Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 739 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5921 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 78-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты оның мемлекеттік тіркелуінен кейін заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасының "Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ережесі мен Дәріханалық ұйымдарда және фармацевтикалық кәсіпорындарда өрт қауіпті және жарылыс қауіпті қасиеттері бар дәрілік заттармен айналысу және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 10 мамырындағы N 238 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 777);
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасының "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасының "Дәріханалық ұйымдарда, фармацевтикалық кәсіпорындарда және емдеу-сауықтыру мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы нұсқаулық пен Дәріханалық ұйымдарда және фармацевтикалық кәсіпорындарда өрт қауіпті және жарылыс қауіпті қасиеттері бар дәрілік заттармен айналысу және сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 10 мамырдағы N 238 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 маусымындағы N 89 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 25 шілдесінде N 3752-ші тіркелген); 2006 жылғы 19 мамырдағы N 89-90 (1069-1070) "Заң" газетінде жарияланған).
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі                       Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 18 қарашадағы 
N 739 бұйрығымен бекітілді

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау және тасымалдау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау және тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) ведомстволық тиістілігіне және меншік түріне қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдарында, және дәрілік заттардың түрлі топтарын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың дәрілік заттардың түрлі топтарын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау мен тасымалдауын ұйымдастыру талаптарын белгілейді.
      2. Осы Ережемен белгіленген талаптар денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндіретін кәсіпорындарды жобалау және жаңадан салу, жұмыс iстеп тұрғандарын қайта құру мен пайдалану кезiнде мiндеттi болып табылады.
      3. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау шарттары:
      1) олардың бүкіл жарамды мерзімінде қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс;
      2) контаминацияны, қиылысу контаминациясын және араласуды болдырмауы керек;
      3) дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттың талаптарына сәйкес болуы керек;
      4) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолдану туралы нұсқаулығында, медициналық техникасын пайдалану туралы құжаттарында, ыдысында (қаптамасында), таңбалануында, кольереткасында, контрэтикеткасында, жарлығында, жапсырмасында (стикерде) көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.
      4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
      1) ангро-өнім - өндірілуі мен ірі орамда өткізілуін сипаттайтын және дайын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру мақсатында әрі қарай өңделуін жобалайтын өнімнің статусы;
      2) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - уақыты біткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күні;
      3) дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
      4) тұтыну қаптамасы - тұтынушыға дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, медициналық техникасымен бірге түсетiн және көлiк қорабы функциясын орындамайтын ыдыс.
      Тұтыну қаптамасы бірінші және екінші орамнан тұрады:
      бірінші (ішкі) орам - материалдары дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникасымен тікелей жанасатын құты немесе ыдыстың басқа түрі;
      екінші (сыртқы) орам - бірінші орамдағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы орналасатын контейнер немесе ыдыстың басқа түрі;
      5) топтық ыдыс - тұтыну қорабындағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техникасының белгілі бiр мөлшерін біріктіретін ыдыс;
      6) көлiктік ыдыс - дербес көлiк бiрлiгiн құрайтын ыдыс;
      7) дәрілік заттың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау туралы нормативтік-техникалық құжат (бұдан әрі - нормативтік құжат) - сериясына қарамастан дәрілік заттың бірдей қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін дәрілік заттардың сапасы нормаларының кешенін, оны айқындау әдістемелерін, сондай-ақ оны өндірудің ұдайылығы мен біртектестігін белгілейтін құжат;
      8) сақтау үй-жайлары - дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтауға арналған, арнайы  бөлінген және жабдықталған өндірістік үй-жайлар;
      9) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау - өнімді түскен сәтінен тұтынушы алған сәтіне дейін сақтау шарттарын қамтамасыз ете отырып орналастыру (қаттап қою) процесі;
      10) қараңғы жерде сақтау - дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын күн сәулесінен қорғалған жерде сақтау;
      11) құрғақ жерде сақтау - дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын ауаның салыстармалы ылғалдылығы 60 пайыздан аспайтын үй-жайларда сақтау;
      12) салқын жерде сақтау - дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын +80С-ден +150С дейінгі температурада сақтау;
      13) бөлме температурасында сақтау - дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын +150С-ден +250С дейінгі температурада сақтау (соның ішінде егер температурасы көрсетілмесе);
      14) термоконтейнер – жоғары температураның әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдауға арналған жылу өткізбейтін қасиеті бар және тығыз жабылатын қақпақты, оңтайлы температуралық режимі (+20С-ден +80С дейін) оның қуысына орналастырылған мұздатылған мұздатқыш элементтердің көмегімен қамтамасыз етілетін жәшік (немесе сөмке);
      15) мұздатқыш элемент (бұдан әрі - мұзды элемент) - тығынмен герметикалық жабылатын су құюға арналған және қолданар алдында мұздатылып, контейнерлерде +20С-ден +80С дейінгі шектегі температураны қолдап тұру үшін қызмет ететін тікбұрыш түрдегі пластик немесе металл ыдыс.

