"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 151-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3760 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 23 қарашада, N 153 (777) жарияланған "Кәсіби аурулар мен улануларды тіркеу, тексеру, есепке алу және олар бойынша есеп беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 294 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А.Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 12 қарашадағы
N 705 бұйрығымен бекітілген
Халықтың жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже халықтың жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібін айқындайды.
2. Жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеруді санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары жүргізеді.
2. Халықтың жұқпалы және паразиттік аурулары жағдайларын тексеруге талаптар
3. Халықтың жұқпалы және паразиттік аурулары жағдайларын тексеруді нысаны түскеннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары жүргізеді.
4. Сирек кездесетін, Қазақстан Республикасының аймағында жойылған немесе қайта тіркелген халықтың жұқпалы және паразиттік аурулары ұйғарылған кезде штаб құрылады, оның құрамына мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтың мамандары енгізіледі, қажет болса республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының, ғылыми-зерттеу институттардың және басқа мекемелердің өкілдері қосылады.
Штабтың жанында мынадай таптар ұйымдастырылады:
1) эпидемиологиялық тексеру және зерттеу (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық деңгейлік эпидемиолог/паразитолог-дәрігерлер);
2) зертхалалық диагностика (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық деңгейлік бактериолог/вирусолог-дәрігерлер);
3) ауруларды айқындау және емдеу (емдеу дәрігерлер (инфекционисттер, терапевттер, педиаторлар, невропатологтар, отбасылық дәрігерлер және басқа мамандар);
4) санитарлық-гигиеналық қадағалау (коммуналды гигиена, тағам гигиена, балалар және жасөспірім гигиена, радиациялық гигиена бойынша мамандар);
5) дезинфекция (дезинфекционист-дәрігер, дезинструктор, дезинфектор).
5. Тексеру кезінде эпидемиолог(паразиолог)-дәрігер халықтың жұқпалы және паразиттік аурулары жағдайлардың клиникасын талдайды, ол үшін аурулардың тарихтармен танысады, дәрігерлермен әңгімелеседі, аурулармен және байланыста болғандарды сұрайды, бар зертханалық деректерді талдайды. Ең қолайлы деректермен белгілер толық жазылады (24 сағат ішінде ең көп болған дәрісі, температурасының қисығы және басқа).
Зертхананың мамандарымен (бактериолог, вирусолог) бірге зертханалық диагностиканың дұрыстығын мынадай критерий бойынша бағалайды:
1) зертхананың техникалық жабдықталғандығы, өлшеуші құралдардың дер кезінде тексерілуі;
2) методикаларды бұзбай микробиологиялық зерттеуді жүргізуі;
3) қолданатын орталардың, аглютинация сывороткалардың, диагностикумдардың, сынақ-жүйелердін сапасы (жарамдылық мерзімі, сақтау талаптарын бұзбауы, өсу сапасы);
4) зертхананың ішкі қадағалауын жүргізуінің толықтығы және сапасы;
5) зертханада жұмыс істейтін қызметкерлерінің кәсіптік деңгейі.
Диагноздың этиологиялық мағынасын ашу үшін аурулардың мәліметтерін қолданыстағы методикалық құжаттарға сәйкес зерттеу керек. Керек кезде зерттеу облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында жүргізіледі, бөлінген патогенді дақылдар идентификациялау үшін сәйкес референс-зертханаға жіберіледі.
Қорытынды диагноз аурулардың клиникалық және зертханалық деректер, эпидемиологиялық анамнез және ауруларды сұрастыру негізінде қойылады.
6. Ауруларды және байланыста болғандарды сұраған кезде эпидемиолог (паразитолог) - дәрігер келесіні анықтайды:
1) инкубация кезеңі ағымында ұқсас ауру белгілері бар байланыста болған адамдардың тобын;
2) тегі, аты-жөні, туған күні, мекен жайы, байланыс телефондары, жұмыс/оқу орны;
3) ауру басталған күні (қысқа инкубациялық кезенді аурулар үшін – ауру басталған анық уақыты), ауруханаға жатқан күні, орны, аурудың негізгі белгілері);
4) жұқпаның көзі болуы мүмкін күдіктілер, факторлары және жұғу жолдары туралы мәліметтерді;
5) ұйымдасқан ұжымға соңғы рет барған, елді мекеннің, облыстың, мемлекеттің шекарасына шыққан күні.
7. Карантинды және аса қауіпті аурулар, сондай-ақ топталған аурулар ұйғарылған кезде ресми жариялауды үй басы аралауды ұйымдастыру керек.
Ауру инкубация кезеңі/ауру ағымында ұйымдасқан ұжымға барса сол объектіні тексеріп аурудың бұдан әрі таралуын алдын алу үшін лайық санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды ұйымдастырып жүргізу керек. Сол объектіні тексеру нәтижесі бойынша тексеру біткен күнде санитарлық-эпидемиологиялық тексеру акты рәсімделеді.
Эпидемиологиялық тексеру нәтижесі сәйкес жұқпалы аурудың ошағының эпидемиологиялық тексеру картасына жазылады.
3. Кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібі
8. Тез өрбіген кәсіптік ауруларды және улану диагнозын азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық, медициналық көмек көрсеткен ұйымдар, ал созылмалы кәсіптік ауруларды (улануды) - кәсіптік патология орталықтары (бұдан әрі - Орталық) немесе кәсіптік аурулар клиникасы анықтайды.
9. Орталықта тұрақты жұмыс істейтін бағытты, кәсіптік тұрғыдан патологияны (бұдан әрі - кәсіптік патология) сараптау комиссиясы құрылады. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссияның құрамының жалпы саны 3 адамнан кем болмауы керек. Комиссияның төрағасы ауру бағыты бойынша маманы боп тағайындалған кәсіптік патолог дәрігер тағайындалады. Кәсіптік патологиялық комиссиясының мүшелері кәсіптік патология жөнінде дәрігерлер немесе маман сертификаты бар дәрігерлер болу керек.
10. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясы 30 күнтізбелік күн ішінде кәсіптік ауру және улану диагнозын қоюға арналған материалдарды:
1) медицина ұйымының жолдама қағазы;
2) аурудың медициналық (амбулаториялық, стационарлық) картасынан алынған, оның ішінде жұмысқа алынар алдындағы, одан соң кезеңді медициналық тексерістерден өткендігі туралы және зертханалық, функционалдық тексерістер туралы толық мағлұмат;
3) тұрған орындарынан алынған эпикриздерінің көшірмесі;
4) еңбек ету жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы;
5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар болған жағдайда ғана қарайды.
11. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясы келесі шешімдерді қабылдайды:
1) кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болатын ауруларды, оның ішінде кейіннен болатын түрлерін;
2) кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болатын аурулары;
3) өндірістік зиянды факторлар әсер ету салдарынан пайда болатын жеке белгілердің болуы ("К" тобы);
4) кәсіптік аурудың өршуі (тоқтаусыз өрбуі);
5) кәсіптік аурудың өршуінің тоқтауы немесе кері жүруі;
6) кәсіптік ауру жоқ дегізетін кәсіптік аурудың қалдық белгілері (ұзақ уақыттан кейінгі салдары), аурудың салдары;
7) қайталай тексерістер жүргізу арқылы қосымша мағлұматтарды жинау (көрсетілсін);
8) жоғарғы дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек алу және тереңдетілген тексерістер жүргізу үшін кәсіптік патология клиникасында тексеріліп, кеңес алуды қажет етеді.
12. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясының қорытындысында кезекті емдеу-профилактикалау шаралары көрсетіліп, диспансеризацияға алу, медициналық тұрғыдан қалпына келтіру мәселелері шешілуі керек.
13. Егер аурудың пайда болуын анықтауда қиындықтар кездесетін болса және ауырған адаммен келіспеушілік болған жағдайда, қолдағы материал 10 күнтізбелік күн ішінде республикалық кәсіптік-патологиялық сараптау комиссиясында қаралуға жіберіледі.
14. Кәсіптік аурудың диагнозын анықтауға керекті негізгі құжат (атқаратын жұмысына немесе кәсібіне байланысты) ретінде тізім болып саналады. Тізімде зиянды, қауіпті және өндірістік қолайсыз факторлардың әсер етуінің арқасында пайда болатын аурулар қарастырылған. Тізімде атқарылатын жұмыстар мен өндірістердің тізімі берілген.
15. Кәсіптік ауру және улану диагнозын қойғанда, аурудың клиникалық формаларының ерекшеліктері, әсер ететін этиологиялық фактордың және атқаратын жұмыстың, өндірістік орта мен еңбек үдерісінің жағдайы және зиянды және қауіпті жұмыс жағдайындағы жұмыс өтілі еске алынады. Егер өндірістік орта жағдайына тексеріс жүргізілмесе, ол кәсіптік ауру немесе улану деп диагноз қоюға кедергі бола алмайды. Мұндай да ғылыми әдебиеттің, модельдеудің және осыған ұқсас өндірістік жағдайларға ұқсату арқылы диагноз қоюға болады.
16. Егер аурудың себептері әртүрлі факторлардың салдарынан пайда болған болса, оның ішінде кәсіптік факторлар орын алса, онда мұндай ауру кәсіптік деп саналынады.
17. Күрделі сараптау мәселелерін шешу үшін кәсіптік аурулар және улану диагнозын қоюда қарама-қарсы пікірлер орын алғанда уәкілетті орган арқылы тұрақты жұмыс істейтін сараптаудың республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясы құрылады.
18. Республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясы 30 күнтізбелік күн ішінде мынандай құжаттарды талқылайды:
1) бағыттау қағазын (республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясына жіберілген хаттарды, өтініштерді және басқа да өтініш материалдарын қарайды);
2) күрделі, тартыс тудыратын орталықтағы кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясының шешімін қарайды;
3) стационарда емделген аурудың аурунамасын;
4) тұрған жерінен алынған амбулаториялық картаның негізгі нұсқасын;
5) тұрған жерінен алынған эпикризді;
6) жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді медициналық тексерістердің мәліметтерін;
7) жұмыс істеу жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасын;
8) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
9) сұранысқа сай алынған қосымша құжаттарды.
19. Республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясы мынандай шешімдерді шығарады:
1) пайда болған ауру кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болған, бұған кейіннен пайда болған аурулар да жатады;
2) пайда болған ауру кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болмаған;
3) кәсіптік аурулардың қалдық түрін (кейіннен пайда болған) анықтаумен қатар бұрынғы болған кәсіптік аурудың жоқтығын анықтауға дейін;
4) комиссиямен белгіленген уақыттан кейін қосымша мәліметтерді бергеннең кейін тапсырғанда қайта қарауды қажет етеді;
5) кәсіптік патология клиникасы жағдайында мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қажет етіп, комиссиямен белгіленген уақытта қайта қарауды талап еткенде тереңдете жүргізілген тексеріске немесе кеңес беруге жіберіледі.
20. Медициналық тұрғыдан қалпына келтіруге берілген ұсыныстары бар, республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясының қорытындысы аурудың қолына немесе оның өкіліне сенім хат бойынша беріледі.
21. Кәсіптік аурудың (уланудың) әрбір жағдайы тексеруге жатады.
22. Тексеріс барысында мыналар анықталынуы керек:
1) кәсіптік аурудың (уланудың) пайда болу жағдайы немесе оның себептері анықталынуы керек;
2) ауру пайда болған жұмыс орнына (жұмыс аумағында, өндірістік учаскеде, цехта) тексеріс жүргізіледі;
3) керек болған жағдайда зиянды өндірістік факторларды зертханалық жолмен, құрал-саймандарды қолдану арқылы тексеріс жүргізіледі;
4) жұмыс атқарушының жұмыс істеу жағдайына санитарлық-эпидемиологиялық баға беріледі;
5) ұйымға берілген санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс актілері, зертханалық тексерістердің қорытындысы, жұмыс орнын аттестациялау жағдайы;
6) жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді медициналық тексерістердің материалдары тексеріліп, еңбек ету жағдайы мен оны қорғауды жақсартуға бағытталған санитарлық-сауықтыру шаралар тексеріледі.
23. Тұрақты жұмыс орнынан (оқудан) тыс жерге жіберілген адамдарда кәсіптік аурудың және уланудың пайда болу жағдайын тексеруді кәсіптік ауру (улану) орын алған нысандарды бақылайтын санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.
24. Кәсіптік аурумен ауырған адамдарға диспансерлік бақылау жұмысын осы салада жұмыс істейтін медицина ұйымы жүргізуі керек.
25. Тапсырма берілген ұйым 1 ай мерзім ішінде тексеру үшін қажет сұралған құжаттардың көшірмесін жіберулері керек.
Халықтың жұқпалы және
паразиттік, кәсіптік аурулары
мен улану жағдайларын
тексеру ережесіне
қосымша
Кәсіптік аурулар мен уланудың тізімі
N |
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ауруларды Х-шы қайта қарауына байланысты аурулардың халықаралық жіктелуіне сай аурулардың атауы (бұдан әрі АХЖ 10:) |
Кәсіптік ауруларды тудыруға әсері бар қауіпті зиянды заттар мен өндірістік факторлар |
Өндірістің атқарылатын жұмыстардың шамамен тізімі |
1.Химиялық факторлардың әсерінен пайда болған аурулар |
|||
1) |
Органдардың зақымдануы мен жүйелердің оқшауланған немесе бірлескен түрде өтетін жіті улануы, созылмалы уыттануы (АХЖ 10:Т36-Т65) және олардың салдары (АХЖ 10:Т36-Т98) |
Химиялық заттар: |
Өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, көліктің, қызмет көрсетудің, әртүрлі салаларында улы әсері бар химиялық заттарды қолдану (зертханалық жұмыстарды қосып есептегенде), қайта өңдеу, алу процестерімен байланысты жұмыстың барлық түрлері |
Тыныс алу органдарының ринофаринголарингиттің, эрозияның, мұрын қуысындағы аралықты тесудің, кеңірдектің қабынуының, бронхтың қабынуының, пневмосклероз және басқаларының уытты зақымдануы. |
Азот қышқылы, аммиак, азот тотықтары, изоцианаттар, кремний-органикалық қосындылар, селен, күкірт және олардың қоспалары, формальдегид, фталды ангидрид, фтор және олардың қосындылары, хлор және олардың қосындылары, хром және олардың қосындылары және басқалары. |
