"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 39-бабына сәйкес және халыққа медициналық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановка жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер Министрі
________ С. Баймағанбетов
2009 жылғы 1 желтоқсан
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар Министрі
________________ B. Божко
2009 жылғы 1 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 19 қарашадағы
N 753 бұйрығымен
бекітілген
Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге
дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау ережесі
1. Негізгі ережелер
1. Осы Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау тәртібін (бұдан әрі - Даярлау) айқындайды.
2. Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) даярлау
3. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлауға мына тұлғалар жатады:
1) автокөлік құралдарының жүргізушілері;
2) ішкі істер органдарының қызметкерлері;
3) қауіпті өндіріс объектілерінің қызметкерлері;
4) өртке қарсы қызметтің және төтенше жағдайды жою жөніндегі қызметтің қызметкерлері;
5) денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық білімі жоқ қызметкерлері.
4. Құрылымында оларды өз күштерімен даярлайтын медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдардың жұмысшыларының және қызметкерлерінің контигентіндегі пармедиктерді қоспағанда, парамедиктерді дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау үлгілік оқу бағдарламаларына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
5. "Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау" оқу бағдарламасында 36 (отыз алты) оқу сағатынан кем емес теориялық даярлық және практикалық сабақтар болуы тиіс.
Академиялық апта көлемі кемінде 36 сағатты, 6 сағаттан аспайтын бір жұмыс күнін құрайды.
6. Теориялық даярлық қорытындысымен тыңдаушылар емтихан тапсырады.
7. Емтихан білім беру ұйымы белгілеген тәртіппен өтеді. Емтихан сұрақтары мен тапсырмаларын білім беру ұйымы әзірлейді.
Емтиханды табысты тапсырған адамдарға білім беру ұйымы осы Ережеге қосымшаға сәйкес қолданылу мерзімі шектеусіз куәлік береді.
8. Даярлау бағдарламалары бойынша оқыту шарт негізінде жүзеге асырылады.
9. Білім беру ұйымы мүдделі ұйымдармен жасалған шарт бойынша Даярлау бойынша көшпелі курстарды жүзеге асыруы мүмкін.
Медициналық білімі жоқ тұлғаларды
(парамедиктерді) дәрігерге дейінгі
медициналық көмек көрсету бойынша
даярлау ережесіне қосымша
Парамедиктер туралы куәлік N _______
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________ 20__ жылғы "__" ______________ мен "__"
___________ аралығында _____________________________________________
____________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша жалпы көлемі _______ сағат даярлықтан өтті.
_________________________________
басшының Т.А.Ә., қолы
М.О.
Берілген күні 20__ жылғы "__" ________________