2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сақтау тәртібі

      5. Денсаулық сақтау ұйымдарының және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сақтауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың басшылары сақтау үй-жайларын мыналармен қамтамасыз етуге тиіс:
      1) сақтау және өртке қарсы құралдармен;
      2) ауаның параметрлерін (температура, ылғалдылық) бақылау үшін техникалық реттеу саласындағы талаптарға сәйкес тексерілген аспаптармен (термометрлер, гигрометрлер).
      Олар сақтау үй-жайлардың ішкі қабырғаларында еденнен 1,5 - 1,7 метр жоғарыға және есiктен кемiнде 3 метр қашықтықта, жылытқыш құралдардан алыс бекiтiлуі керек.
      3) ауаның тазалығы мен қажетті температурасын қолдау үшін ағымды-тартылысты желдетумен (желдеткіштің, фрамуктердің, торланған қосалқы есіктің көмегімен табиғи желдетуге болады) және ауа баптағыштармен;
      4) орталық немесе дербес жылыту аспаптарымен. Сақтау үй-жайларды ашық жанатын газ аспаптарымен немесе ашық шиыршықты электр жылыту аспаптарымен жылытуға болмайды;
      5) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын орналастыруға арналған қажеттi мөлшердегi жабдықтармен (шкафтармен, стеллаждармен, тауар қойғыштармен, тоңазытқыш шкафтармен және тағы басқалармен) қамтамасыз етiлуi қажет.
      Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға арналған жабдық дәріхана қоймаларына арналған сыртқы қабырғалардан 0,6 - 0,7 метр, төбеден кемiнде 0,5 метр және еденнен 0,25 метр, ал олардың арасы кемiнде 0,75 метр аралықта орналастырылады.
      6. Ауаның температурасы мен ылғалдылығы күн сайын таңертең және кешке осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналында тіркелуі тиіс.
      7. Денсаулық сақтау ұйымдарының және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың басшыларының бұйрығымен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жауапты тұлға тағайындалады.
      8. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасы сөрелерде, тауар қойғыштарда, материалдық шкафтарда, (сейфтерде) алаңдардың тиімді пайдаланылуын, еңбек қауіпсіздігі шарттарының сақталуын, фармацевтикалық тәртіпті қамтамасыз етуін және механизация құралдарын қолдану мүмкіндігін ескере отырып орналастырылады.
      9. Сақтау үй-жайларында орналасқан дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының бір сәттегі сақталатын көлемі сақтау үй-жайлары алаңының 75 пайызынан аспау керек.
      Сақтауға арналған алаңдар көлемнің және өткізілетін өнімнің түрлері ұлғайған сайын сақтау шарттарына сай келуі керек және фармацевтикалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
      10. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасы сақтау үй-жайларында зауыттық немесе көлiктiк қораптарда сақталады.
      11. Сақтау процесiнде кемiнде айына бiр рет қораптарының (ыдыстарының) күйін және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының сыртқы өзгерiстерін жаппай визуальдi байқауды жүзеге асыру қажет.
      Мерзімдік бақылау нәтижесі бойынша нормтивтік құжатқа сай келмейтін болып танылған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасы жарамсыз деп таналады.
      12. Зауыттық орау бұзылған жағдайда дәрi-дәрмек нысандары материалдық шкафтарда бiрегей орауда сыртқы этикеткасымен (белгiсiмен) сақталуы қажет.
      13. Денсаулық сақтау ұйымдарында, және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдарда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының жарамдылық мерзімінің есебін кез-келген оңтайлы әдіспен (жазбаша немесе электронды) жүргізу қажет.
      14. Сақтау үй-жайларында дәрілік заттар:
      1) фармакологиялық топтарына байланысты;
      2) қолдану тәсiліне (iшкi, сыртқы) байланысты;
      3) агрегаттық жай-күйiне байланысты;
      4) сыртқы ортаның физикалық-химиялық қасиеттерi мен түрлi факторларының әсерiне байланысты сақталады.
      15. Атаулары бойынша үндес, iшу үшiн қолданылатын күштi жоғары дозаларымен ерекшеленетін дәрiлiк заттарын қатар орналастыруға, сондай-ақ оларды алфавиттiк тәртiпте орналастыруға болмайды.
      16. Дәрілік препараттар дайындауға құқылы дәрiханалардың өндiрiстiк бөлiмдерiнде "ангро өнімі" дәрiлiк заттары эмальдандырылған немесе шыны ыдыста сақталуға тиiс.
      17. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар физикалық және физикалық-химиялық қасиеттерiне, оларға сыртқы ортаның түрлi әсерiне байланысты мынадай топтарға бөлiнедi:
      1) жарықтың әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      2) ылғалдың әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      3) ұшып кетуден қорғауды талап ететiн;
      4) жоғары температура әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      5) төменгi температурадан қорғауды талап ететiн;
      6) қоршаған орта газдарының әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      7) иiстi, бояйтын.
      18. Жарықтың әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлік заттарға мыналар жатады: антибиотиктер, галендi препараттар (өсiмдiк шикізатынан жасалған тұнбалар, экстракттар, концентраттар), дәрiлiк өсiмдiк шикізаты, орган препараттары, витаминдер мен витаминдi препараттар, кортикостероидтар, эфир майлары, майлы майлар, ашылған препараттар йодты- және бромды сутегi қышқылдары тұздары, галогендi ауыстыратын қосындылар нитро- және нитроқосындылар, нитраттар, нитриттер, аминдi- және амидоқосындылар, фенольдi қосындылар, туынды фенотиазин.
      Жарықтың әсерiн сезiнгiш дәрiлiк заттарды жарықтан қорғау материалдары ыдыстарында (қызғылт шыны ыдыста, алюминийден жасалған немесе полимер материалдарынан жасалған қара, қоңыр немесе қызғылт түстерге боялған металды ыдыстарда) жарықтың өтуiнен қорғалған есiктерi тығыз қараңғы үй-жайда немесе шкафтарда сақтау қажет.
      Жарықты аса сезiнгiш дәрiлiк заттарды (күмiс нитраты, күмiс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты және басқасы) сақтау үшiн шыны ыдысқа жарық өткізбейтін қара қағаз жапсырып, iш жағы қара бояумен боялып нығыз жабылған шкафқа орналастырады.
      19. Жарықтың әсерiне мұқтаж дәрiлiк заттарды (ашытылған темiр препараттары, феррамидттер) сыйымдылығы шағын, ашық түстi шыны ыдысқа жарық жерде сақтайды. Тiкелей күн сәулелерiнiң әсерiне жол берiледi.
      20. Ылғалдан қорғауды талап ететiн дәрілiк заттарға (осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес) мыналар жатады: гигроскопикалық заттар мен препараттар (калий ацетаты, құрғақ эксракттар, дәрiлiк өсiмдiк шикізаты, гидролиздейтiн заттар, азот, азотты галогендi сутегi және фосфор қышқылдары тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар), суда жеңіл еритiн заттар ретiнде нормативтiк құжаттар бойынша сипатталатын дәрi-дәрмек заттары, сондай-ақ нормативтiк құжаттарда белгіленген шектен аспайтын ылғал сақтайтын дәрi-дәрмек заттары.
      Судың атмосфералық буларының әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлiк затттарды құрғақ, салқын жерде судың буларын өткізбейтiн материалдармен тығыз тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы, қалыңдатылған пластмасса ыдыстарында) сақтау қажет.
      21. Ұшып кетуден қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттарға мыналар жатады:
      1) құрамында ұшып кететiн заттары бар дәрілік заттар (осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес);
      2) ерiтетiн ұшпа заттардан тұратын дәрiлiк препараттар (спирт тұнбалары, сұйық спирт қосындылары, қою экстракттар);
      3) ұшпа заттардың ерiтіндiлерi мен қоспалары (эфир майлары, аммиак, формальдегид, хлорсутегi ерiтiнділерi 13 пайыздан астам, фенол, түрлi қоспадағы этил спирті және басқасы);
      4) эфир майлары бар дәрілiк өсімдiк шикізаты;
      5) құрамында кристалдандырылған суы (кристаллогидраттары) бар дәрiлік заттар (осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес);
      6) ұшпа өнiмдер (йодоформ, сутегi пероксидi, Б хлораминi, натрий гидрокарбонаты) құрылуына байланысты ыдырайтын дәрi-дәрмек заттары;