||
Уытты анемия |
Ароматты қатардағы аминді-, нитро- және хлорқосындылары, бензол және олардың туындылары, бензол гомологтары, гекса- метилендиамин, (хлорлыорганикалық) пестицидтер, қорғасын және олардың неорганикалық қосындылары. |
||
Ас қорыту органдарының уытты зақымдануы: |
Ароматты қатардағы аминді- және нитро- қосындылар, бензол және олардың туындылары (стирол), майлы қатардағы көмірсутегі галоидты туындылар, гидразин және олардың қосындылары, пестицидтер (хлорлыорганикалық), фосфор және оның қосындылары, фтор және оның қосындылары. |
||
Уытты бүйрек дерті |
Бета-нафтол, кадмий, төртхлорлы көміртек |
||
Нерв жүйесінің уытты зақымдануы: көптеген жүйке дерттері (АХЖ 10:G62.2), неврозға ұқсас жағдай (АХЖ 10: G90.9), энцефалопатия (АХЖ 10: G92) |
Ароматты қатардағы аминді-, нитро- және хлорқосындылары, гексаметилендиамин бензол және олардың туындылары (бензол гомологтары, стирол), майлы қатардағы көмірсутек галотуындылары, гидразин және оның қосындылары, марганец, пестицидтер, сынап және оның қосындылары, күкірт- көміртек, тетраэтил- қорғасын және басқалары, фтор және оның қосындысы, фосфор және оның қосындысы, қорғасын және оның қосындысы. |
||
Көздің уытты зақымдануы: катаракта (АХЖ 10:Н26.8-Н26.9); |
Тринитротолуол, азот қышқылы, аммиак, азот тотығы, изоцианаттар, күкірт және оның қосындылары, формальдегид, фтор және оның қосындылары, хлор және оның қосындылары. |
||
Сүйектердің уытты зақымдануы: остеопороз түрінде (АХЖ 10:М82) |
Сары фосфор және оның қосындылары, фтор және оның қосындылары |
||
2) |
Тері аурулары: эпидермоз (АХЖ 10:L18.1), жанасу арқылы пайда болған дерматит (АХЖ 10:L23, L24, L25), фотодерматит (АХЖ 10: L56), тырнақ аурулары (АХЖ 10:L60.8), паранихиялар (АХЖ 10:L60.8), уытты мелано- дермия (АХЖ 10:Т53), майлы фоликулиттар (АХЖ 10:L73.8) |
Мұнайды, тас көмір мен тақтатастарды тасымалдағандағы өнімдер (бензин, керосин, жағатын майлар, крезол, лизол, гудрон, мазут, асфальт, пек және оның дистилляттары), хлорланған нафталиндер, қышқылдар, сілтілер, органикалық ерітінділер, гидросульфат, хлорлы әк, ауыр металдардың тұздары, күшәннің, сүрменің, формалиннің, желімнің қосындысы |
Химиялық, мұнай өңдеу, машина құрылысы, металлургиялық, ағаш өңдейтін, тері- шикізаты, терівенерология, тағам өнеркәптік, мұнай құятын кемелерді тазалау; құрылыс, жиһаз өндірісі, шахта құрылысшылары. |
Кәсіптік витилиго (АХЖ 10: L80) |
Пара-трет-бутилфенол Төменгі пара-алкил және пара-алкоксифенолы, 4-алпикатихин дер. |
Шайырлар, лактар, эмальдар алу үшін пара-трет-бутилфенолды өндіру және қолдану. Майлар мен отындарға құрамында фенолы бар сіңіргіштерді өндіру. |
|
3) |
Темір қызбасы (АХЖ 10:Т56), фторопласты (тефлонды) қызба(АХЖ 10:Т65.8) |
Түсті металдар конденсацияларының аэрозольдары (мырыш, мыс, никель, сүрме және басқалары), қайта полимерленген аэрозольдар (фторопластар). |
Түрлі-түсті металлургия, пластикалық массалар өндірісі (фторопластар) және оларды өңдеу, түсті металдан жасалған материалдарды өңдеу |
2. Өнеркәсіптік аэрозольдардың әсерінен пайда болатын аурулар |
|||
1) |
Пневмокониоздар: |
Құрамында кремний диоксиді бар бос және байланған жағдайда шаңды, кенді, рентген сәулесін ұстайтын, көміртекті шаңды жұту, (көмір, кокс, күйе, графит және басқалары); |
Кен орындарында, шахталарда, ашық карьерлерде, байытатын және аяқталатын таукен орындары, көмір кәсіпорындары фабрикаларындағы жұмыс; |
2) |
Биссиониоз (АХЖ 10:J66.0) |
Әртүрлі өсімдіктердің шаңы ұзақ уақыт жұту (мақта, зығыр, джут). |
Тоқыма өндірісінде мақтаны, зығырды, джутты қайта өңдеу. |
3) |
Кәсіптік бронхит (шаңды, уытты-шаңды): |
Жоғарыда көрсетілген шаңның барлық түрлерін, сонымен қатар өсімдіктен және жануардан шығатын органикалық шаңның барлық түрін (ұннан, дәннен, қылдан істелген, жүннен, темекіден, қағаздан, қанттан және басқалардан) жұту. |
