Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 5 қарашадағы N 639 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5892 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Ветеринариялық препараттардың сериясының (топтарының), оның ветеринариялық нормативінің талаптарына сәйкестігін анықтайтын Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 415 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 2117 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2003 жылғы мамыр N 9-10, құжат жарияланған):
      бұйырықтың аталуында және 1-тармағында "Ветеринариялық препараттардың" деген сөзден кейін ", жемшөп пен жемшөп қоспалары" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, ветеринариялық препараттардың сериясының (топтарының), оның ветеринариялық нормативінің талаптарына сәйкестігін анықтау Ережесiне:
      аталуында және бүкіл мәтін бойынша 4 тармақтың 2) тармақшасынан, 9 тармақтан басқа "препараттардың", "препараттар", "препараттың", "препараттарды", "препаратқа", деген сөзден кейін ", жемшөп пен жемшөп қоспалардың", ", жемшөп пен жемшөп қоспалар", ", жемшөп пен жемшөп қоспаларының", ", жемшөп пен жемшөп қоспалары", ", ", жемшөп пен жемшөп қоспаларына" деген сөздермен толықтырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша "ветеринариялық бас инспекторының", "ветеринариялық инспектор", "ветеринариялық бас инспекторына" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының", "ветеринариялық-санитариялық инспектор", "ветеринариялық-санитариялық бас инспекторына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      1) және 3) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1) сараптама актісі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін құжат;
      3) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - Тізілімдер) – уәкілетті орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;";
      8) тармақшада "Реестірге" деген сөз "Тізілімдерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) және 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "14) жемшөп – жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерін тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім;
      15) жемшөп қоспалары – жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минералдық заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар.";
      5-тармақта "Реестрге" деген сөз "Тізілімдерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу туралы Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 199 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 5198 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 318 бет, N 5, 2008 жылы жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу Ережесiне:
      2 және 24 тармақтарда "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеру;";
      20 тармақта "10" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментіне (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықты заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің
      міндеттерін атқарушы                               М. Оразаев