, ауру профилактикасының басым бағыттарын белгілейді, халық арасында профилактикалық шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады. Сауықтыру шараларын әзірлейді және жүргізеді, салауатты өмір салтын сақтауды, дұрыс тамақтануды насихаттайды. Денсаулық сақтау ұйымы қызметінің соңғы нәтижелерін бағалайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Респбликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтаудағы статистикалық және әдістемелік талдау әдістерін, таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік қызметінің принциптерін (ұйымдастырушылық, кеңес берушілік, профилактикалық), әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін; халық денсаулығы туралы статистиканы, халық денсаулығы жағдайын бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, статистикалық талдау әдістемелерін және әлеуметтік зерттеу әдістерін, нарықтағы медициналық қызмет конъюнктурасын, денсаулық сақтау саласының құрылымы мен негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлаудың (біліктілікті арттырудың) болуы.

§ 5. Сарапшы-дәрігер

      Лауазымдық міндеттері. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына сараптама жүргізеді. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес орындалуын бақылайды. Емдеу-диагностикалық шаралардың стандарттарға сәйкес келуіне ретроспективтік талдау жасайды, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек сапасын басқаруға арналған бағдарламаларды әзірлейді. Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Халыққа қызмет көрсететін инновациялық технологияларды енгізеді. Талдау нәтижелерінің негізінде халыққа көрсетілген медициналық қызмет сапасының деңгейін зерделейді, науқастардың мәселелерін (шағымдарын) өз орнында шешеді. Медициналық құжаттаманың уақытылы және сапалы рәсімделуін қамтамасыз етеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, халық денсаулығы туралы статистиканы, халық денсаулығы жағдайын бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, нарықтағы медициналық қызмет конъюнктурасын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, сәйкесті мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

§ 6. Сот-медициналық сарапшы-дәрігер

      Лауазымдық міндеттері. Барлық ұсынылған сараптамалық зерттеу объектілеріне білікті сот-медициналық сараптаманы (бұдан әрі - сараптама) заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып жүзеге асырады. Жүргізілетін сараптаманың түрін анықтайды. Мәйітке, мәйіт материалдарына, денсаулыққа келтірілген зиянды белгілеу және еңбекке қабілетсіздіктің жоғалған пайызын анықтау үшін тірі адамдарға, жыныстық қылмыстарда, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық іс материалдарына, медициналық қызметкелердің кәсіптік қызметтері туралы іске, медициналық құжаттамаларға сот-медициналық сараптама және басқа да сараптама бөлімшелерінің бейінді жұмыстары жөніндегі сараптамалық қызмет түрін жүргізеді. Ішкі істер органдарының, прокуратура және сот органдарының қызметкерлеріне кеңестік көмек береді. Арнайы құзырының шегінде зерттеудің заңдылық, тәуелсіздік, объективтілік және толықтық принциптеріне сүйенген сот-медициналық сараптаманы жүргізе отырып, сот-құқықтық практикада кездесетін медициналық-биологиялық сипаттағы мәселелерді шешеді. Жүргізілген зерттеулерге байланысты алдарына қойған мәселелері бойынша ғылыми негізделген, дәлелдер келтірілген және объективті қорытынды береді. Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Аспаптарды, құрал-жабдықтарды пайдаланудың дұрыстығын, реактивтердің ұтымды қолданылуын қамтамасыз етеді. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысына басшылық жасайды. Практикада зерттеудің жаңа әдістерін қолданады. Сот-медициналық сараптаманы жүргізу кезінде белгілі болған мәліметтерді жария етпейді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негіздерін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, сот-медициналык сараптау өндірісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сот-медициналық сараптаманы жүргізудің заманауи әдістерін және оны ұйымдастыруды, денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығын белгілеу ережесін, мәйітке, жәбірленушіге, кінәліге және басқа тұлғаларға сараптама жүргізудің тәртібі мен кезектілігін, жыныстық қылмыс кезінде сараптама жүргізудің әдістемесі мен принциптерін, зерттеудің физиологиялық, клиникалық, физикалық, химиялық әдістерін, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібін, сарапшы қорытындысын, өлім туралы дәрігерлік куәлікті рәсімдеу тәртібін, сот-медициналық сараптама қызметін жоспарлау және есеп беру принциптерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 7. Медициналық психолог

      Лауазымдық міндеттері. Психикалық денсаулықты қалпына келтіруге және науқастардың тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзетуге бағытталған жұмыстарды жүргізеді. Науқас тұлғасының үйлесімді дамуына кедергі келтіретін немесе оған қиындық туғызатын жағдайларды анықтайды. Психопрофилактикалық, психокоррекциялық, психологиялық кеңес беру шараларын жүзеге асыра отырып, науқастардың, олардың туыстарының және медициналық қызметкерлердің тұлғалық, кәсіптік және тұрмыстық мәселелерді шешуіне көмектеседі. Негізінде патопсихологиялық тетіктер мен патогендік мінез-құлық стереотиптері жататын психикалық бұзылыстардың қауіп факторлары бар тұлғаларға ерекше көңіл бөле отырып, психодиагностикалық зерттеулер мен диагностикалық бақылауларды жүргізеді. Емдейтін дәрігермен бірге жеке басына, жынысына және жасына қатысты факторларды ескере отырып, дамытушы және психокоррекциялық бағдарламаларды әзірлейді. Медициналық әлеуметтік психология саласындағы медициналық қызметкерлерді оқыту жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Жүргізілетін психологиялық, емдік және профилактикалық шаралардың тиімділігін бағалайды. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жалпы психологияны, тұлғалық психологияны және медициналық психологияны, психотерапияны, психологиялық-педагогикалық ғылым мен практиканың заманауи жетістіктерін, белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қатынас жасау тренингілерінің әдістерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, психологиялық, педагогикалық) білімнің және медициналық психология бойынша біліктілікті арттырудың болуы.