      7) ылғал сақтаудың төменгi шегi нормативтiк құжатта белгіленген дәрi-дәрмек заттары (магний сульфаты, натрий сульфаты және тағысын тағылар).
      Ұшпа заттардан тұратын дәрілiк заттарды салқын жерде, ұшып кететiн материалдар заттары үшiн өткізбейтiн герметикалық тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы) сақтау қажет.
      Кристаллогидраттардың дәрілік субстанциялары және дәрілік заттың балк-өнімі ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты заттардың гигроскопикалық қасиеттерi сияқты желмен ұшатын қасиеттерiмен де байқалуы мүмкiн. Сондықтан оларды салқын жерде ауаның 50-65 пайыз салыстырмалы ылғалдылығы жағдайында герметикалық тығындалған шыны, металл немесе қалың қабырғалы пластмасса ыдыстарында сақтау керек.
      22. Жоғары температура әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрілiк заттар қатарына мыналар жатады:
      1) ұшып кетуден қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттар;
      2) жеңiл балқитын препараттар (суппозиторийлер);
      3) иммунобиологиялық препараттар;
      4) антибиотиктер;
      5) органикалық препараттар;
      6) гормональды препараттар;
      7) витаминдi препараттар;
      8) гликозидтерден тұратын препараттар,
      9) медициналық майлар мен майлар;
      10) майлы негiздегi майлар.
      Жоғары температура әсерінен қорғауды талап егетiн дәрiлiк заттар құрамының ерекшелігіне байланысты бөлме температурасында немесе салқын жерде сақтау қажет. Кейбiр жағдайларда сақтаудың неғұрлым төмен температурасы (00-ден +80С температурада термометрлермен жабдықталған тоңазытқыш шкафтарда) талап етіледi, бұл нормативтік құжатта, қорапта (ыдыста) немесе препаратты қолдану жөнiндегi нұсқаулықта көрсетіледі.
      23. Төмен температура әсерiнен (мұзға айналудан) қорғауды талап ететiн дәрілiк заттар қатарына қатқаннан кейiн физикалық-химиялық жай-күйi өзгеретiн және одан кейiнгi жерде бөлме температурасына дейiн жылыған кезде қалпына келмейтiн дәрiлiк заттар жатады (осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес).
      Төмен температура әсерiнен қорғауды талап ететiн жекелеген дәрілiк заттардың ерекшелігі:
      1) 40 процент формальдегид (формалин) ерiтiндiсiн +90С-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған ретте ерiтiндiнi бөлме температурасында ұстайды, бұдан кейiн ерiтiндiнi еппен құйып алып iс жүзiндегi формальдегидке сәйкес пайдаланады.
      2) Мұзды сiрке суы қышқылын +90С-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған жағдайда қышқылды бөлме температурасында тұнба ерiгенге дейiн ұстайды. Егер тұнба ерiмеген жағдайда қышқылдың сұйық бөлiгiн құйып алып, препараттағы іс жүзiндегi сiрке суы қышқылына сәйкес пайдаланады.
      3) Медициналық майлы майларды +100С-дан төмен емес температурада сақтау талап етіледi. Тұнба пайда болған жағдайда оларды бөлме температурасында ұстайды, олардың нормативтiк құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келуiн реттеп тексередi.
      24. Қоршаған ортадағы газдар әсерiнен өзгеретiн дәрiлiк заттар топтарына мыналар жатады:
      1) ауадағы оттегімен әсерленгiш заттар:
      шектеусіз сутегi аралық байланыстары бар алифаттық қатардағы, шектеусiз сутегi аралық байланыстары бар жанама алифаттық топтардағы циклдық заттар, фенольдық, полифенольдық, морфин және оның ауыстырылмаған гидроксильдi топтары бар туынды заттар, құрамында шайыры бар гетерогендi және гетероциклдық қосындылар, ферменттер мен органикалық препараттар;
      2) ауаның көмiрқышқыл газымен әсерленгiш заттар осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес.
      Газдардың әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрілік субстанциялардың және дәрілік заттардың балк-өнімдерінің газ өтпейтiн материалдар мен герметикалық тығындалған, мүмкiндiгiнше лық толтырылған ыдыста сақтау керек және:
      1) ауадағы оттегімен жеңiл қышқылданатын дәрілік субстанциялардың және дәрілік заттардың балк-өнімдерінің құрғақ үй-жайда герметикалық тығындалған, парафин құйылған шыны ыдыста сақтау керек;
      2) барбитуралы қышқылдардың натрий тұздарын, дәрілік субстанцияларды және дәрілік заттардың балк-өнімдерін сақтауға жағдай жасауға ерекше назар аудару қажет, оларды герметикалық тығындалған, парафин құйылған судың атмосфералық булары мен көмiр қышқылы газын өткiзбейтiн материалдары бар ыдыста сақтау керек.
      25. Иiсi бар дәрiлiк заттар тобын ұшатын препараттар сияқты iс жүзiнде ұшпайтын, күштi иiсi бар заттар мен препараттар құрайды (осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес).
      Иiсi бар дәрiлiк заттардың дәрілік субстанциялары мен олардан дәріханаларда дайындалған дәрілік нысандарды герметикалық жабылған, иiс өткізбейтiн ыдыста атаулары бойынша бөлек сақтау керек.
      26. Бояйтын дәрілік заттар тобына әдеттегi санитарлық-гигиеналық өңдеу мен жуылмайтын ыдыста, тығын құралдарында, жабдықтар мен басқа да заттарда боялған iз қалдыратын заттар, олардың ерiтiндiлерi, қоспалары, препараттары және тағы басқасы жатады (осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес).
      Бояйтын заттардың дәрiлiк субстанцияларын тығыз тығындалған ыдыста арнайы шкафта атаулары бойынша бөлек сақтау қажет. Әрбір атауға арналған бояйтын заттармен жұмыс істеу үшін арнайы весочкалар, ступкалар, басқа да керек-жарақтар бөлінуі керек. Бояйтын заттардың дәрілік субстанцияларынан дәріханаларда дайындалған дәрілік нысандар тығыз тығындалған ыдыста бөлек сөреде сақталуы тиіс.
      27. Дәрiлiк өсiмдiк шикізатын құрғақ, ауасы таза үй-жайда жақсы жабылған ыдыста: дәрiханаларда - шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшiктерде, қоймаларда - түктерде немесе жабылған жәшiктерде, стеллаждарда сақтау қажет.
      Кесілген шикiзат талшықты қаптарда, ұнтақтар - қосақталған қаптарда (ішкiсi - қағаз, көп қабатты, сыртқысы - талшықты қаптарда) сақтайды.
      Кептiрiлген жемiстердi сақтау кезiнде оларды қойма кемiргiштерiнен сақтау үшiн жемiстерi бар жәшiктi хлороформды сауыттармен араластырады, хлороформ буларының ұшып кетуi үшiн олардың тығындарына түтiкшелер енгізiледi. Хлороформды олардың ұшып кетуiне қарай қосады.
      Өсiмдiк қосындыларын дәрiлiк заттарды сақтаудың жалпы ережелерiн қолдана отырып сақтайды.
      Құрамында эфир майлары бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын жақсы тығындалған ыдыста оқшау сақтайды. Андыз түбiрлерiн, кориандр мен арша жемiстерiн, арник пен жөке гүлдерiн хлороформмен қабаттастырып, осы топтағы қалған шикізатты хлороформсыз сақтайды (осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес).
      Гигроскопикалық қасиеттерi бар шөптердi, жапырақтарды, жемiстер мен түбiрлердi герметикалық тығындалған және қажет болған жағдайда парафин құйылған (жалбыз жапырақтары, бүйрек шайы, тiкенек түбiрi) шыны немесе металл ыдыста сақтайды.
      Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар немесе улы заттар бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты мен құрамында жүрек гликозидтері бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты (осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес) жеке үй-жайда немесе құлып салынған бөлек шкафта сақтайды.
      Бөлшектеп жиналған дәрілік өсімдік шикізатын дәрілік өсімдік шикізатының сақтау ерекшеліктері мен орамда және тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген сақтау шарттары сақтала отырып, сақтайды.
      Дәрілiк өсiмдiк шикізатын нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес дүркiн-дүркiн бақылап отыру қажет. Сол кезде:
      1) қалыпты бояуын, иiсiн және талап етілетін ықпал жасайтын заттарын жоғалтқан, сондай-ақ көгерген шөптердi, түбiрлердi, түбiршектердi, ұрықтарды, тұқымдарды жарамсыз деп есептейдi және өртеу арқылы жоюға жатады;
      2) жүрек гликозидтары бар дәрілiк өсiмдiк шикiзатының биологиялық белсендiлiгiн мiндеттi түрде ұдайы қайта бақылауға жатады;
      3) қойма кеміргiштерi болған жағдайда зақымдану дәрежесіне байланысты шикізатты жарамсыздандырады немесе қайта өңдейді және сапасы бекітілген нормативтік құжатқа сәйкес болған жағдайда пайдалануға жатады.

3. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техникасын сақтаудың тәртібі

      28. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника физикалық және физико-химиялық қасиеттеріне байланысты мынадай топтарға бөлiнедi:
      1) резина бұйымдары;
      2) пластмассадан жасалған бұйымдар;
      3) таңу, тігу құралдары мен қосалқы материалдар;
      4) көру линзалары мен көзге салынатын және оны түзейтін линзалар;
      5) медициналық аспаптар, құрал-саймандар, қондырғылар, аппаратура.
      29. Резеңке бұйымдарын сақтау үй-жайлары күнгей бетте емес қараңғы немесе қараңғыланған жартылай жертөлелi үй-жайларда орналастырылуы қажет. Резеңке бұйымдардың сапасын сақтау үшiн мына шарттарды:
      1) кебуден, өзгеруден және түрiн өзгертуден сақтау үшiн ауаның салыстырмалы ылғалдылығы кемiнде 65 процент болуын;
      2) құрғақ үй-жайларда жоғары ылғалдылықты (60-65 процент) ұстау үшiн 2 процент карболл қышқылы су ерiтiндiсi бар сауыттар қою және едендi дүркiн-дүркiн сумен дымқылдандырып отыруды;
      3) жылыту аспаптарынан кемiнде 1 метр алшақ сақтау шарттарын орындауды;
      4) мынадай химиялық заттардың: йодтың, хлороформның, хлорлы аммонийдiң, лизолдың, формалиннiң, қышқылдардың, органикалық ерiтiндiлердiң, майлайтын майлардың, сiлтiлердiң, дезинфекциялайтын құралдардың, нафталиннiң әсерiнен оқшаулауды;
      5) жарықтан, әсiресе тiке күн сәулелерiнен қорғауды;
      6) ауаның жоғары (+200С-дан астам) және төменгi (00-ден төмен) температурадан қорғауды;
      7) ауа ағынынан (өтпе желден, механикалық вентиляциядан) қорғауды;
      8) механикалық бүлiнуден (соның ішінде жаншылудан, иiлуден, оралудан, созылудан және тағы басқадан қорғауды талап етеді.
      Сақтайтын үй-жайларда, шкафтарда, стеллаждарда, сөрелерде резеңкенiң түрiн сақтауға жәрдемдесетiн аммоний көмiр қышқылы бар шыны сауыттар қою ұсынылады.
      Резеңке бұйымдарын сақтайтын үй-жайлары еркiн қол жеткiзiлуі ескерілген шкафтармен, жәшіктермен, сөрелермен, стеллаждармен, блоктармен, іліп қоюға арналған тұғырықтармен және басқа қажетті жабдықтармен жабдықталады.
      Резеңке бұйымдарын сақтауға арналған шкафтардың тығыз жабылатын есiктерi болуы қажет ал iшкi жақ бетi өте тегіс болуға тиiс. Шкафтардың iшкi құрылымы оларда сақталатын резеңке бұйымдарының түрлерiне байланысты мына мақсаттарға:
      1) резеңке бұйымдарын жатпалы қалыпта (буждар, катетерлер, мұз түйiршiктерi, қолғаптар және сол сияқтылар) сақтауға арналған шкафтар оларда заттарды бүкiл ұзына бойы, еркiн, иiлмейтіндей, оралмайтындай және тағы солай орналастыруға болатын жылжымалы жәшiктермен жабдықталады;
      2) бұйымдарды iлiнген қалыпта (бұраулар, зонттар, су түтiктерi) сақтайтын жәшiктер шкаф қақпағының астында орналасқан iлгiштермен жабдықалады. Iлгiштер оған iлiнген заттармен бiрге алынатындай болуы керек.
      30. Сақтаудың ерекше шарттарын талап ететiн резеңке бұйымдарының кейбiр түрлерiн сақтауға ерекше көңiл бөлу керек. Бұл талаптар:
      1) төсегiштердi, жылытқыш грелкаларды, мұзды қабықтарды сәл үрлеп сақтау ұсынылады, резеңке түтiкшелерi соңғы жағына енгiзiлген тығындармен бiрге сақталады;
      2) резеңке түтіктер ұшына кіргізілген тығындарымен бірге сақталады;
      3) аспаптардың алынатын резина бөлiктерi басқа материалдан жасалған бөлiктерден бөлек сақталуы қажет;
      4) атмосфералық факторларды ерекше сезiнгiш бұйымдарды (созылғыш катетерлер, буждар, қолғаптар, саусаққа кигiштер, резеңке бинттер) тығыз жабылған қораптарда сақтайды. Резеңке бинттерi бүкiл ұзындығы бойынша тальк себiлген шиыршықталған күйде сақталады;
      5) резеңкелендiрiлген матаны (бiр жақты және екi жақты) арнаулы тұғырларға iлiнген рулондарда көлбеу күйде сақтайды. Резеңкелендiрiлген матаны стеллаждардың тегіс сөрелерiнде бес қатардан асырмай жатқызылған күйде сақтауға болады;
      6) резеңке тығындар нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес оралған күйде сақталады;
      7) созылғыш лак бұйымдарын (катетерлердi, буждарды, зонттарды) резеңкеге қарағанда құрғақ үй-жайда сақтайды. Ескiру белгiсi бiрсыпыра жұмсаруы, үстіңгi желiмiнiң ашылуы болып табылады. Мұндай бұйымдар жарамсыз деп танылады.
      31. Сақтау үй-жайларында зауыт орамындағы резеңке бұйымдарды сақтауға болады. Зауыт орамы бұзылған кезде резеңке бұйымдар арнайы жабдықталған материал шкафтарда, жәшіктерде, сөрелерде, стеллаждарда сақталады.
      Сақтайтын үй-жайларда резеңке бұйымдарын орналастырған жағдайда оның бүкiл көлемiн толық пайдалану қажет. Бұл ауадағы басы артық оттегінің зиянды әсерiнен сақтайды. Алайда резеңке бұйымдарын (тығындардан басқа) бiрнеше қабатпен салуға болмайды, өйткенi төменгi қабаттардағы заттар жаншылады және жайылып кетедi.
      Резеңке бұйымдарын дүркiн-дүркiн қарап тұру қажет. Оралымдылығын жоғалта бастаған заттар техникалық шарттар талаптарына сәйкес дер кезiнде қалпына келтiрілуi тиiс.
      32. Полимерден жасалған бұйымдарды ауасы тазаланып қараңғы, салқын үй-жайда бөлме температурасында, жылыту жүйелерiнен кемiнде бiр метр алшақтықта сақтау қажет. Yй-жайда ашық жанатын от, ұшпа заттардың булары болмауы қажет. Электр аспаптары мен ажыратқыштар ұшқынға қарсы (өртке қарсы) түрде дайындалуы қажет. Целлофан, целлулоид, амин қабатты бұйымдарды және басқа бұйымдар сақталатын үй-жайда ауаның 65 проценттен аспайтын салыстырмалы ылғалдылығын сақтау керек.
      33. Таңу құралдарын құрғақ желдетiлетiн үй-жайда iшi ашық бояумен боялған шкафтарда, жәшiктерде, стеллаждарда және тұғырықтарда сақтайды, олар таза ұсталуы қажет. Таңу құралдары қойылған шкафтарды дүркiн-дүркiн 0,2 процент хлорамин ерiтiндiсiмен немесе хлорлы әкпен сүртiп отырады.
      Стерильденген таңу материалдары (бинттер, дәке салфеткалары, мақта) зауыттық орауда сақталады. Оларды зақымдалған бiрiншi ашылымдағы орауда сақтауға болмайды.
      Стерильденбеген таңу материалдары (мақта, дәке) тығыз қағазға немесе түктерге (қаптарға) салып, стеллаждарда немесе тұғырықтарда сақтайды.
      34. Қосалқы материалды (фильтрлейтiн қағазды, қағаз капсулдарын және басқасын) өнеркәсiптiк орауда құрғақ желдетiлетiн үй-жайларда, жеке шкафтарда гигиеналық қатаң тәртiпте сақтау қажет. Өнеркәсiптiк орау ашылғаннан кейiн (қағаз капсулдары және басқасы) бөлшектелген немесе қалған материалдарды полиэтилен, қағаз пакеттерде немесе крафт-қағаз қаптарда сақтау ұсынылады.
      35. Қорапшадағы қыша қағаздарын құрғақ жайда пергаменттік қағазға немесе полиэтиленді қабыққа ораған күйде тығыздалып жабылған қорапта (ішік бетінен полимерлі қабық жапсырылған қағаз қораптарда) сақтау қажет.
      36. Хирургиялық аспаптар мен басқа да металл бұйымдарын жылытылатын құрғақ үй-жайларда бөлме температурасында сақтау керек. Сақтау үй-жайларындағы температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы күрт ауытқымауы қажет. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы 60 процентпен аспауға тиiс. Ылғалдылығы жоғары климат аймақтарында сақтау үй-жайындағы салыстырмалы ауа ылғалдылығы 70 проценттен аспауы керек. Бұл жағдайда медицина бұйымдарының сапасын бақылау айына кемiнде бiр рет жүргiзiлуi қажет.
      Медициналық аспаптар атаулары бойынша жәшiктерде, шкафтарда, қақпақтары бар қораптарда оларда сақталған құралдардың атаулары көрсетiлiп сақталуы керек.
      Коррозияға қарсы майлаусыз алынған хирургия құралдары мен басқа да металл бұйымдарын нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес вазелиннiң жұқа қабатымен майлап қояды. Майланған құралдар жұқа парафин қағазына оралып сақталады.
      Хирургиялық құралдарда оларды қарау, сүрту, майлау және тазалау кезiнде коррозияның пайда болуына жол бермеу үшiн оларды қорғалмаған және дымқыл қолмен ұстауға болмайды. Барлық жұмысшы құралды дәке салфеткасымен, пинцетпен ұстап жүргізу қажет.
      Кесетiн құралдарды (скальпельдер, пышақтар) тотығу мен өтпей қалуды болдырмау үшiн жәшiктердiң немесе пеналдардың арнаулы ұяларына салған күйде сақтайды.
      Әсiресе ораусыз сақталатын құралдар механикалық бүлiнулерден қорғалуы керек, ал өткiр кесетiн детальдар қағазға оралып iргелес заттардың жанасуынан қорғалуға тиiс.
      Хирургия құралдары мен басқа да металл бұйымдарын суық жерден жылы жерге ауыстырғанда оларды сақтау үшiн өңдеудi (сүрту, майлау) және орналастыруды құралдардың "тершiгені" аяқталғаннан кейiн жүргiзу қажет.
      Металл бұйымдарын сақтау құрғақ және жылытылатын үй-жайларда жүргiзiлуi қажет. Бұл жағдайда мыс (жез), нейзильберлi және қалайы заттарын майламаса да болады.
      Боялған темiр бұйымдарында тот басу пайда болған жағдайда олар алынып тасталады және бұйымға бояу қайта жағылады.
      Күмiс және нейзильберлi құралдардың үстiңгi жағы қарайған жағдайда резеңкемен, күкiртпен және күкiртi бар қоспалармен бiрге сақтауға болмайды.
      Хирургиялық аспаптарды жаппай, сондай-ақ дәрi-дәрмектермен және резеңке бұйымдармен бiрге сақтауға үзілдi-кесілдi тыйым салынады.
      37. Медициналық сүлiктердi сақтауға арналған үй-жайлар жарық болуы қажет және оларда дәрi-дәрмек иiсi болмауы керек. Температураның күрт ауытқуына жол бермеуге тиiс, өйткенi бұдан сүлiктер өлiп қалады.
      Сүлiктердi дәрiханаларда 50-100 сүлiкке арналған 3 литр суға есептелген мойны кең шыны сауыттарда ұстау қажет. Сүлiктердiң таралуына жол бермеу үшiн сауытты тығыз бөз салфеткамен немесе қос қабатты дәкемен жабады және жiппен немесе резеңкемен буып тастайды.
      38. Сүлiктердi сақтауға арналған су таза болуы қажет, онда хлор, пероксид қосындылары, ауыр металдар тұздары, механикалық ластану болмауы қажет, бөлме температурасы сақталуға тиiс. Сауыттағы суды күн сайын ауыстырып отыру қажет, бұл үшiн оны күн ілгерi қолданудан екi тәулiк бұрын дайындап қойған жөн. Суды ауыстырған жағдайда сауыт қабырғаларын iш жағынан шаяды, бұдан кейiн ыдыстың мойнын дәкемен жабады және суды сол арқылы құйып алады. Сауытқа 1/3 банкi таза су құяды. Сүлiктердi ұстаған кезде барынша тазалық сақтау талап етiледi, оларды иiсi бар және улы заттармен қатар қоюға болмайды. Сүлiктер ауырған жағдайда (енжарлық) суды күнiне екi рет ауыстырады.

