"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы N 229 Қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5888 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3925 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Сценарийлер, стресс-тестілеудің қорытындылары, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер жоспары уәкілетті органға есепті айдан кейін келетін айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынылады.";
      7-тармақтың 6) тармақшасының тоғызыншы абзацы "қабылдауына" деген сөзден кейін ", алаяқтыққа" деген сөзбен толықтырылсын;
      10-1–тармақта:
      "төтенше жағдайлар болған жағдайда" деген сөздер "кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қаржыландыру" деген сөз алынып тасталсын;
      1-қосымша мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші жолмен толықтырылсын:
"

    Басқарма банктің және оның еншілес ұйымдарының қаржылық тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды, оның ішінде мыналар бойынша шараларды қамтыған ішкі құжатты әзірлейді:
    банктің өзіне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру мүмкіндігін уақтылы қамтамасыз ету бөлігінде депозиторлар мен кредиторлар алдындағы өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қолдау;
    банктің күнделікті жұмыс істеу режимінің ықтимал бұзылуын алдын алу және болдырмау;
    банктің күнделікті жұмыс істеу режимі бұзылуының салдарын (оның ішінде қаржы шығындарын, іскерлік беделін жоғалтуды) төмендету;
    барабар шешімдерді қабылдау үшін жағдайларды қамтамасыз етуге, оларды уақтылы және толық іске асыруға мүмкіндік беретін банктің басқару деңгейін сақтау

     Кездейсоқ жағдай туындаған жағдайға арналған жоспарды әзірлеген кезде банк мынадай факторларды ескереді:
     ықтимал кездейсоқ жағдайлардың түрлері мен сипатын, олармен байланысты банктің күнделікті жұмыс істеу режиміне және оның өзіне қабылдаған міндеттерін орындау қабілетіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін тәуекелдерін, сондай-ақ қаржылық шығындар мөлшерінің сандық бағалауын;
     кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарын іске асыру үшін ресурстар қажеттілігін, яғни банкте дағдарыстық басқару (дағдарыс туындау жағдайларының басталу сәтіне дейінгі) рәсімдерін әзірлеу және енгізу процесі болып табылатын іс-шараларды жоспарлауды;
     төтенше жағдайдағы банк активтерінің жеткіліктілігін;
      банктің есептеуі бойынша осы көздерден алуға болатын қаражаттың мөлшерін, сондай-ақ көздерден қаражатты мобилизациялау үшін қажетті уақыттың болуын;
     тәуекелдерді болжау, олардың ықтимал мөлшері мен салдарын анықтау рәсімдерінің болуымен, олармен байланысты шығындарды болдырмау немесе барынша төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асырумен бағаланатын банктегі тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігі;
     банктің ішкі процесстерінің қалпына келтіру көрсеткіштерін, оның ішінде: қалпына келтіру мерзімі, қаржы шығындарының шекті мөлшері, активтер шығындарының шекті мөлшері сияқтыларды.
     Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайларға арналған жоспар кездейсоқ жағдайлардың банктің қаржылық тұрақтылығына және жалпы оның қызметіне ықпалын төмендетуге бағытталған алдын алу және шұғыл іс-шараларын, сондай-ақ жауапкершілік матрицасын қамтиды.
     Алдын алу іс-шаралары стресстік жағдайларда көрініс алатын жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін кездейсоқ жағдайлар туындау жағдайына арналған жоспарға енгізіледі және олар мыналарға бағытталған:
     банктің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі саясаттарын және рәсімдерін белгілеуге;
     кездейсоқ жағдай туындаған жағдайға арналған жоспарды іске асыру және банкті төтенше режимге ауыстыру туралы шешім қабылдау тәртібін анықтау;
     банк ұшырауы ықтимал тәуекелдерді анықтау және мониторинг жүргізу стратегиясын айқындау;
     банктің тәуекелдерге (тәуекел түрлері бойынша)  ұшырағыштығы өскен жағдайда уақтылы және тиімді шараларды анықтау;
     елеулі шығындарға және өтімділік жеткіліксіздігіне, оның ішінде баланстық және баланстан тыс талаптар бойынша әкелуі мүмкін ықтимал оқиғаларды және экономикалық жағдайларының келешектегі өзгерістерін ескеретін ықтимал стресс сценарийлерді анықтау;
     хеджирлеу құралдарын немесе банк ұшырағыш бар тәуекелдердің төмендеуіне бағытталған өзге әдістемелерді анықтау;
     банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге іс-шаралар.