§ 8. Денсаулық сақтаудағы сарапшы (маман)

      Лауазымдық қызметтері. Заттық айғақтардың өзіне тапсырылған сот-медициналық сараптамасын, соның ішінде мәйіт материалдарын зерттеуді, сараптамалық бөлімше жұмысының бейіні бойынша зертханалық сараптамалық қызметті жүргізеді. Зерттеулер жүргізу және әзірлеу кезінде зертханалық талдауды, сынауды, өлшеуді, фотографиялық және физикалық зерттеу әдістерін орындайды. Зертханалық жабдықтар жағдайының дұрыстығын бақылайды (оны нұсқаулық пен техникалық құжаттамаларға сәйкес тексереді және күйін келтіреді), зерттеу жүргізу үшін реактивтер мен химиялық ыдыстарды дайындайды, ішкі істер, прокуратура және сот органдарының қызметкерлеріне кеңестік көмек береді. Арнайы құзырының шегінде зерттеудің заңдылық, тәуелсіздік, объективтілік және толықтық принциптеріне сүйенген сот-медициналық сараптаманы жүргізе отырып, сот-құқықтық практикада кездесетін медициналық-биологиялық сипаттағы мәселелерді шешеді. Жүргізілген зерттеулерге байланысты алдарына қойған мәселелері бойынша ғылыми негізделген, дәлелдер келтірілген және объективті қорытынды береді. Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Практикада зерттеудің жаңа және ұсынылған әдістерін қолданады. Өз біліктілігінің және теориялық білімдерінің деңгейін үнемі арттырады. Сот-медициналық сараптаманы жүргізу кезінде белгілі болған мәліметтерді жария етпейді. Медициналық құжаттамаларды уақытылы және сапалы толтыруды қамтамасыз етеді. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысына басшылық жасайды. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техниканы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексі негіздерін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, зерттеудің клиникалық, серологиялық, физикалық, химиялық әдістерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, биологиялық, химиялық, фармацевтикалық, физика-математикалық) білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың болуы.

§ 9. Зертхана маманы

      Лауазымдық міндеттері. Зерттеулер мен әзірлеулер жүргізу кезінде зертханалық талдауды, сынауды, өлшеуді орындайды. Зертханалық жабдықтар жағдайының дұрыстығын бақылайды (оны тексереді және күйін келтіреді), зерттеу жүргізу үшін реактивтерді, қоректік орталарды және химиялық ыдыстарды дайындайды. Материалдарды жинау мен өңдеуге қатысады, қажетті дайындық және қосымша операцияларды жүзеге асырады, бақылау жүргізеді, аспап көрсеткішін жазып алады, талдау, өлшеу нәтижелерін әдістемелік құжаттамаға сәйкес өңдейді, жүйелендіреді және рәсімдейді, оларды тіркеуді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, санитариялық-микробиологиялық зерттеу және ішкі аурулар негіздерін, негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасын, жалпыклиникалық, биохимиялық, гемотологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеу әдістері мен техникасын, бақылау-өлшеу құрылғысын және оны қолдану ережесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, биологиялық, химиялық, химия-биологиялық, фармацевтикалық, физика-математикалық) білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың болуы.

§ 10. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог/эпизоотолог, энтомолог)

      Лауазымдық міндеттері. Аумаққа эпизоотологиялық және зоологиялық-паразитологиялық тексеру ұйымдастырады, профилактикалық (дератизация, дезинсекция) шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Тексеріліп отырған аумақтағы паразитарлық және трансмиссиялық аурулардың тасымалдаушыларына қарсы күрес шараларының мақсатты бағдарламасын әзірлейді. Эпидемиологиялық ұсыныстарды әзірлеу үшін эпизоотологиялық үдерістің даму динамикасын талдаудағы мәліметтерді ұсынады. Табиғи-ошақтық аурулардың тасымалдаушылары мен алып жүрушілерінің негізгі түрлеріне сараптамалық анықтау жүргізеді. Трансмиссиялық және паразитарлық инфекцияларды анықтауға, тексеруге және жоюға қатысады. Қоршаған орта факторларын бақылаудың заманауи зертханалық және аспаптық әдістерін қолдана отырып, санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың мәліметтерін тізімдейді, тіркейді және статистикалық тұрғыда өңдейді. Заманауи технологияларды, өлшеу және талдау аспаптарын қолдана отырып, зертхана бейініне сәйкес клиникалық  және санитариялық-гигиеналық зерттеулерді жүргізеді. Талдау және диагностикалық дәлдігі өте жоғары зертханалық зерттеудің жаңа әдістерін меңгереді және енгізеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижелерін талдайды, оларды тіркейді, қажетті есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Шұғыл жағдайларда көмек көрсетеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және эпидемиология саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, санитариялық-эпидемиологиялық бағалау негіздерін, принциптерін және әдістерін, жабайы және синантропты жануарлардың жүйесі мен экологиясын, зертханалық қызметті ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары биологиялық білімнің болуы.