4. Тұтанғыш қауіпті және жарылғыш қауіпті қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтаудың тәртібі

      39. Тұтанғыш қауіпті және жарылғыш қауіпті дәрiлiк заттарға жарылғыш, жеңіл тұтанғыш және жеңіл жанғыш дәрілік заттар мен араластырғанда, сүрткілегенде және жоғары температураның әсерінен тұтану және жарылыс тудыратын қосындылар түзетін дәрілік заттар жатады (осы Ережеге 1011-қосымшаға сәйкес).
      40. Жеңіл тұтанғыш сұйықтармен, оттегімен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғалар алдын ала арнайы нұсқаулаудан өтуі тиіс.
      41. Сақтау үй-жайларында мыналарға жол берілмейді:
      1) есiктердi, өтпелi жерлердi, дәліздердi, баспалдақтарды, баспалдақ алаңдарын түрлi материалдармен және бос ыдыстармен үйiп тастауға;
      2) өрт сөндiрудiң алғашқы құралдарына (өрт крандары, өрт сөндiргiштер, құм салынған жәшiктер) баратын жолдарды бөгеуге;
      3) материалдар мен дәрi-дәрмектердi электр өткiзгiштер мен электр шамдарына жақын жинауға. Соңғылары жиналатын материалдардан кемiнде 0,4 метр қашықтықта болуы қажет;
      4) жертөле үй-жайларында отқа қауiптi заттарды, сондай-ақ жеңiл тұтанатын және жанғыш сұйықтарды сақтауға арналған қоймалар құруға.
      42. Тұтанғыш және жарылғыш дәрілiк заттарды бiртектiлiк принципі бойынша және олардың физикалық-химиялық және өртке қауiптi қасиеттерi мен буып-түю сипатына сәйкес сақтау керек. Осы мақсатпен қоймалар бiр-бiрiнен тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) оқшауланған үй-жайларға (бөлiктерге) бөлiнедi.
      43. Жеңiл тұтанатын заттарды сақтауға арналған жеке қоймалар болмаған жағдайда оларды көршi үй-жайлардан мiндеттi түрде оқшауланған және өрт қауiпсіздiгi талаптарына толық сай келетiн жалпы жанбайтын құрылыстарда сақтауға жол берiледi. Бұл үй-жайларда сору-тарту вентиляциясы болуы шарт.
      44. Тұтанғыш және жарылғыш дәрiлiк заттарды сақтауға арналған қоймалар үй-жайлары жанбайтын және берiк стеллаждармен және тұғырықтармен жабдықталуы қажет.
      45. Енi кемiнде 0,7 метр және биiктiгi кемiнде 1,2 метр есiктерi бар қосымша салынған жанбайтын шкафтарда жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтарды сақтауға жол берiледi. Шкафтың орналасқан жерi жарық шығаратын жерлер мен өтетiн орындардан алшақ болуы шарт, оларға қиналмай баруға мүмкiндiк болуы шарт.
      46. Тұтанғыш және жарылғыш заттар сақталатын үй-жайлардың есiктерi ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылуға тиiс.
      47. 100 килограмнан асатын мөлшердегi жеңіл тұтанғыш сұйықты бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста отқа қауiптi басқа топтардағы заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақтауға жол берiледi.
      48. Дәрiхана ұйымдарының өндiрiстiк үй-жайларында арнайы металл жәшiгiнде жылыту аспаптары мен шығатын жерлерден оқшау жалпы 3 килограмнан аспайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етіледi.
      49. Тұтанғыш және жарылғыш заттарды негiзгi сақтау қоймаларында сыртта, сондай-ақ әрбiр сақтау бөлмелерiнде және аталған заттармен жұмыс жүргiзілетiн iшкi есiктерде жуылмайтын, айқын көрiнетiн "От қаупi бар", "Жарылғыш қаупi бар", "Шылым шегуге болмайды", "Өрт шыққан жағдайда 101 телефоны бойынша хабарласу керек" деген жазулар болуы қажет.
      50. Тұтанғыш және жарылғыш заттарды сақтауға арналған әрбiр үй-жайдың кiре берiсiнде "Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты (жауапты тұлғаның аты-жөні)" деген маңдайша болуы қажет. Жауапты адам қалған тұтанғыш және жарылғыш заттарды жинау және жұмыс аяғының соңында басқа шараларды жүргiзу мақсатында күн сайын үй-жайды тексерiп отыруы қажет.
      51. Жеңiл тұтанғыш сұйықтарды сақтауға арналған сыйымдылықтар шыныдан немесе металдан жасалады, сұйықтың ұшып кетуiн болдырмау үшiн олар қақпақтармен тығыз жабылады. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш заттарды ашық ыдыста және басқа материалдан жасалған ыдыстарда сақтауға болмайды.
      52. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш сұйықтар толтырылған сауыттар, баллондар мен басқа да iрi сыйымдылықтар соққылардан қорғалған ыдыста стеллаждар сөрелерiнде бiр қатарда сақталуы керек. Жұмыс орындарында осы сұйықтардың ауысым мөлшерiнен аспайтын мөлшерi бетi тығыз жабылған ыдыста сақталады.
      53. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш дәрілік заттарды:
      1) лық толтырылған ыдыста сақтауға тыйым салынады. Толтыру дәрежесi көлемнiң 90 процентiнен аспауы керек. Yлкен мөлшердегi спирттер металл ыдыстарда сақталады, оларды көлемнiң 95 процентiнен аспайтын қалыпта толтырады.
      2) минералдық қышқылдармен (күкiрт, азот және басқа қышқылдармен), тығыздалған және күйдiрiлген газдармен, жеңіл жанатын заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен қосылғанда жарылғыш қаупi бар қоспалар (калий хлораты, калий перманганаты және басқасы) беретiн органикалық емес тұздармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.
      54. Жанғыш және жарылғыш қауiптi заттар қалың қабатты сыйымдылықтарда (банкiлерде) сақталуы керек, қажет болған жағдайда тығындар парафинделуге тиiс.
      55. Медициналық эфир мен наркозға арналған эфирдi фабрикалық орауда, қараңғыланған салқын жерде, отпен жылыту аспаптарынан алыста сақтайды.
      56. Кальций гипохлориды жанғыш емес, бiрақ сұйық май түзгiш органикалық өнiмдермен қосылғанда олардың тұтануын қоздыруы, ал аммиакпен және аммоний тұздарымен қосылғанда жарылыс туғызуы мүмкiн, сондықтан оны сақтау баяндалған қасиеттердi ескере отырып, оқшау жүзеге асырылуы тиiс.
      57. Жеңiл тұтанғыш сұйықтарды қолданғанда (буып-түю, орын ауыстыру, тиеу және тағы сол сияқтылар) ерекше қырағылық сақтап, ыдыстың жай-күйiн, оның герметикалықтығы мен дұрыстығын ұдайы бақылап отыру керек. Ыдыстың бүлінгендiгi байқалған жағдайда дереу оларды жою шараларын қолданады немесе ондағы затты басқа түзу ыдысқа салады.
      Бөшкелердiң тығындарын соққы кезiнде немесе ағаш балғалармен ұрғанда ұшқын шығармайтын жеңіл металдардан жасалған аспаптармен ғана бұрап ашады және бұрап қояды. Бөшкелердi қоймаға дөңгелеткенде және тиегенде бөшкеге соққы тимеуiне және ұшқын пайда болуына жол бермеу үшiн қырағылық сақтау қажет. Еденге төгілген сұйықты дереу сүртiп алу қажет.
      58. Жекелеген жеңiл тұтанғыш сұйықтардың (спирт, медициналық эфир және басқасы) сақтау кезiнде статистикалық электр қуатын туғызатын қасиеттерi бар, оның ұшқыны сұйықтың лап етiп жануын туғызуы мүмкiн, сондықтан мұндай сұйықтарды қоймада буып-түюдi өртке қарсы қорғану құралдарымен жабдықталған жеке үй-жайларда жүргізіледі. Құйған немесе буып-түйген жағдайда олардың металл ыдыстарының бiр ұшы жерге қосылуға тиiс.
      59. Жеңiл тұтанғыш сұйықтардан босаған ыдысты бiраз уақыт жақсы желдетiлген үй-жайда немесе көшеде ашық қалдырған жөн.
      60. Жарылғыш қаупi бар дәрілік заттарға жарылыс пайда болуына қабiлетi бар заттар жатады.
      Бұл топтағы заттар оқшау қоймада өртке қарсы қабырғалармен және бөлiктермен бөлiнген арнайы үй-жайларда (бөлiктерде) сақтайды.
      61. Жарылғыш қаупi бар заттарды сақтаған жағдайда олардың шаңмен ластануына қарсы шараларды қолдану керек әйтпесе ол жарылыс туғызуы мүмкiн.
      62. Калий перманганаты шаңмен, күкiртпен, органикалық майлармен, эфирлермен, спиртпен, глицеринмен, органикалық қышқылдармен және басқа органикалық заттармен өзара қосылғанда жарылғыш келедi.
      Оны қоймаларда арнаулы бөлiктерде, қаңылтыр түңкелерде, жұмыс орындарында - жоғарыда көрсетiлген заттардан жеке тығындары сүртiлген штангластарда сақтау қажет. Жеңіл тұтанғыш және жанғыш заттармен бiрге сақтауға болмайды.
      Қаңылтыр ыдыстар мен калий перманганаты қосылған штангластардың шаңын ұдайы еппен сүртiп отыру керек.
      63. Нитроглицерин ерiтiндiсiн шағын, жақсы тығындалған сауыттарда немесе металл сауыттарда оттан сақтана отырып салқын, қараңғы жерде сақтайды. Нитроглицеринмен жұмысты теріге тигенде улануды және нитроглицерин төгілгенде туындайтын жарылысты болдырмау мақсатында ерекше сақтықпен жүргізу қажет. Нитроглицерин шайқалғанда, соғылғанда және спирттік ерітінділер төгілгенде жарылыс тудыруы мүмкін.
      64. Эфирдi сақтаған жағдайда (әсiресе ауа кiрген жағдайда) қышқылдану туғызады, олар сiлкiгенде, ұрылғанда, үйкелгенде немесе температура артқан жағдайда жарылыс туғызуы мүмкiн, сондықтан бұл жұмысты өте мұқият атқару қажет.
      65. Жарылысқа қауiптi және отқа қауiптi заттарды қышқылдармен және сілтілiк заттармен бiрге сақтауға тыйым салынады.
      66. Азот және күкiрт қышқылдарын сақтаған жағдайда олардың ағашпен, сабанмен және басқа органикалық заттармен жанасуына жол бермейтiн шаралар қолданылуы қажет.
      67. Жарылысқа қауiптi және отқа қауiптi заттар сақталған үй-жайларға керосин шамдарымен және шырақтармен кiруге жол берілмейді. Электр фонарларын ғана қолдануға болады.
      68. Оттегі бар баллондарды жанғыш заттармен бiрге сақтауға болмайды, сондай-ақ бұл баллондарды материалдық бөлмелер мен дәрiхана қоймаларында сақтауға болмайды.
      69. Оттегі мен жанғыш газдары бар баллондар жылу көздерiнен қорғалып, оқшауландырылған үй-жайларда немесе жабық қалқаларда сақталуы қажет, оларға май мен басқа да майлы заттар түспеуге тиiс.
      70. Оттегі бар баллондарды сақтау мен пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар құрылымы мен қауiпсiз пайдалану ережелерiне сәйкес қатаң жүзеге асырылуы қажет.

4. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын тасымалдауға қойылатын талаптар

      71. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын тасымалдау шарттары дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының тұтынушы алғанға дейінгі аралықтағы барлық уақытында қасиеттерінің, сапасының, тиімділігінің және қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
      72. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының сапасының, тиімділігінің және қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету үшін тасымалдауды мына шарттарды орындай отырып жүзеге асыру қажет:
      1) оларды идентификациялау және қауіпсіздігін бағалау мүмкіндігін жоғалтпау;
      2) басқа дәрілік заттармен (дозалармен) контаминацияланбауы және өзара контаминацияланбауы қажет;
      3) сыртқы орта факторларының әсер етуінен (температура, жарық, ылғалдылық) және басқа жағымсыз әсерлерден қорғалуы қажет.
      73. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тұтыну қаптамасында топтық ыдысқа (қалың қағаздан жасалған қорапқа немесе топтамаға) одан кейін көліктік ыдысқа (жәшікке, қорапқа, орама қағазға) салынады. Нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес келетiн (тұтыну, топтық, көлiктiк) ыдыста сақтап, тасымалдау қажет.
      Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес көліктік ыдыстарда тасымалданады.
      Көліктік ыдыс қапталған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техникасын атмосфералық жауыннан, шаңдардан, күн сәулелері түсуден, механикалық зақымданудан сақтау керек.
      Көліктік және тұтыну ыдыстары мен оны тығындау құралдарының барлық түрлерi дәрiлiк заттардың қасиеттерiне, мақсаты мен мөлшерiне байланысты таңдалуы қажет. Сондай-ақ қаптау материалының дәрiлiк заттарға сәйкес келуiне ерекше назар аударылады.
      74. Жоғары температураның әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы хладоэлементі бар термоконтейнерлерде немесе тоңазытқышпен жабдықталған арнайы көліктерде тасымалдайды.
      75. Өнеркәсiп өнiмiн бөлшектеп өлшеу кезiнде полимер пленкаларына немесе қағазға алғашқы оралған қаптамаларды алдын-ала топтарға жинау қажет, бұлар ылғал ауысудан, бу ауысудан немесе атмосферадағы газ ауысуынан қорғалған екiншi орауларға (полимер қабықтарынан немесе аралас материалдан жасалған пакеттер, iшi полиэтиленмен жабылған картон қораптары) оралады.
      76. Ұшпа, иісті, улы дәрiлiк заттар көлiк ыдысына бiр атаудан асырылмай салынады.
      77. Аэрозольді қаптамадағы дәрілік заттарды тасымалдау кезінде соғылулардан және механикалық зақымданудан қорғау қажет.

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 1-қосымша       

үлгі

Ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналы

Күні

Уақыты

Температураны өлшеу аспабының көрсеткіші (термометр)

Ылғалдылықты өлшеу аспабының көрсеткіші (психрометр, гигрометр)

Қолы

Құрғақ аспаптың көрсеткіші

Ылғалданған аспаптың көрсеткіші

Салыстырмалы ылғалдылық



























Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 2-қосымша       

үлгі

Ылғалдан қорғауды талап ететiн дәрілiк заттардың тізімі

N р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1.

Амизил

салқын жерде

2.

Аминазин ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

3.

Аммоний хлориді


4.

Апрессин ұнтақтары, таблеткалары


5.

Ацетилхолин-хлорид


6.

Бензилпенициллиннің калийлі, натрийлі тұздары


7.

Бутамид ұнтақтары, таблеткалары


8.

Галаскорбин* ұнтақтары, таблеткалары

салқын, қараңғы жерде

9.

Ганглерон порошок


10.

Гексенал

салқын, қараңғы жерде

11.

Глицерин


12.

Глюкоза ұнтақтары, таблеткалары


13.

Қыша қағаздары

қараңғы жерде

14.

Гризеофульвин ұнтақтары, таблеткалары


15.

Декамин ұнтақ

қараңғы жерде

16.

Дибазол ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

17.

Димедрол* ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

18.

Динезин ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

19.

Дипразин ұнтақ

қараңғы жерде

20.

Медициналық желатин*

қараңғы жерде

21.

Изониазид (Римифон, Тубазид) ұнтақ

қараңғы жерде

22.

Имизин* (Имипрамин) ұнтақ

қараңғы жерде

23.

Калий ацетаты*

қараңғы жерде

24.

Калий йодиді ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

25.

Кальций хлориді* ұнтақ


26.

Кальций сульфаты (Гипс)


27.

Карбахолин

қараңғы жерде

28.

Ашудастың барлық түрі

қараңғы жерде

29.

Фолий қышқылы

қараңғы жерде

30.

Котарнин хлориді

қараңғы жерде

31.

Метилтестостерон

қараңғы жерде

32.

Натрий бромиді ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

33.

Натрий йодиді

қараңғы жерде

34.

Натрий нитриті


35.

Натрия пара-аминосалицилат (ПАСК-натрий) порошок, гранулы

қараңғы жерде

36.

Натрий салицилаты ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

37.

Натрий хлориді ұнтақтары, таблеткалары


38.

Нафтамон

қараңғы жерде

39.

Неодикумарин* (Пелентан)

қараңғы жерде

40.

Никодин*

қараңғы жерде, +20С-ден жоғары емес

41.

Норсульфазол-натрий

қараңғы жерде

42.

Оксазил

қараңғы жерде

43.

Оксациллин натрийлі тұзы


44.

Оксилидин ұнтақтары, таблеткалары


45.

Окситетрациклин дигидраты, гидрохлориді

қараңғы жерде

46.

Панкреатин

салқын жерде

47.

Пантоцид

салқын, қараңғы жерде

48.

Пентамин ұнтақ

қараңғы жерде

49.

Пепсин

+20С-ден +150С-ке дейін

50.

Пилокарпин гидрохлориді ұнтақ

қараңғы жерде

51.

Пиперазин адипинаты* ұнтақтары, таблеткалары


52.

Прозерин ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

53.

Пропазин ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

54.

Протаргол

қараңғы жерде

55.

Секуринин нитраты ұнтақтары, таблеткалары


56.

Аналық қара күйе

салқын, қараңғы жерде

57.

Стрептомицин сульфаты


58.

Строфантин К ұнтақ

салқын, қараңғы жерде

59.

Сульфацил-натрий (Альбуцид-натрий)

қараңғы жерде

60.

Танин


61.

Тетрациклин гидрохлориді

қараңғы жерде

62.

Тиамин хлориді, бромиді (Витамин В1) ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде, металлдармен жанаспайтын

63.

Тиопентал-натрий

салқын, қараңғы жерде

64.