4-ші бағандағы 2-ші пункттің ішіндегі көрсетілген жұмыстар, сонымен қатар өндіріс:киізбасу, ұнжарма өндірісі, қантты, фармацевтикалық, жүнді, мақтаны, зығырды және басқада қабықты дақылдарды алғашқы өңдеуден өткізу, сонымен қатар шаңбөлумен байланысы бар басқада жұмыстар. |
4) |
Пневмомикоздар (микотоксикоздар (АХЖ 10:В44.8, В48.8), актиномикоздар (АХЖ 10:А42.0) |
Жерасты қойнауларындағы шахта суында көбейетін грибокты флорамен, жабдықтармен, өсімдіктен және жануардан шығатын органикалық шаңмен (ұнды, дәнді, жүнді, темекілі) жанасу |
Кен орындары мен шахталардағы жұмыстар, шаң бөлумен атқарылатын басқада жұмыстың түрлері. |
5) |
Жоғарғы тыныс жолдарындағы толық дистрофиялық аурулар (созылмалы субатрофикалық және гипертрофикалық ринофарингит) (АХЖ 10:J31.0- J32.9) |
3-ші бағанның, 2-ші пунктінің ішінде көрсетілгендей шаңды жұту. |
4-ші бағанның, 2-ші пунктінің ішінде көрсетілгендей жұмыстар. |
3. Физикалық факторлардың әсерінен пайда болатын аурулар |
|||
1) |
Ионды сәуленің әсеріне байланысы бар аурулар (АХЖ 10:W88): |
Біржолғы, қысқа уақытта жалпы әсер ететін сыртқы иондаушы сәуле көзі немесе біршама радиоактивтік заттардың және олардың қосындыларының организмнің ішіне енуі. |
Радиоактивтік заттармен және иондаушы сәуле көздерімен жүргізілетін жұмыстардың барлық түрлері. |
Жергілікті сәулемен зақымдану (жіті немесе созылмалы) (АХЖ 10: W88, W90) |
Радиоактивті заттардың, сәуле көзінің сырттай жергілікті әсері |
||
2) |
Иондамайтын сәуле көзінің әсеріне байланысты аурулар: вегетативті тамырлы дистония, әлсіздік, әлсізвегетативтік, гипотоломиялық синдромдар(АХЖ 10: W90) |
Өте жоғарғы жиіліктегі радиодиапазондағы электромагнитті сәуле көзінің жүйелі әсер етуі; |
Өте жоғарғы жиіліктегі радиодиапазондағы электромагнитті сәуле көзімен атқарылатын жұмыстардың барлық түрлері; оптикалық квантты генераторлардың сәуле бөлуіне байланысты жұмыстың барлық түрлері |
3) |
Лазерлі сәуле көзінің тіндерді жергілікті зақымдауы (тері күйіктері (АХЖ 10:L59), көздің мөлдір қабатының зақымдануы (АХЖ 10:Н18.8), көздің тор қабығы (АХЖ 10:Н35.8) |
Лазерлі сәуле көзінің жергілікті әсер етуі. |
Оптикалық квантты генераторлардың сәуле бөлуіне байланысты жұмыстың барлық түрлері. |
4) |
Діріл ауруы (АХЖ 10:Т75.2) |
Ұзақ уақыт өндірістік жергілікті дірілдің жұмысшының қолына берілу арқылы әсері және жұмыс орнындағы жалпы дірілдің жүйелі әсер етуі |
Дірілді тудыратын қол машиналарымен атқарылатын жұмыс және дірілді тудыратын машиналардағы жұмыс орындары. |
5) |
Нейросенсорлы құлақ мүкістігі (АХЖ 10:Н90.3; Н90.6) |
Өндірістік шудың жүйелі түрде әсер етуі. |
Өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында, көлікте, байланыста қарқынды өндірістік шудың әсеріне байланысты атқарылатын жұмыстың барлық түрлері. |
6) |
Қолдың вегетативті-сенсорлы (ангионевроз) полиневропатиясы (АХЖ 10: G62.8) |
Ультрадыбыстың қолға жанасу арқылы берілуі |
Ультрадыбысты дефектоскоптар және медициналық аппараттармен атқарылатын жұмыс |
7) |
Электроофтальмия (МКБ 10:Н 57.8) |
Қарқынды түрде ультракүлгін сәуле бөлу |
Қарқынды түрде ультракүлгін сәулесін бөлу жағдайында газбен және электрмен пісіруге байланысты жұмыстар |
8) |
Катаракта (АХЖ 10:Н 26.8) |
Сәулелі энергияның жүйелі түрде әсер етуі (инфра-қызыл, ультракүлгін сәуле бөлу, шамадан тыс жоғары жиіліктегі сәуле бөлу, рентген, гамма сәулесі, нейтрондық, протондық сәуле көздері) |
Пресстеу ұстасы, электрмен пісіру және жылумен атқарылатын жұмыстар, әйнектен жасалатын бұйымдар өндірісі, иондайтын және иондамайтын сәуле көздерінің әсері бар металлургиядағы инфрақызыл сәуле көзімен байланысты жұмыстар |
9) |
Декомпрессиялық (кессондық) аурулар және оның салдарлары (АХЖ 10:Т70.3) |
Жоғарғы атмосфералық қысым, декомпрессиялық үрдістер |
Кессонда, барокамерада атқарылатын жұмыстар, су астына сүңгу және басқа жоғарғы атмосфералық қысым жағдайындағы жұмыстар. |