§ 11. Қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер)

      Лауазымдық міндеттері. Халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін есептейді және бағалайды. Халыққа көрсетілген медициналық көмектің көлемін, түрлерін және нысандарын талдайды. Медициналық көмектің бірнеше түрлерін дамытуды жоспарлайды. Халық арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болуы мен таралуының себептері мен қауіп факторларын бағалайды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды, аурудың ағымдық және ретроспективтік эпидемиологиялық талдауын әзірлейді. Статистикалық есептердің бірнеше түрлерін жасау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Статистикалық мәліметтер негізінде ақпараттық-талдау анықтамасын жасайды. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің соңғы нәтижелерін бағалайды. Көрнекі үгіттеуді және салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттауды жүргізеді. Сауықтыру шараларын әзірлейді және жүргізеді. Статистикалық талдау мен әлеуметтік зерттеу әдістерін жүргізеді. Медициналық құжаттамаларды рәсімдеуді қамтамасыз етеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық негіздерін, принциптерін және әдістерін, денсаулық сақтау саласындағы басқару жүйелерін, халық денсаулығы туралы статистиканы, денсаулық сақтаудағы өлшемдер мен көрсетіштерді, нарықтағы медициналық қызмет конъюнктурасын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары кәсіптік білімнің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлаудың (біліктілікті арттыру) болуы.

§ 12. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

      Лауазымдық міндеттері. Әлеуметтік жағдайдың және тұтынушының әлеуметтік қызметке мұқтаждығының жалпы диагностикасын жүргізеді, әлеуметтік қызмет жинағын анықтайды. Халықты арнайы әлеуметтік қызметтің арнайы түрлері туралы ақпараттандырады. Мәселелерін өз бетінше шеше білуді дамытуға арналған көмекті жүзеге асырады, науқастарды әлеуметтік сауықтыру үдерісіне қатыстырады. Әлеуметтік қызмет жөніндегі тіркеу және есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызбастыларға, қарттарға, мүгедектерге, созылмалы ауруы бар науқастарға көмекті, сонымен бірге күтуді, интернат-үйлерге орналастыруды, протездеуді, қозғалу құралдарын және оңалтудың техникалық құралдарын алуды ұйымдастыру, психотерапиялық жұмысты науқаспен, сондай-ақ отбасы мүшелерімен ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарға қатысады. Қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылына, үйлестірілуге және ынтымақтастыққа арналған жұмысты ұйымдастырады, еріктілер қозғалысын дамытады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Неке және отбасы туралы»«Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (медициналық, әлеуметтік, әлеуметтанулық, педагогикалық) білімнің және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлаудың (біліктілікті арттыру) болуы.

3-тарау. Біліктілік деңгейі орта мамандардың лауазымдары

§ 1. Аға мейірбике/мейірие (аға фельдшер, аға акушер)

      Лауазымдық міндеттері. Орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастырады және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды. Бөлімшені дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуді, бөлімшедегі мүлік пен медициналық заттардың сақталуын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың уақытында жөнделуін, бөлімшедегі науқастардың тамақтануын ұйымдастырады, қатты әсер ететін, улы, наркотикалық, психотроптық медикаменттер мен прекурсорларды бақылауды, есепке алуды және сақтауды, бөлімше қызметкерлерінің еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы, асептика мен антисептика ережелерін сақтауын, орта медицина қызметкерлерінің дәрігер тағайындауын уақытында және нақты орындауын, жаңа түскен науқастарды санитариялық өңдеуді, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды, үй-жайдағы санитариялық-гигиеналық жағдайды жүзеге асырады. Емдеу-профилактикалық, санитариялық-профилактикалық, дәрігерге дейінгі көмекті, сонымен бірге жүкті әйелдерге және нәрестелерге көрсетеді, дәрігерге хирургиялық манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды, шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жүктілер мен босанатындарға диспансеризациялау мен патронаж жүргізуді ұйымдастырады. Зертханалық зерттеуді, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдеу-диагностикалық ұйымды ұйымдастыру құрылымын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Еңбек өтіліне талап қойылмайтын жоғары медициналық (мейірбикелік) білімнің немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің және мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің, мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 2. Фельдшер

      Лауазымдық міндеттері. Жедел аурулар мен апатты жағдайлар кезінде емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық, жедел медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Учаске халқын дербес есепке алады, учаскедегі өз жұмысын жоспарлайды. Науқастарды маман дәрігерлерге көрінуге және кеңес алуға дайындайды. Амбулаторлық қабылдауды жүргізеді және науқастарға үйде қызмет көрсетеді. Аурудың диагностикасын, емін, профилактикасын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, дәрігерге манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Геморрагиялық синдромды зерттеу әдістерін, бактериологиялық және серологиялық зерттеу техникаларын пайдалана отырып, қанның, асқазан ішіндегісінің, жұлын-ми сұйығының биологиялық материалдарын микроскопиялық және макроскопиялық химиялық зерттеуді және жинауды, бөліндіні зерттеуді, гельминттік-овоскопиялық зерттеуді жүргізеді. Зертханалық жабдық жағдайының дұрыстығын бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс жасалған материалдарды залалсыздандыру ережелерін, еңбекке жарамсыздықты сараптау негіздерін, санитариялық-эпидемияға қарсы тәртіптің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық (мейірбикелік) білімнің немесе «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, «Фельдшер» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 3. Зертханашы