Тиреоидин

салқын, қараңғы жерде

65.

Трихомонацид ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

66.

Активтендірілген көмір


67.

Фурадонин

қараңғы жерде

68.

Хиниофон (Ятрен)

қараңғы жерде

69.

Хлоралгидрат


салқын, қараңғы жерде

70.

Целанид ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

71.

Цитизин

қараңғы жерде

72.

Қою, құрғақ экстрактілер


салқын, қараңғы жерде

73.

Эметин гидрохлориді ұнтақ

қараңғы жерде

74.

Эритромицин

қараңғы жерде

75.

Этаминал-натрий


      Ескерту:
      * Дәрілік заттарды құрғақ үй-жайда герметикалық жауып, үстінен парафинмен құйылған күйде сақтау қажет.

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 3-қосымша       

үлгі

Құрамында ұшып кететiн заттары бар дәрілік заттардың тізімі

N р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1.

Аммиак ерітіндісі

салқын жерде

2.

Бромкамфора

қараңғы жерде

3.

Йод

қараңғы, салқын жерде

4.

Йодоформ

қараңғы, салқын жерде

5.

Камфора

салқын жерде

6.

Ментол

қараңғы жерде

7.

Метилсалицилат

қараңғы жерде

8.

Металлдық сынап

салқын жерде

9.

Тимол

қараңғы жерде

10.

Формалин

қараңғы жерде, +90С-тен төмен емес

11.

Хлоралгидрат

қараңғы, салқын жерде

12.

Эфир майлары

+150С-тен жоғары емес

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 4-қосымша       

үлгі

Құрамында кристалдандырылған суы (кристаллогидраттары) бар дәрiлік заттардың тізімі

N р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1.

Акрихин ұнтақ

қараңғы жерде, жақсы тығындалған ыдыста

2.

Анальгин ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

3.

Апоморфин гидрохлориді ұнтағы

қараңғы жерде

4.

Бензилпенициллиннің новокаинді тұзы

құрғақ жерде, +180С-тен аспайтын

5.

Викасол ұнтақтары, таблеткалары


6.

Глюкоза ұнтақтары, таблеткалары


7.

Темірдің тотыққан сульфаты

жарық жерде

8.

Темірдің тотыққан лактаты

қараңғы жерде

9.

Кальцекс таблеткалары


10.

Кальций глицерофосфаты


11.

Кальций глюконат ұнтақтары, таблеткалары


12.

Кальций лактатий


13.

Ашудастың барлық түрлері


14.

Кодеин фосфаты

қараңғы жерде

15.

Кодеин

жақсы тығындалған ыдыста

16.

Котарнин хлориді (Стиптицин) ұнтағы

қараңғы жерде

17.

Кофеин ұнтағы


18.

Магний сульфаты ұнтағы


19.

Мыс сульфаты


20.

Меркаптопурин (Лейкерин)


21.

Метиленді көк

қараңғы жерде

22.

Натрий арсенаты


23.

Натрий гидроцитраты ұнтағы


24.

Натрий пара-амино-салицилаты (ПАСК-натрий) ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

25.

Натрий сульфаты


26.

Натрий тиосульфаты ұнтағы


27.

Натрий тетрабораты


28.

Натрий фосфаты

салқын жерде

29.

Натрий цитраты


30.

Норсульфазол-натрий

салқын жерде

31.

Рутин ұнтағы

қараңғы жерде

32.

Қорғасын ацетаты ұнтағы


33.

Скополамин гидробромиді ұнтағы

қараңғы жерде

34.

Сульгин ұнтақтары, таблеткалары


35.

Сульфацил-натрий (Альбуцид-натрий) ұнтағы


36.

Теофиллин ұнтағы

қараңғы жерде

37.

Тиамин бромиді, хлориді ұнтағы

қараңғы жерде, металлдармен жанаспайтын

38.

Терпингидрат ұнтағы


39.

Уросульфан ұнтақтары, таблеткалары

құрғақ жерде

40.

Фтивазид ұнтақтары, таблеткалары


41.

Хинин сульфаты ұнтақтары, таблеткалары

қараңғы жерде

42.

Цинк сульфаты ұнтағы


43.

Этилморфин гидрохлориді

қараңғы жерде

44.

Эмитин гидрохлориді

қараңғы жерде

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 5-қосымша       

үлгі

Төмен температура әсерiнен (мұзға айналудан) қорғауды талап ететiн дәрілiк заттардың тізімі

      1. Алмагель суспензия
      2. Алоэ линимент
      3. Адиурекрин жақпа майы
      4. АТФ (Фосфобион)
      5. Бекотид аэрозоль
      6. Беродуал аэрозоль
      7. Беротек аэрозоль
      8. Вамин
      9. Верографин
      10. Витогепат
      11. Гамма-глобулиндердің барлық түрі
      12. Дезоксикортикостерон үшметилацетаты инъекцияға арналған ерітіндісі
      13. Дибунол линимент
      14. Медициналық өт қышқылы
      15. Асқазан сөлі
      16. Инсулиндердің барлық түрі
      17. Иммуноглобулиндердің барлық түрі
      18. Канестен
      19. Липофундин (Интралипид)
      20. Маннитол
      21. Маммотоцин
      22. Мараславин
      23. Метилэргометрин инъекцияға арналған ерітіндісі
      24. Метронидазол инъекцияға арналған ерітіндісі
      25. Оксипрогестерон капронаты
      26. Пармидин жақпа майы
      27. Сутегі асқын тотығы ерітіндісі
      28. Пиперазин адипинаты ерітіндісі
      29. Пелоидин
      30. Протамин сульфаты
      31. Реопирин (Пирабутол) инъекцияға арналған ерітіндісі
      32. Реополиглюкин
      33. Салазопиридазин суспензиясы
      34. Сальбутамол аэрозоль
      35. Санорин
      36. Әйнектүсті дене
      37. Сустак-митте, Сустак-форте таблеткалары
      38. Флунитразепам (Рогипноль) инъекцияға арналған ерітіндісі
      39. Фолликулин
      40. Формальдегид ерітіндісі (Формалин)
      41. Фосфэстрол (Хонван)
      42. Фторфеназин-деканоат (Модитен-депо)
      43. Эглонил инъекцияға арналған ерітіндісі
      44. Этаден
      45. Эргометрин инъекцияға арналған ерітіндісі

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 6-қосымша       

үлгі

Ауаның көмiрқышқыл газымен әсерленгiш заттар

N р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1.

Апоморфин гидрохлориді ұнтақ

құрғақ, қараңғы жерде

2.

Барбитал-натрий

құрғақ жерде

3.

Гексенал

құрғақ, салқын, қараңғы жерде

4.

Дифенин

құрғақ жерде

5.

Магний оксиді

құрғақ жерде

6.

Магний пероксиді

құрғақ, қараңғы жерде

7.

Норсульфазол-натрий

құрғақ, қараңғы жерде

8.

Темисал

құрғақ, қараңғы жерде

9.

Цинк оксиді

құрғақ жерде

10.

Этазол-натрий ұнтақ

құрғақ, қараңғы жерде

11.

Этаминал-натрий

құрғақ жерде

12.

Эуфиллин ұнтақ, таблеткалар

құрғақ, қараңғы жерде

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 7-қосымша       

үлгі

Иiсi бар дәрiлiк заттар тізімі

N р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1.

Аммиак ерітіндісі

салқын жерде

2.

Валидол

салқын жерде

3.

Деготь


4.

Ихтиол


5.

Йодоформ

қараңғы, салқын жерде

6.

Камфора

салқын жерде

7.

Ксероформ

жарық пен ылғалдың әсерінен сақтайтын ыдыста

8.

Метилсалицилат

қараңғы жерде

9.

Ментол

салқын жерде

10.

Мүсәтірлі-анисті тамшылар

қараңғы, салқын жерде

11.

"АСД" препараты

салқын жерде

12.

Скипидар

қараңғы жерде, +150С-тен жоғары емес

13.

Тимол

қараңғы, салқын жерде

14.

Фенол

қараңғы, салқын жерде

15.

Формалин

қараңғы жерде, +90С-тен кем емес

16.

Эфир майлары

қараңғы, салқын жерде, +150С-тен жоғары емес

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 8-қосымша       

үлгі

Бояйтын дәрілік заттардың тізімі

N р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1.

Акрихин

құрғақ, қараңғы жерде

2.

Бриллиант көгі

оттан алыс жерде

3.

Индигокармин инъекцияға арналған


4.

Калий перманганаты

құрғақ жерде

5.

Метиленді көк

құрғақ, қараңғы жерде

6.

Рибофлавин (Витамин В2)

құрғақ, қараңғы жерде

7.

Фурацилин (Нитрофурол)

құрғақ, қараңғы жерде

8.

"Фукорцин" ерітіндісі

салқын, қараңғы жерде

9.

Фуксин

қараңғы жерде

10.