10) |
Қызып кетуі: ыстыққа ұрынудан болатын сіреспе (АХЖ 10:Т67.0; G40.5; G40.6) |
Жұмысшы аумағындағы жоғарғы температура және қарқынды жылу бөлу жағдайы |
Терең шахталарда, мартен, темірқаңылтыр, құбыр шығаратын цехтардағы жұмыс;өнеркәсіптік пештерді жөндеу, қазандықты, оттықты тазарту; әйнекті қайнату, басқа да жоғарғы температурада атқарылатын жұмыстар. |
11) |
Тарылтылған эндартериит (АХЖ 10:І73,9), вегатитивті-сенсорлы полиневропатия (ангионевроз) (АХЖ 10:G62.8) |
Жұмыс аумағындағы температураның төмендеуі |
Балық өндіруші комбинаттардағы балық аулау кемесіндегі жұмыстар; |
12) |
Ониходистрофли (АХЖ 10:L60.3), механикалық эпидермоздар (сүйел және т.б.) (АХЖ 10:L60.3) |
Теріні майдан тазалау, температуралық және метеорологиялық факторлар. |
Тері және үлдір өңдеу өндірісі, ауыл шаруашылық жұмыстары (даладағы), кемедегі және жағалаудағы орналасқан өндірістердегі балық өңдеу жұмыстары |
4. Адам ағзаларының және жүйелерінің күш түскенде және күрделілігі артқанда пайда болатын аурулар |
|||
1) |
Кординаторлық невроздар, оның ішінде қаламсап ұстағанда пайда болатын саусақ тартылысы (АХЖ 10:F48.8) |
Тез орындалып, жоғарғы дәлділікті талап ететін жұмыстар |
Музыкалық құрал-саймандар мен клавишті аппараттардағы жұмыс; |
2) |
Шеткері орналасқан нерв жүйесінің аурулары: |
Иық белдеуіне, қол қозғалуы көп қайталанатын, жүйке діңгегіне қысым көрсетіп, микро жарақат беріп, денені суытып, статикалық-динамикалық жүктеме беретін жұмыстар |
Тегістейтін, формалайтын, сылақ, сылау жұмыстар; |
Мойын-иық, бел-құйымшақ шойырлары (АХЖ 10:М54.1) |
Дененің еңкеюімен байланысты жұмыстар, жұмыс кезінде мәжбүрлі жағдайда болу (алға қарай еңкею, созылып тұру, аяқты бүгіп отыру, жату т.б.) сондай-ақ боршалардың ширығуын талап ететін жұмыстар. Жалпы діріл мен соққының әсеріне ұшырататын жұмыстар. |
Кең өндірісіндегі кеңістік жасау жұмыстары, тазалау забойларындағы, оның ішінде микроклиматы қолайсыз, ылғалды болғанда, дененің мәжбүрлі жағдайында түрлі ауырлықтарды тасу, көтеру арқылы жүргізілетін тіреу жұмыстары. Шахта ішіндегі көліктің жүргізушілері: |
|
Мойын және бел-құйымшақ деңгейіндегі құйма аурулар(АХЖ 10:М50.0, М51.0, М51.1, М50.1 |
Дененің еңкеюімен байланысты жұмыстар, жұмыс кезінде мәжбүрлі жағдайда болу (алға қарай еңкею, созылып тұру, аяқты бүгіп отыру, жату т.б.) сондай-ақ боршалардың ширығуын талап ететін жұмыстар. Микро және макро жарақат беретін жұмыстар. |
4 бағанның 2 бөлігінде көрсетілген жұмыстар, мойын-иық, бел-құйымшақ деңгейіндегі құйма аурулар (АХЖ 10:М54.1), 4 графадағы вальцовщиктер, ұста, шегеру, кесу, құрылыс жұмыстары. |
|
3) |
Тіреу және қимылдау аппараттарының аурулары: |
Жергілікті және аумақтық боршалардың қатысуымен істелінетін жұмыстар, бір түрлі қимылдар жасау арқылы атқарылатын жұмыстар, жылдам орындалатын жұмыстар, жүйке діңгектеріне, боршаға, байланыс тарамыстарына, сіңірге қысым түсіретін жұмыстар, олардың жарақаттануы, жүкті көтеру, қолда ұстау, қолмен немесе күш жұмсау арқылы жүктің орнын ауыстыру |
Музыкалық құрал-саймандар мен клавишті аппараттардағы жұмыс; |
Тарылмалы лигаментоздар, стилоидоздар (шынтақтық, иықтық), эпикондилоздар (АХЖ 10:М77.0) |
Сіңірге тұрақты түрде қысым түсіретін жұмыстар, шынтақ тұсында көп бүгуді талап етіп, бұрауды талап ететін жұмыстар, қол саусақтарын айналдыра қимылдатуды талап ететін жұмыстар. |
Штамптайтын, сүйрететін, сылайтын, байлап таңатын, сырлау жұмыстары, аяқ киімді пішетін, оған керекті материалдарды кесетін жұмыстар |
|
Периартроздар (иық-жауырын, шынтақ, тізе), атқаратын қызметінің бұзылуымен білінетін пошымын өзгертетін остеоартроздар (жоғарыдағыдай); бурситтер, асептикалық остеоникроздар (АХЖ 10:М19.8) |
Үлкен амплитуда арқылы айналдыра жүргізілетін жұмыстар, тиісті буындарға тұрақты түрде қысым беретін, жарақаттайтын жұмыстар, тізерлеп немесе аяқты бүгіп отырып істейтін әртүрлі жұмыстар |