      Лауазымдық міндеттері. Зертханалық зерттеулерді дәрігердің басшылығымен жүргізеді және өзі оларды жүргізу үшін зертханалық құралды, реактивтерді, химиялық ыдыстарды, қоректік орталарды, бояйтын және зарарсыздандыратын ертіндінділерді дайындайды. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалдарды қабылдайды және тіркейді, оның қорабының және мерзімінің қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалдың жарамдылығын, ілеспе құжатының дұрыс рәсімделуін тексереді. Құралдарды, қоректік орталарды, реактивтерді, бояйтын және зарарсыздандыратын ертіндінділерді градустауға арналған стандартты және жұмыс ертінділерін дайындайды. Зертханалық аспап пен ыдыстарды стерилдейді. Зерттеу нәтижелерін дәрігерге береді. Жүргізілетін зерттеуге байланысты әртүрлі есептеу және кестелік жұмыстарды орындайды. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасын, санитариялық- микробиологиялық зертеулердің негізін; жалпы клиникалық, биохимиялық, гемотологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеу әдістерін, зертханалық құрылғыны қолдана отырып, зертханалық зертеулерді жүргізу техникасын, зертханалық жабдықты, бақылау-өлшеу құрылғысын пайдалану ережесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, орта фармацевтикалық білімнің және «Зертханалық іс» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 4. Санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігердің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы)

      Лауазымдық міндеттері. Санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды жүргізеді. Материалдарды жинау мен өңдеуге қатысады. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін тамақ өнімдерінен, тауарлардан, бұйымдардан, құрылыс материалдарынан, кең қолданыстағы тауарлардан, токсиндік, радиоактивтік және биологиялық заттардан, ауыз судан, ағынды сулардан, топырақтардан сынаулар ала отырып, объектілер мен эпидемия көздеріне санитариялық-эпидемиологиялық, зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізеді. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаумен бірге жүретін зертханалық зерттеулер, сынақтарды, өлшеулерді жүргізеді. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың мәліметтерін тіркейді, есепке алады және статистикалық өңдеуден өткізеді. Зертханалық жабдықтар жағдайының дұрыстығын қадағалайды. Зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшемдерді жүргізу үшін жабдықтарды дайындайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің болуы.

§ 5. Учаскелік мейірбике (мейірие)/жалпы практика мейірбикесі (мейіриесі)

      Лауазымдық міндеттері. Амбулаториялық қабылдау жасайды. Науқастың мейірбикелік көмекке мұқтаждығын бағалайды (мейірбикелік диагноз), тексеру, емдеу, науқастарды күту жоспарын құрады, жағдайдың, емдеу тиімділігінің динамикасын бағалайды, динамиканы ауру тарихына тіркейді, науқастарға күнделікті қарауды жүргізеді. Науқасты күтуді емдеу-профилактикалық ұйымдарда және үйде (патронаж) жүзеге асырады. Азаматтарға, сонымен қатар қысылтаяң жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді. Зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, бөлімшеде дәрілік заттар шығыстарын бақылауды жүзеге асырады, дәрілік заттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді. Дәрігердің тағайындауларын орындауды қамтамасыз етеді. Науқастарға күтім жасауды, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге дайындайды, электрокардиографияға түсіреді. Науқастар мен оның туыстарының арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін,- еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандығы бойынша жоғары медициналық (мейірбикелік) немесе орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімнің, «Учаскелік мейірбике» немесе «Жалпы практика мейірбикесі» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 6. Мейірбике (мейірие) (мамандандырылған)

      Лауазымдық міндеттері. Науқастың мейірбикелік көмекке мұқтаждығын бағалайды, жағдайдың динамикасын, емдеу тиімділігін бағалайды. Алғашқы медициналық көмек, сонымен қатар қысылтаяң жағдайларда дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативтік медициналық көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, медициналық аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады. Дәрігер тағайындауларын дұрыс орындауды қамтамасыз етеді. Әртүрлі жастағы және әртүрлі патологиясы бар науқастарға күтім жасаудың бүкіл кешенді шараларын, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге, операцияларға дайындайды, электрокардиограмма жасайды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға арналған талаптарды рәсімдейді, олардың пайдаланылуы мен сақталуын бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарға арнайы күтім жасауды жүзеге асырады. Халыққа салауатты өмір салтын насихаттайды және санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жұмысын жүргізеді. Медициналық этиканы, бекітілген графикті, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандығы бойынша жоғары медициналық (мейірбикелік) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, сәйкесті мамандық бойынша маман сертификатының болуы.

§ 7. Акушер

      Лауазымдық міндеттері. Амбулаторлық қабылдау жүргізеді, медициналық құжаттаманы толтырады және рәсімдейді. Тексеру жүргізеді, жүктілік мерзімін қояды, жүктілікті анықтайды, оны қауіп топтары бойынша саралайды. Жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарға дәрігерге дейінгі медициналық, шұғыл акушериялық және гинекологиялық, жаңа туған нәрестеге шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Жүкті және үйде босанып қалған әйелдерге диспансерлеу және патронаж, әйелдерді профилактикалық тексеру және әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Босануларды қабылдайды, жаңа туған нәрестені тазалайды. Жаңа туған нәрестенің алғашқы жылындағы денсаулығы мен дамуының жағдайын бақылайды. Шағын акушерлік және гинекологиялық операциялар кезінде көмек көрсетеді. Әйелдің репродуктивтік денсаулығын қорғау жөніндегі жұмыстарды, төспен тамақтандырудың профилактикасын жүргізеді. Патологиялық ағымды босану мен босанудан кейінгі кезең жағдайының ауырлығын бағалайды. Ем тағайындайды және жасайды, медициналық манипуляцияларды орындайды. Жедел аурулар мен апатты жағдайлар кезінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді. Зәрді ақуызға талдау, қан тобын, резус-факторды, гемоглобин мен эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтауға арналған зерттеулерді, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша профилактикалық және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді, отбасын жоспарлау бойынша кеңестер  береді. Жатыр ішілік контрацептивасы бар әйелдерге диспансерлік бақылауды қамтамасыз етеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, босану ағымдарын және олардың нұсқаларын, асқынған кездегі жүктілікті емдеуді, асептика және антисептика ережелерін, босандыратын мекемелердің санитариялық-эпидемияға қарсы тәртібін, ана мен бала денсаулығын қорғаудың негізгі принциптерін, жүктілерді және гинекологиялық науқастарды диспансерлік бақылау әдістерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі» немесе «Акушериялық іс» мамандығы бойынша жоғары медициналық (мейірбикелік) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, «Акушер» мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 8. Емдәм мейірбикесі

      Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау ұйымдарында дұрыс емдік тамақтануды қамтамасыз етеді, күнделікті мәзірді, тағамдар картотекасын, мәзір-жайып салуды жасайды, емдік тағамды дайындау кезінде нұсқаулықтың сақталуын, науқастарға тамақты босатудың тәртібін, әкелінетін азық-түліктерді қабылдауды бақылайды. Рационның химиялық құрамы мен нәрлілігіне жүйелі түрде бақылау жасап отырады, тамақтарды зертханалық зерттеулерге жібереді, дайындалған тамақтың сапасына жауап береді. Тағамдық блоктағы санитариялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Бағынуындағы орта және кіші медициналық персоналдың еңбегін ұйымдастырады. Қызметкерлердің жүйелі түрде медициналық тексеруден өтуін бақылайды, тағамдық блоктағы техникалық және қызмет көрсетуші қызметкерлер арасында техникалық минимумның өткізілуін ұйымдастырады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдік тамақтанудың негізгі принциптері мен ұйымдастырудың жалпы мәселелерін, диетологияның негізін, тамақ дайындау технологиясын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс», «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша жоғары медициналық (мейірбикелік) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың болуы.

§ 9. Нұсқаушы-дезинфектор

      Лауазымдық міндеттері. Залалсыздандыру шараларын жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады және орындайды, оның жеке заттарға дезинсекция, залалсыздандыру және дератизация жүргізу көлемін, әдістері мен құралдарын анықтайды. Залалсыздандыру бригадасына жетекшілік етеді және қорытынды және профилактикалық залалсыздандыру жүргізуге қатысады. Залалсыздандыру ерітінділерін дайындауды, қолдануды, жабдықтарды, мүліктерді қолдануды, жүргізілген залалсыздандырудың сапасын, залалсыздандырушылардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылайды. Залалсыздандыру, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстарды орындау кезінде әдістеменің сақталуын бақылайды. Залалсыздандыру жұмысын жүргізу құжатын рәсімдейді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, залалсыздандыру жабдығын пайдалану ережесін, жеке қорғану заттарын қолдану және улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету ережелерін, залалсыздандырғыш дәрілердің номенклатурасы мен шығыстық нормаларын, оларды сақтау және тасымалдау жағдайларын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, сәйкесті бейін бойынша біліктілікті арттырудың болуы.

§ 10. Оптик және оптикометрист

      Лауазымдық міндеттері. Заманауи офтольмологиялық-диагностикалық жабдықтарды пайдалана отырып науқастардың көру қызметін зерттеуді жүзеге асырады: көру өткірлігін, периметриясын, рефрактометриясын, офтольмометриясын, биомикроскопиясын, тонометриясын тексеруді жүргізеді. Бинокулярлық көруді зерттейді, аметропияның түрі мен дәрежесін, астигматизмнің болуын анықтайды. Көру мүшесі ауруларының негізгі белгілерін диагностикалайды. Көруді түзету құралдарын таңдайды. Оларды күтуге арналған жеке ұсыныстар береді. Жедел аурулар және көру мүшесінің зақымдалуы (соның ішінде көз коньюктивасының беткейіндегі бөгде денелерді алу) кезінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді. Қаралушы тұлғалар арасынан офтальмолог-дәрігердің көру қызметін күрделі түзетуіне және емдеуіне мұқтаждарын анықтайды, оларды дәрігер-офтальмологқа жібереді. Көзілдіріктік оптика бұйымдарына өтінімді анықтауға қатысады. Есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізеді. Халық арасында гигиеналық тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, геометриялық оптиканың негізгі түсінігі мен заңдарын, көру органы ауруларының себептерін, негізгі белгілерін және диагностикалау әдістерін, шұғыл жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі әдістерін, көру қызметін түзететін заманауи материалдарды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. «Медициналық оптика» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің болуы.

§ 11. Тіс дәрігері (дантист)

      Лауазымдық міндеттері. Атқаратын лауазым бейініне сәйкес тіс, ауыз қуысы және жақ-бет аймағының аурулары мен зақымдануларын диагностикалау мен емдеуді жүзеге асырады. Тіс аурулары мен зақымдануларының профилактикасы, балалар мен ересектер ауыз қуысы санациясы бойынша жұмыстарды жүргізеді. Қажетті есеп беру-есепке алу құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, тіс протездеу түрлері мен әдістерін, протездік материалмен жұмыс істеу ерекшеліктерін, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ережелерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. «Стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 12. Стоматологтың көмекшісі (тіс гигиенисті)