Этакридин лактаты

құрғақ, қараңғы жерде

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 9-қосымша       

үлгі

Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар немесе улы заттар, жүрек гликозидтері, эфир майлары бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзатының тізімі

1. Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар немесе улы заттар бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты

      1. Барбарис түбiрi мен жапырағы
      2. Барвинка шөбi
      3. Меңдуана жапырағы
      4. Сасық меңдуана жапырағы, жидегi
      5. Красавка жапырағы, түбiрi
      6. Крестовник шөбi, түбiрi бар түбiршiктер
      7. Көкнар қалқандары
      8. Қара алқа шөбi
      9. Таңдамалы плаун шөбi
      10. Раувольфия түбiрi
      11. Жас бұтақ түбiрi
      12. Скополия түбiршiктерi
      13. Аналық қара күйе
      14. Ақмия шөбi мен тұқымы
      15. Чилибуха тұқымы
      16. Усарғалдақ шөбi
      17. Томар дәрi тамыры

2. Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты

      1. Жанаргүл шөбi
      2. Наперстянка жапырағы
      3. Строфант тұқымы
      4. Меруетгүл шөбi
      5. Сарыбас шөбi
      6. Олеандр жапырағы

3. Құрамында эфир майлары бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты

      1. Андыз түбiрi
      2. Анис жемiсi
      3. Арник гүлдерi
      4. Қазанақ
      5. Қайың бүршіктері
      6. Дәрілік шүйгін шөп
      7. Девясил түбірлері
      8. Киікоты
      9. Кориандр жемістері
      10. Арша жемістері
      11. Бұрыш жалбыз жапырағы
      12. Пижма гүлдері
      13. Самырсынның қылқан жапырағы
      14. Кермек жусан шөбі мен жапырақтары
      15. Дермене гүлдері
      16. Қызыл бұрыш жемістері
      17. Түймедағы дәріхана гүлдері
      18. Қарағай бүршіктері
      19. Тас шөп
      20. Зере жемістері
      21. Мыңжапырақ шөбі
      22. Фенхель жемістері
      23. Құлмақ
      24. Жебір шөп
      25. Шалфей жапырағы
      26. Эвкалипт жапырағы мен жемістері

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 10-қосымша      

үлгі

Тұтанғыш қауіпті және жарылғыш қауіпті дәрiлiк заттардың тізімі

N р/с

Тұтанғыш және жарылғыш қауіпті дәрiлiк заттар

Жеңіл тұтанғыш дәрiлiк заттар

1.

Новиков сұйығы

2.

Клеол

3.

Коллодий

4.

Сүт қышқылы

5.

Органикалық майлар

6.

Рентген пленкалары

7.

Скипидар

8.

Этил спирті және спиртті ерітінділер

9.

Спиртті және эфирлы тұнбалар, экстрактілер

10.

Хлорэтил

11.

Эфир

12.

Ацетон

13.

Хлороформ

Жеңіл жанғыш дәрiлiк заттар

14.

Глицерин

15.

Дәрілік өсімдік шикізаты

16.

Байлау-таңу материалдары

17.

Өсімдік майлары

18.

Күкірт

Жарылғыш қауіпті дәрiлiк заттар

19.

Нитроглицерин

20.

Эринит

21.

Калий перманганаты

22.

Күміс нитраты

23.

Азахлорамид

24.

Аэрозольді қаптамадағы препараттар

Дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен   
медициналық техниканы     
сақтау және тасымалдау    
ережесіне 11-қосымша      

үлгі

Араластырғанда, сүрткілегенде және жоғары температураның әсерінен тұтану және жарылыс тудыратын қосындылар түзетін дәрілік заттардың тізімі

1.

Амилнитрит

Амилнитрит булары ауамен қосылғанда жарылыс қауіпті қоспа түзеді

2.

Глицерин

Азотпен және хром қышқылдарымен, хлор әгiмен, сондай-ақ калий хлоратымен, калий перманганатымен, гипохлоридтермен, басқа да тотықтырғыштармен қосылғанда жарылыс туғызуы мүмкiн.

3.

Қалпына келтірілген темір

Калий перманганатымен, калий хлоратымен, гипохлориттармен, хлораттармен, йодпен және басқа тотықтырғыштармен сүрткілеген кезде жарылыс пайда болуы мүмкiн.

4.

Азот тотығы

Эфирмен қосындыда жарылыс туғызуы мүмкiн.

5.

Йод және йодтың спиртті ерітіндісі

Аммиагы бар сұйықтармен (аммиак ерiтiндiсi, аммиак линиментi және басқасы), амидохлорид сынабымен, эфир майларымен, сондай-ақ этил спиртінің сулы ерітінділері және терпентиндi майлармен араластырған кездегi жарылғыш қоспалар.

6.

Калий бихроматы

Глицеринмен, эфирмен, эфир майларымен және алкогольмен шапшаң араластырып шайқаған жағдайда жарылыс болуы мүмкiн.

7.

Калий перманганаты

Күкіртпен, сульфидтармен, қалпына келтірілген темірмен, сахаринмен, глицеринмен, спиртпен, танинмен, майлармен, скипидармен, қантпен, байытылған көмірмен, өсімдік ұнтақтарымен және басқа органикалық заттармен сүрткілеген кезде(тіпті араластырғанның өзінде жарылыс пайда болуы мүмкін).

8.

Калий хлораты

Қалпына келтiрiлген темiрi, салицилi, карболы және басқа қышқылдары, сульфидтары мен тиосульфаттары, йоды, танины, крахмалы, глицеринi, спиртi мен басқа да заттары бар жарылғыш қоспалар.

9.

Азот қышқылы

Глицеринмен, алкогольмен, фенолмен, эфирмен, майлармен, қантпен, смоламен, крахмалмен және басқа органикалық заттармен қосылғанда тұтанғыш және жарылғыш келедi. Күштi азот қышқылы төгiлген жағдайда сабан мен ағаштың өздiгiнен жануы мүмкiн.

10.

Пикрин қышқылы

Глицеринмен, эфирмен, эфир майларымен, алкогольмен шапшаң араластырып шайқаған жағдайда жарылыс болуы мүмкiн. Сондай-ақ күкiрттен, йодпен, байытылған көмiрмен және органикалық заттармен сүрткілеген жағдайда да.

11.

Концентрлі күкірт қышқылы

Сумен, спиртпен, эфир майларымен және әсiресе қышқылы терпентин майларымен шапшаң араластырған жағдайда жарылыс мүмкiндiгi бар күштi қайнау болады, әрi төмен температура кезiнде бiршама уақыт өткеннен кейiн жарылыс болады. Күштi күкiрт қышқылымен араластырған жағдайда суға қышқылды аз мөлшерлермен жайлап қосып отыру керек керiсiнше емес.

12.

Хром қышқылы

Глицеринмен, эфирмен, эфир майларымен немесе алкогольмен шапшаң араластырып шайқаған жағдайда жарылыс болуы мүмкiн.

13.

Эфир майлары

Йодпен, броммен, хроммен, күкiрт қышқылымен, калий перманганатымен және пероксидпен қоспасында шапшаң тұтанып, жарылыс болуы мүмкiн.

14.

Натрий тиосульфаты

Калий хлоратымен, калий нитратымен, калий перманганатымен, пергидрольмен сүрткілеген кезде жарылыс болуы мүмкiн.

15.

Аммиак ерітіндісі

Еркiн жағдайда хлоры, бромы, аммиагы бар (хлорлы әгi, бром суы, йод ерiтiндiсi және басқа йоды бар препараттар) қоспасында жеңiл тұтанады және жарылады.

16.

Сутегі перкосиді

Күмiс коллоиды препараттарымен (колларгол), ерітіндісі натрий тиоосульфатымен қосылғанда жарылыс мүмкiндiгi бар.

17.

Сынап амидохлориды

Хлоры, бромы, йоды бар препараттармен қоспасында тұтанғыш және жарылыс мүмкiндiгi бар.

18.

Сынап оксицианиді

Сүрткілеген кезде препараттың жарылыс қаупі бар.

19.

Күкірт

Күшті қышқылдармен: калий перманганатымен, калий хлоратымен, калий нитратымен, пероксидтермен, гипохлоридтармен, хлораминдармен сүрткілеген кезде жарылыс болуы мүмкiн.

20.

Күміс нитраты

Алколоидтармен гликозидтармен, креозоттармен, фенолдармен, қорғасын ацетатымен және органикалық смолалармен сүрткілеген кезде жарылыс мүмкiндiгi бар.

21.

Танин

Калий хлоратымен, калий перманганатымен және басқа күштi қышқылдармен қосылған жарылғыш заттар.

22.

Байытылған көмір

Калий перманганатымен, калий хлоратымен, пероксидтермен, хлороамидтермен, гипохлоридтармен сүрткілеген кезде жарылыс болуы мүмкiн.

23.

Медициналық эфир

Эфир булары ауамен, азот кислородымен немесе қышқылымен қоспасының кейбiр жиынтықтарында жарылады.