Кең өндірісіндегі кеңістік жасау жұмыстары, бұрғылау, шатыр жабу жұмыстары, паркет дайындау, граниттен жасалатын материалдарды жасау |
|
4) |
Шатырдың төмен түсуі және қынап қабырғасының сыртқа шығуы (АХЖ 10:N81) |
40 жасқа дейінгі әйелдердің босанар кезінде бұт жарақаты орын алмай, діріл әсер етіп немесе әсер етпеген жағдайда да ұзақ жылдар (10 жыл) бойы тұрақты түрде (ауысым уақытының 50 пайызынан көп болса) мәжбүрлі күйде ауыр заттарды жылжыту, көтеру. |
Жүктерді қолмен немесе күш жұмсау арқылы орыннан жылжыту жұмыстары. |
5) |
Қабынған (тромбофлебит) немесе жылан көзбен ұштасқан аяқ көк тамырларының айтарлықтай кеңуі (АХЖ 10:183.0.-183.2) |
Ұзақ уақыт бойы мәжбүрлі күйде жұмыс істеу |
Ұзақ уақыт бойы түрегеп тұрып, ауыр заттарды тұрақты түрде тасу және тау кен орындарында (кен өндірісіндегі кеңістік жасау, бұрғылау, тіреу жұмыстары) жұмыс істеу, әсіресе еңістігі айтарлықтай кен орнында жұмыс істегені |
6) |
Дыбыс шығаратын аппараттың шамадан тыс деңгейіне жұмыс істеуінен пайда болатын аурулар: созылмалы ларингиттер, дыбыс қалақшаларындағы түйін (*әншілер түйіні) (АХЖ 10:J38.2), дыбыс қалақшаларының жанасқан жеріндегі ойық жара (АХЖ 10:J38.7), (АХЖ 10: J37) |
Дыбыс шығаратын аппараттың шамадан тыс деңгейде атқаратын жұмысы орын алғанда |
Оқытушы жұмысы, радиодағы, теледидардағы дикторлардың жұмысы, актерлардың вокальді сөйлесу кезіндегі жұмыстары, телефон стансаларындағы жұмыс |
7) |
Әрі қарай өсе беретін жақыннан көз көрмеушілік (АХЖ 10:Н52.1) |
Кішкентай заттарды жақыннан ажырату үшін көру үдерісін жідететін жұмыстар |
Картографиялау, электронды есептеу машиналарында жұмыс жүргізу, қымбат тастарға өңдеу жүргізіп, бет салу, оның сапасын тексеру жұмыстары, сағат жинау, корректорлық жұмыстар, оптикалық құралжабдықтармен жұмыс істеу |
8) |
Невроздар (АХЖ 10:F40-F48) |
Есі дұрыс емес балалармен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу. |
Есі дұрыс емес ауруларды емдейтін мекемелердегі медициналық қызметкерлердің жұмысы, оның ішінде есі дұрыс емес балаларға арналған арнайы мектептердегі қызметкерлер, мұғалімдер. |
5. Биологиялық факторлардың әсерінен болатын аурулар. |
|||
1) |
Қызметкерлер жұмыс кезінде жанасып, байланыста болатын жұқпалы және паразитарлы аурулар: |
Жұқпалы аурулармен немесе жұқпамен жанасқан материалдармен немесе ауруды тасымалдаушылармен, ауру малдармен, олардан шыққан өнімдермен (тері, жүн, қылшық, ат құйрығы, еті, тері және үлдір үшін керекті шикізаттар, екінші рет өңдеуді талап ететін заттар, астық, мақта және т.б.) байланыста болған; кеміргіштермен жанасқанда, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар беттермен жанасқанда. |
Жұқпалы аурулармен, туберкулезбен, тері-венерология ауруларымен күресетін диспансерлерде, туберкулезбен күресетін дәрігерлік учаскелерде, туберкулезбен ауыратындар жұмыс істейтін емдеу - еңбек ету мастерскойларында мал шаруашылықтарында малдәрігерлік қызметінде, ет комбинаттарында, кондитерлік, консерві жасайтын фабрикаларда, зауыттарда, тері және үлдір жасауға керекті шикізаттарды өңдеуге аң шаруашылығы, кемедегі және жағалаудағы балық өндіретін шаруашылықта, орман шаруашылығында жасалынатын барлық жұмыстарға. |
2) |
Теріні ашық жерлеріндегі микоздар (АХЖ 10:В35-В49) |
Шахта суы бар және жерастынан өндіретін құрал-жабдықтардың өңезді флораларымен жанасқанда |
Кен өндіретін шахталардағы жұмыстар |
3) |
Дисбактериоз, терінің және шырышты қабақтың кандидомикоздар, ішкі органдардың кандидоздары (АХЖ 10:В37) |
Антибиотиктер, өңез-продуценттері, ақуыз витамин қоспалары, мал азығының ашытқылары, құрамдас жемдер. |
Микробиологиялық өндірістің әртүрлі салаларындағы жұмыстар; медициналық өндірістегі, медициналық практикада, дәріханаларда, сондай-ақ 3 бағанның 5 бабының 3) бағаншасында көрсетілген өндіру жұмыстары. |