      Лауазымдық міндеттері. Тіс жегіні, қызыл иек ауруларын, жегілік емес зақымдануларды, кілегейлі қабық ауруларын диагностикалауды және науқастың стоматологиялық дәрежесін тіркеуді жүзеге асырады. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайын анықтайды және науқасты тіс тазарту әдістеріне үйретеді, балалар мен ересектерге арналған гигиеналық құралдарды таңдау, ортодонтикалық және ортопедиялық конструкцияларды күту жөнінде жеке ұсыныс береді. Профилактикалық процедураларды (тістерді фторлакпен және фторгелмен жабуды, реминералдайтын ерітінділермен шайқау және аппликацияны, тіс саңылауларын герметизациялауды, қызыл иек үстіндегі және астындағы тіс шөгінділерін алуды, пародонталдық аппликация), халықтың стоматологиялық денсаулығын сақтауға және ауыз қуысын дұрыс күту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған гигиеналық шараларды жүзеге асырады. Стоматологиялық аурулардың жеке профилактикасының бағдарламаларын жасайды және іске асырады. Ұйымдастырылған балалар ұжымындағы балалардың негізгі стоматологиялық ауруларының профилактикасын, халықтың түрлі жастағы топтары, медициналық қызметкерлер, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, мұғалімдер, ата-аналар арасында стоматологиялық ағартуды, стоматологиялық аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша халыққа сауалнама жүргізеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Тіс, ауыз қуысы және жақ-бет аймағының аурулары мен зақымдануларын диагностикалау мен емдеуде стоматолог-дәрігерге көмекті жүзеге асырады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, халықты диспансерлеу принциптерін, тіс жегі мен қызылиек ауруларының, ауыз қуысының гигиеналық жағдайының қарқындылығын тіркеу индексін, ауыз қуысының жеке және кәсіптік гигиенасының әдістері мен құралдарын, халықты стоматологиялық ағарту әдістерін, тіс, ауыз қуысы, жақ-бет аймағы аурулары мен зақымдануларын диагностикалаудың, емдеудің заманауи әдістерін, аспаптарды стерильдеу әдістерін, стоматологиялық көмекті ұйымдастыру негізін, тісті протездеу түрлері мен әдістерін және протездік материалмен жұмыс істеу ерекшеліктерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. «Стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.

§ 13. Тіс технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы)

      Лауазымдық міндеттері. Тіс протездерін, жасанды сауыттарды, сонымен бірге металлокерамикалық, штифтовтык тістердің қарапайым конструкцияларын, көпір тәрізді, бюгелдік және алынбалы пластинкалық протездерді, ортодонтикалық жақ-беттік конструкцияларды дайындайды. Әртүрлі материалдардан жұмыс үлгісінің таңбасын түсіреді және жасайды. Бөлшектерді, протездерді және құрылғыларды дәнекерлеуді, қорытуды, күйдіруді, ағартуды, жылтыратуды, өңдеуді жүргізеді. Бөлімшені (кабинетті) медициналық аспаптармен, медикаменттермен және материалдармен жүйелі түрде толықтырады, бөлімшедегі дүниелер мен медициналық мүліктердің сақталуын және жабдықтардың уақытында жөнделуін, күшті әсер етуші, улы, наркотикалық және психотроптық дәрілік заттарды есепке алудың және сақтаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Асептика және антисептика ережелерін орындауды және стоматолог-дәрігердің тапсырмаларын толық орындауды, тіс протездеуге арналған жұмыстарды орындауды қамтамасыз етеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, медициналық стоматологиялық көмектің негіздерін, тіс техникалық зертхана өндірісін ұйымдастыруды, тіс протездеу техникасында қолданылатын негізгі материалдарды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің болуы.

§ 14 Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы

      Лауазымдық міндеттері. Емдік дене шынықтыру сабақтарын жүргізуге арналған үй-жайды, жаттығу заттары мен снарядтарын дайындайды. Науқастардың жағдайын сабаққа дейін және сабақтан кейін бақылайды. Сабақты науқастармен бірге хауыздарда және механотерапиялық құрылғыларда жүргізеді. Дәрігердің тағайындауы бойынша емдік массаждың жекелеген түрлерін жүргізеді. Емдік дене шынықтыру дәрігерімен бірге емдік жаттығу схемалары мен дене шынықтыру кешендерін әзірлейді. Жеке және топтық емдеу және гигиеналық жаттығу сабақтарын жүргізуді жүзеге асырады, дене жүктемесі мен қызметтік сынау, адамның дене дамуын, физикалық жұмысқа қабілеттілігін, емдік дене шынықтырумен айналысу кезіндегі сыртқы тыныс алу, жүрек-қантамыр, жүйке-бұлшық ет аппараты қызметін бағалауды жүргізеді. Емдік дене шынықтырудың топтық және жеке сабақтарына арналған залдардың жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, организмнің анатомиясының, физиологиясының және патафизиологиясының негізін; жастық физиологияны, әртүрлі аурулары бар науқастар үшін емдік дене шынықтыру сабағын өткізу әдістемесін, емдік дене шынықтыру сабағын өткізуге көрсетімдер мен қарсы көрсетімдерді, емдік массажды жүргізу негізін, массаждың түрі мен типтерін, сабақ жүргізу кезіндегі жеке гигиена ережелерін, санитариялық-гигиеналық нормаларды, емдік дене шынықтыруды жүргізу кезіндегі мүмкін болатын асқынуларды, олардың алдын-алу және жою шараларын, еңбек туралы заңнамаларды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық немесе дене шынықтыру жөніндегі білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың болуы.

4-тарау. Басқа қызметкерлер

§ 1. Медициналық тіркеуші

      Лауазымдық міндеттері. Емдеу ұйымына медициналық көмек үшін қаралған науқасты тіркеуді жүргізеді. Медициналық карталарды сақтауды және емханадағы дәрігер кабинетіне немесе стационардың бөлімшесіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Ай сайын ұйымның медициналық статистигіне есеп береді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдеу-профилактикалық ұйымдардағы статистикалық есепке алуды ұйымдастыруды, біріншілікті құжаттамалармен жұмыс істеу ережелерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің немесе жалпы орта білімнің және еңбек өтіліне талап қойылмайтын ең кемі 3 айлық жеке оқудың болуы.

§ 2 Кіші мейірбике (мейірие) (мейірбикенің (мейіриенің) көмекшісі)

      Лауазымдық міндеттері. Өз қызметтерін мейірбикенің жетекшілігімен атқарады. Науқастың психикалық-физиологиялық жағдайын, ем мен процедураларға реакциясын бағалайды және тіркейді. Науқастарға емдеу-профилактикалық ұйымында және үйінде күтімді жүзеге асырады, науқас жағдайын бақылайды және бағалайды. Алғашқы, дәрігерге дейінгі, паллиативтік көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды жүзеге асырады. Аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады. Науқастарды күтуге арналған іс-шаралардың барлық кешенін, дәрілік заттарды организмге енгізуді жүзеге асырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Науқастардың, үй-жайдың тазалығын қамтамасыз етеді. Науқастарды күту заттарын дұрыс пайдалану мен сақтауды бақылайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (медициналық) білімнің болуы.

§ 3. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер

      Лауазымдық міндеттері. Өз қызметін денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның жетекшілігімен жүзеге асырады. Науқасқа емдеу-профилактикалық ұйымда және үйде күтімді жүзеге асырады, науқастың жағдайын бақылайды. Әлеуметтік қызмет жөніндегі есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Науқасты медициналық және психологиялық емдеуге ықпал етеді. Егер ауруханаға орналастырылған болса, науқастың жаңа орта жағдайына немесе асқынулар дамып, аурудың белгілері күшейгендегі жаңа жағдайға бейімделуіне көмектеседі. Науқасты әлеуметтік қолдау (сұрауларды, заңдық құжаттарды рәсімдеу, медициналық-әлеуметтік сараптамаға, қарттар үйіне және мүгедектікке жолдаманы рәсімдеуге қатысу немесе көмектесу) мәселелерін шешеді; науқастың өтініші бойынша діни мұқтаждықтарын жөнелтуді ұйымдастырады; туыстарының өтініші бойынша қазалы жоралғылық рәсімдерді ұйымдастырады. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» заңдарын, әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жалғызбасты еңбекке жарамсыз азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негізгі принциптерін, карт адамдардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, денсаулық сақтау жүйесін, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету жолдарын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білімнің, бейіні бойынша біліктілікті арттырудың болуы.

5-тарау. Кіші медициналық қызметкер

§ 1. Санитар(ка) (жуушы)

      Лауазымдық міндеттері. Санитариялық нормаларға сәйкес үй-жайларды жинауды жүргізеді. Науқастардың күтімін: төсек орындары мен киімдерін алмастыруды, дәрет ыдысын беруді және тазалауды жүзеге асырады. Әрбір тамақтанудан соң төсекке таңылған науқастардың кереуеті жанындағы тумбаларды жинастырады. Аға мейірбикеге медикаменттерді, аспаптарды, жабдықтарды алу кезінде және бөлімшеге жеткізуге көмектеседі. Шаруашылық мейірбикесінен төсек орындарды, шаруашылық мүліктерін және жуғыш заттарды алады. Науқастарды емдеу-диагностикалық кабинеттерге алып барады. Курьердің қызметін атқарады, дәріханалық ұйымдарда дәріханалық ыдыстарды жууды жүзеге асырады. Шаруашылық мейірбикесіне жылу, сумен жабдықтау, кәріз және электр құрылғылары жүйесіндегі ақаулар туралы хабарлайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Санитария мен гигиенаның ережелерін, жуғыш заттардың қолданылуын және олармен жұмыс істеу ережелерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Бастауыш немесе жалпы орта білімнің, еңбек өтіліне талап қойылмайтын ең кемі 3 айлық жеке оқудың болуы.

2-бөлім. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер

1-тарау. Басшылардың лауазымдары

§ 1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектінің басшысы (менеджер)

      Лауазымдық міндеттері. Объектінің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерін ұйымдастырады. Дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Халықты және денсаулық сақтау ұйымын дәрілік қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласындағы объектінің тапсырмаларын өз бетінше шешеді. Фармацевтикалық қызмет объектісінің қызметін, өндірістік көрсеткіштерді талдау негізінде халық пен медициналық ұйымдарды қамтамасыз етуді жақсартуға арналған шараларды жүзеге асырады. Заманауи экономикалық тәсілдерді пайдалана отырып, объектінің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Дәрілік заттардың сапасы үшін жауап береді. Объектіні білікті мамандармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға және дамытуға, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасауға арналған шараларды қабылдайды. Объект қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарының жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Есепке алу мен есеп беруді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәміле жасайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысын, халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, дәрілік заттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми жетістік пен халықаралық тәжірибені, дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік стандарттарды, кадрлық және қаржылық менеджменттің негіздерін, басқару еңбегінің ерекшеліктерін, экономика негіздерін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары фармацевтикалық білімнің, мамандығы бойынша ең кемі 5 жыл еңбек өтілінің болуы.