6. Аллергиялық аурулар |
|||
1) |
Көз алмасының қабынуы, (АХЖ 10:Н10.1-Н10.3), ауыз қуысының қабынуы ринофарингиттер (МКБ 10:J30;J30.3) |
Жанасқанда сезімталдылық білдіретін заттар мен қосындылар |
әртүрлі өндірістік салалардағы аллергендермен байланысты жұмыстар (химиялық, химиялық-фармацевтік құрылыс, ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі, металлургия, таукен, мұнай және химиялық өндірістерде, резеңке-техникалық өндірісінде, жасанды жуғыш заттар өндірісінде, машина жасау, тоқыма, қыл-шөтке жасайтын өнеркәсіптерде, үлдір өндіретін кәсіпорындарда, құрамдас жемдерді өндіретін жерлерде, ақ уыз витамин қоспалары шығаратын өндірістерде және т.б.); ауыл шаруашылығында (құс фабрикаларында, фермаларда, пестицидтермен жұмыс істегенде); көлікте; тұрмыстық өнеркәсіп орындарында жұмыс істегенде (химиялық жолмен тазалау, шаштараздар, кір жуатын орындар); медициналық және дәріханалық мекемелердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, институттардың, вивариялардың зертханалары. |
2) |
Бронхастмасы, астмадан болатын бронхит (АХЖ 10:J45.0), бронхастмасының белгілерімен білінетін дәрілік аллергия (АХЖ 10:J70.2, Т88.7), экзогенді альвеолит (АХЖ 10:J67) |
||
3) |
Эпидермоз, дерматит, экзема, токсикодермия, (АЖХ 10:L23; L24; L25; L27.0; L27.1) |
||
4) |
Квинке ісігі (АХЖ 10:Т78,3), бөртпе (АХЖ 10:L50), анафилактикалық шок (АХЖ 10:Т78.2) |
||
5) |
Токсикологиялық аллергиялық гепатит (АХЖ 10:К 71) |
||
6) |
әртүрлі эритемалар (АХЖ 10:L51) |
||
7. Ісіктер |
|||
1) |
Тері ісіктері (гиперкератоздар, эпителиомалар, папилломалар, обыр, лейкокератоздар) (АХЖ 10:С43-С44) |
Тас көмірді, мұнайды, сланецті (шайырды, қатпаны, антраценді, фенантренді, аминоантрацинді майды, өндірістік азоқосындыларды, гудронды, парафинді және т.б.), иондағыш сәуле көздерінің әсерін (рентген, гамма сәуле көздері және басқалары), күшән. |
Өндірістің әртүрлі салаларындағы 3 бағанда кездесетін заттардың әсеріне байланысты атқарылатын жұмыстардың барлық түрі; |
2) |
Ауыз қуысының және дем алу мүшелерінің ісіктері (АХЖ 10:С04-С06, С30,0-С34.9, С38.4, С39) |
Никель, хром, күшән, таскөмір шайырлардың қосындылары; асбест, асфальт, радиобелсенді кендерді және көмір сутегі, көмір пластиктер, кадмий және оның қосындылары сіңірілген шаңдар. |
Өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы никель, күшән, хром қосындыларын алуға арналған жұмыстар; радиоактивті кенді барлау, өндіру және өңдеу жұмыстары; |
3) |
Бауыр ісіктері (АХЖ 10:С22) |
Винил-хлорид, бауыр тініне әсер ететін (полоний, торий, плутоний) радиобелсенді заттармен ұзақ түрде жанасып, байланыста болу, берил және оның қосындылары |
Винилхлоридпен, берилиймен және оның қосындыларымен жұмыс істеу; |
4) |
Асқазан ісіктері (АХЖ 10:С16) |
6 валентті хром қосындылары, құрамында асбест бар шаң, никель, көмірсутектері, шаңға сіңірілген бензпирен, күйе. |
Хром қосындыларын, асбест және құрамында асбест бар бұйымдар, никель алғанда, никельге көмір сутегі шаңы сіңірілгенде онымен жанасып, байланыста болу, резеңке-техникалық өндіріс. |
5) |
Лейкоздар (АХЖ 10:С91-С95) |
Бензол, әртүрлі иондағыш радиациялық сәуле көздерінің әсері. |
Бензолмен және иондағыш сәуле көздерімен жұмыс істегенде. |
6) |
Қуық ісіктері (папилломалар, обырлар) (АХЖ 10:С67) |
Бензол және нафталин қатарындағы аминдер (бензидин, дианизидин, нафтиламин). |
өнеркәсіптің әртүрлі салаларында осы заттармен жұмыс істеу. |
7) |
Сүйек ісіктері (АХЖ 10:С40-С41) |
Сүйекті босаңсытатын радиобелсенді (радий, стронций, плутоний) заттармен ұзақ уақыт бойы жанасуда болуы. |
Радиобелсенді химиялық өндірістерде, радиологиялық және радиохимиялық зертханаларда жұмыс істеу |
8) |
Бүйрек ісіктері (АХЖ 10:С64) |
Кадмий және оның қосындылары |
Кадмий және оның қосындыларымен жұмыс істеу. |