§ 2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объекті басшысының орынбасары

      Лауазымдық міндеттері. Объектінің қызметін бірінші басшының жетекшілігімен жүзеге асырады. Қойма шаруашылығы жұмысын ұйымдастырады, материалдық ресурстар мен дайын өнімдерді сақтауға жағдай жасайды. Фармацевтикалық қызмет объектісінің қызметіне талдау жүргізеді. Халықты дәрілік қамтамасыз етуді жақсартуға арналған шараларды жүзеге асырады. Дәрілік заттардың, материалдардың, жабдықтардың және медициналық техниканың сапасына жауап береді. Ұсынушылар мен тұтынушылардың шаруашылық және қаржылық шарттарды уақытылы жасасуына арналған шараларды қабылдайды. Еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін жақсартуға, құрылымы мен штаттарын дұрыстауға, еңбек тәртібін нығайтуға байланысты жұмысты ұйымдастырады. Үй-жайдың жағдайын бақылайды және оларды уақытында жөндеу жөнінде шаралар қабылдайды. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет объектілерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік стандарттарды, дәрілік заттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми жетістік пен халықаралық тәжірибені, кадрлық және қаржылық менеджментің негіздерін, экономика негіздерін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары фармацевтикалық білімнің, мамандығы бойынша ең кемі 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

§ 3. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объекті бөлімінің басшысы

      Лауазымдық міндеттері. Объектінің құрылымдық бөлімшесін оның міндеттеріне, қызметтеріне және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес білікті басқаруды қамтамасыз етеді. Объект қызметінің тәртібін белгілейтін бұйрықтар мен үкімдерді бағыныштылардың орындауын бақылайды. Халықтың дәрілік және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді, соның негізінде спецификацияларды жасайды. Объектінің халыққа дәрілік көмек, медициналық дәрілер және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көрсету жөніндегі қызметін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық нарықтағы конъюнктурасын зерделейді. Құрылымдық бөлімше қызметінің барысында пайда болатын халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын дәрілік қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешеді. Бөлімше жұмысының сапасына жауап береді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, фармацевтикалық қызмет объектілерінің қызмет ету тәртібі, фармацевтикалық қызмет объектілерінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағалау өлшемдерін, логистиканың, маркетингтің және мерчандайзингтің негіздерін, алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (фармацевтикалық, медициналық, химия-технологиялық, химиялық) білімнің және мамандығы бойынша ең кемі 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

2-тарау. Біліктілік деңгейі жоғары мамандардың лауазымдары

§ 1. Провизор (Фармацевт)

      Лауазымдық міндеттері. Рецепттерді қабылдауды, емдеу-профилактикалық ұйым талаптарын, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды олардың физика-химиялық қасиеттеріне және белгіленген сақтау ережелеріне сәйкес босатуды жүзеге асырады. Дәрілік заттарды дайындайды, дәріханаға келіп түскен және дайындалған дәрілік заттардың сапасын дәріханаішілік бақылау мен фармацевтикалық талдаудың барлық түрлерін қолдана отырып, бақылайды, сот-медициналық химиялық-токсикологиялық сараптама жүргізеді. Дәрігерлер мен халыққа дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар және оларды қолдану туралы ақпарат береді, оларды қолдану мәселелері бойынша халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға өтінім беруге және қабылдауға және таратуға қатысады. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, фармацевтикалық істі, дәріханалық қызметтің экономикасы мен ұйымдастырылуын, дәріханаларда дәрілік заттарды дайындау технологиясын, оларды сақтау мен босату ережелерін, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасын, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін, химиялық және физикалық-химиялық талдау жүргізу әдістерін және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың маркетингін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары фармацевтикалық білімнің болуы.

§ 2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі инженер-технолог

      Дәрілік заттарды өндірудің технологиялық регламенттерін және техникалық жағдайларын әзірлеуді жүзеге асырады. Өнімді спецификациясына сәйкес босатуды, өндірістің технологиялық үдерісінде қолданылатын қызметтік жабдықтарды бақылайды. Технологияны жаңа дәрілік заттарды әзірлеу және өндіріске шығару үдерісі кезінде, сериялық өндірістегі технологиялық үдерістерді жүргізу кезінде өтеуді қамтамасыз етеді. Өндіріс қалдықтарын жоюға, өндірістен қалған суларды, ауаға шығарылатындарды залалсыздандыру мен тазалауға арналған шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру жөніндегі өндірістік нұсқаулықты жасайды. Шикізат пен материалдар шығыстарының техникалық-экономикалық нормативтері мен нормаларын анықтайды.  Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, қосымша материалдардың және дайын өнімнің сақталу жағдайларының, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстың сапасын қамтамасыз етеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттарды өндіру технологиясын, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (фармацевтикалық, инженерлік, технологиялық) білімнің болуы.

3-тарау. Біліктілік деңгейі орта мамандардың лауазымдары

§ 3. Фармацевт

      Лауазымдық міндеттері. Рецепттерді қабылдауды, емдеу- профилактикалық ұйым талаптарын, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, санитариялық және гигиеналық босатуды жүзеге асырады. Дәріні жеке рецепт бойынша дәріхана жағдайында дайындайды, олардың сапасын дәріханаішілік бақылауды жүзеге асырады. Реактивтерді, титрлік ерітінділерді дайындайды, зертханаларда өлшеу құралдарымен және құрылғыларымен жұмыс істейді. Дәрілік нысандарға экспресс-талдау, дәрілік өсімдік шикізаттарына макроскопиялық және микроскопиялық, тауартанушылық талдау жүргізеді. Науқастарға және қысылтаяң жағдайларда зақымданғандарға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сақтауды және жарамдылық мерзімін бақылауды қамтамасыз етеді. Қажетті жабдықты қолдана отырып, тауарларды қабылдауға, орналастыруға және қаптауға қатысады. Медициналық бұйымдарды қолдану мәселесі бойынша санитариялық-ағарту және ақпараттық жұмыстарды жүргізеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтайды.
      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, фармация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, фармацевтикалық іс негізін, дәрілік қамтамасыз етуді басқару жүйесінің құрылымын, дәрілік өсімдіктік шикізаттарды дайындау мен сақтаудың негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (фармацевтикалық) білімнің болуы.