     Әрбір тәуекел түрі бойынша банктің алдын алу шаралары мынадай фактілерді анықтауды қамтиды:
     1) кредиттік тәуекел:
     жүйелі үш айдың ішінде кредиттік портфель сапасының біртіндеп нашарлауы, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша өтеу мерзімі 90 (тоқсан) күннен астамына өткен берілген заемдар көлемінің жүйелі үш ай ішінде айына үш және одан көп пайызға өсу үрдісінің болуы;
     жүйелі үш ай ішінде жұмыс істемейтін кредиттер үлесінің айына үш және одан көп пайызға өсу үрдісінің болуы;
     провизиялар көлемінің 5 (бесінші) санаттағы күмәнді және сенімсіз кредиттер ретінде жіктелген кредиттер сомасына арақатынасының және бірыңғай кредиттер бойынша провизиялардың 0,05 пайыздық тармаққа жүйелі төмендеуі;
     құрылысқа және жылжымайтын мүлікті сатып алуға берілген заемдар көлемінің несиелік портфеліне арақатынасының жүйелі үш ай ішінде айына үш және одан көп пайызға өсуі;
     портфелде тәуекелдің шоғырлануының (экономика секторлары бойынша, бір географиялық аймағы бойынша, заемшылар тобы бойынша және бір заемшы (қарсы агент) бойынша) өсу үрдісінің болуы;
     кредит бойынша кепілдіктің немесе кепілдеменің кредиттің (кепілдеменің) құнының отыз пайызынан астамына жеткіліксіздігі және олардың әртүрлі стресс-сценарийлері басталған кездегі сатылуы;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар;
     2) нарықтық тәуекел:
     бағалы қағаздардың инвестициялық портфелі сапасының біртіндеп, олардың эмитенттерінің жағдайына және қаржы құралдары нарықтық бағаларының жалпы құбылуына байланысты факторлардың ықпалымен жүйелі үш ай ішінде айына екі пайыздан астамына нашарлау үрдісінің болуы;
     активтер мен пайыздық ставкаларға сезімтал (пайыздық гэпті талдау) міндеттемелерінің арасындағы алшақтығының өсуі;
     пайыздық ставкаларының өзгеруіне сезімтал міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасының (пайыздық позиция) өсуі;
     активтер мен шетел валютасындағы міндеттемелерінің мөлшерлері сәйкессіздіктерінің өсуі;
     жағымсыз үрдістер немесе қаржы құралдарының тобы бойынша көтеріңкі тәуекел (мысалы, борыштық бағалы қағаздар, банкаралық кредиттер бойынша төлемдердің өтеу мерзімін өткізу көлемінің өсуі);
нарықтық тәуекел көрсеткішінің рұқсат етілетін шекті деңгейінен асуы;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар;
     3) өтімділікті жоғалту тәуекелі:
     жүйелі үш ай ішінде жүйелі түрде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің 0,03 немесе одан көп тармаққа төмендеуі;
     жүйелі үш ай ішінде жүйелі түрде өтімділік коэффициенттерінің 0,03 немесе одан көп тармаққа төмендеуі;
     жүйелі үш ай ішінде жүйелі түрде активтер сомасындағы өтімді активтер үлесінің бес және одан көп пайызға азаюы;
     банктің міндеттемелері сомасындағы еншілес арнайы қаржы компаниялардың салымдарын қоспағандағы заңды және жеке тұлғалардың тартылған мерзімді салымдары үлесінің бес және одан көп пайызға азаюы;
     жүйелі үш ай ішінде жалпы берілген заемдар көлемінің еншілес арнайы қаржы компаниялардың салымдарын қоспағандағы заңды және жеке тұлғалардың тартылған депозиттеріне ара қатынасының жеті және одан көп пайызға өсуі;
     банктің өтеу мерзімі бір жылға дейінгі міндеттемелері мен активтерінің арақатынасының (банктің теріс гэп позициясы) он бес және одан көп пайызы мөлшеріне асуы;
     қаржыландырудың қол жетімді варианттарын елеулі (елу және одан көп пайызын) немесе толығымен жоғалту;
     банктің активтерді сату немесе секьюритилендіру қабілетіне ықпалын тигізе алатын стресстік жағдайлар басталған кездегі активтер мен міндеттемелер жағдайының жағымсыз өзгеруі;
     өтімділік шоғырлануының (бір немесе бірнеше қаржыландыру көздері бойынша) біртіндеп өсу үрдісінің болуы;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар;
     4) операциялық тәуекел:
     ақпараттық жүйелер мен технологиялардың (бағдарламалардың немесе деректер базасының, ақпаратты беру жүйелерінің, сондай-ақ банктің күнделікті жұмыс істеуі үшін қажетті өзге жүйелердің) жұмыс істеуіндегі іркілістері мен тоқтап қалуы салдарынан болған шығындардың мөлшерін анықтау және бағалау;
     банк басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік базаның азаюына, клиенттердің және қарсы агенттердің банкті сенімсіздікпен немесе теріс қабылдауына әкелген теріс әрекеттері салдарынан болған шығындардың мөлшерін анықтау және бағалау;
     банктің операцияларына сыртқы күтпеген немесе бақыланбайтын ықпал ету факторларының салдарынан болған шығындардың мөлшерін анықтау және бағалау;
     банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар.
     Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың шұғыл іс-шаралары стресстік жағдайлардың салдарын жоюға бағытталады және оның ішінде осылармен шектелмей мыналарды қамтиды:
     басқа банктерден күтпеген жағдайларда олар үшін қол жетімді болатын кредиттік қаржыландыру желісін алу мүмкіндігін, сондай-ақ ұсынылатын ресурстар түрлерін, қабылдауға болатын кепілдікті;
     банктің қарауындағы төтенше жағдайда әлеуетті қаржыландыру көздерінің тізбесін, сондай-ақ банктің есептеуі бойынша осы көздерден алуға болатын қаражат мөлшерін анықтау;
     күнделікті төлемдерді жүзеге асыру бойынша ықтимал шаралары. Маңызды іркілістер болған жағдайда банктің күнделікті өтімділіктің қосымша көздерін алуға, оның ішінде кепіл ретінде пайдалануға болатын қосымша активтерді анықтау және мобилизациялау арқылы алу мүмкіндіктері бар;
     жұмыс істеуі төтенше жағдайлардың салдарынан бұзылған банктің дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін қажетті іс-шаралардың тізбесі;
     қызмет көрсетулерін тез арада қалпына келтіруі қажет бөлімшелерді (тәуелді, оның ішінде сыртқы қызмет көрсетулерді жеткізушілерден немесе өзге үшінші тұлғалардан) анықтау;
     банктің ішкі процесстерін қалпына келтіру басымдылығының тізбесін анықтау.
     Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспар бизнес процесс жұмысындағы іркіліс болған жағдайда қызмет көрсетулерді қайта бастауға мүмкіндік беретін балама механизмдерін айқындайды:
     қамтамасыз етілетін қорғау дәрежесі (белгілі уақыт ішінде қалыпты жұмыс істеуін қолдау, жұмысты белгілі уақыт ішінде барынша төменгі қабылдауға болатын деңгейде ұстау, жұмысты тоқтату немесе кейіннен үзілген процесстің қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіру);
     банк қызметінің бағыттары бойынша өздеріне жүктелген міндеттері мен функцияларды іске асыру үшін бөлімшелер жүзеге асыратын рәсімдердің жұмысындағы іркіліс болған жағдайда қажетті ресурстар (білікті персонал, үй-жайлар, бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықтар және өзге ресурстар, егер олар банктің ішкі құжаттарында көзделсе);
     рәсімдер мен стресстік жағдайлар басталған кезде тәуекелдерді шектеу бойынша қажетті іс-шаралар, оның ішінде тәуекелі бар операцияларды шектеу мүмкіндігі, қабылданатын тәуекел деңгейіне барабар меншікті капитал мөлшерінің өсуі, тәуекелдерге қарсы құрылатын резервтердің жеткіліктілігі;
     шара қабылдау тәртібін нақтылайтын басымдықтарды белгілеу рәсімдері, сондай-ақ шаралардың әр қайсысы орындалуы тиіс болатын жағдайлар;
     банкке деген жалпы сенімділікті қолдау үшін дағдарыс кезеңдерінде нарықтың ішкі, сондай-ақ сыртқы субъектілерімен (уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен) уақтылы, жүйелі байланысты қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
     банктің бөлімшелері мен қызметкерлеріне арналған, қызмет үшін маңызды банктің ішкі процесстерінің жұмыс істеуін қолдау немесе уақтылы қайта бастау үшін қажетті әрекеттердің сипаттамасы бар егжей-тегжейлі нұсқаулықтар;
     төтенше жағдайдағы жұмыс істеу рәсімдері, оның ішінде бұзылған бизнес процесстерінің жұмыстарын қалпына келтіру, сондай-ақ төтенше жағдайда жұмысты аяқтау және күнделікті жұмыс істеу режиміне қайта көшу тәртібі;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге іс-шаралар.
     Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың жауапкершілік матрицасы кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың әрбір нақтыланған іс-шарасы, оларды іске асыру үшін жауапты нақты тұлғалармен байланысты болатын мәліметтерді қамтиды.
     Жауапкершілік матрицаның мақсаты кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарда қойылған міндеттердің банк басшылығының және оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында жауапкершілікті белгілеу арқылы әрбір жоспарланған әрекетінен күтілетін нәтижесіне жеткізілгені. Жауапкершілік матрицасы, оның ішінде мынадай мәліметтерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
     төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы банк қызметкерлерінің функцияларын, өкілеттіктері мен міндеттемелерін, оның ішінде кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды қолға алу (қолдану) құқығын қайта бөлу тәртібін;
     кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды іске асыруға жауапты адамның тегін, атын, бар болса әкесінің аты мен байланыс жасайтын ақпаратты;
     банктің әртүрлі қызметкерлері мен бизнес бөлімшелері арасында тиімді ішкі үйлестіру және байланысты құру рәсімдерін, Директорлар кеңесіне кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды және банк қабылдаған іс-шараларды орындау барысы туралы ақпаратты жеткізу тәртібін;
     және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге ақпаратты.
     Еншілес ұйымдары қызметінің күрделілігіне және ауқымына сәйкес келетін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспар банктің еншілес ұйымдарын ескере отырып, шоғырландырылған негізде қабылданатын тәуекелдерді есепке ала отырып жасалады.
     Шоғырландырылған негізде қабылданатын тәуекелдерді ескере отырып, кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды жасаған кезде банк оның ішінде:
     төтенше жағдай ретінде еншілес ұйымының қаржылық тұрақсыздығы мен орнықсыздығы кезеңін қарайды;
     еншілес ұйымдарының, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан еншілес ұйымдарының болуынан туындаған өзара тәуелділігін, проблемаларды шешу үшін заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық оқшауланушылығының салдарын ескереді;
     еншілес ұйымының негізгі функцияларын тез арада қалпына келтіруді және проблемалардың шешілуін қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда еншілес ұйымның қызметін конгломерат қатысушыларының қызметіне зиян келтірмей кезеңімен тоқтатуға бағытталған іс-шаралар.
     Банк Басқармасы:
     кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың барабарлығын қарау кезіндегі стресс-тестілеуде қолданылатын тәуекелдерді (тәуекелдердің түрлері бойынша), сценарийлерді және жорамалдарды талдау қорытындыларын кезең-кезеңімен пайдаланады;
     банктің ағымдағы қызметінің стратегияларына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды қайта қарайды;
     кезең-кезеңімен, бірақ айына кем дегенде бір рет кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды оның тиімділігін және операциялық орындалуын қамтамасыз ету үшін тестілейді;
     бастапқы шарттардың өзгеруіне әкелетін әрбір іс-шарадан кейін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарын барлық аспектілерін қайта қарайды және кейінгі іс-шараларды өткізу бойынша барлық шаралар қабылдайды.
     Директорлар кеңесі Басқарманың кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарда көзделген тиісті шараларды орындауына бақылауды қамтамасыз етеді.

                                                                    ";

      4-1-қосымшада:
      "Өтімділік тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар" кестесінде:
      "Талап критерийлері" бағанының екінші жолының он бесінші абзацтағы "кездейсоқ жағдайларда жүргізілетін стресс-тестілердің, қаржыландыру жоспарының" деген сөздер "жүргізілетін стресс-тестердің, кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайларға арналаған жоспардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші жолы алынып тасталсын;
      "Талап критерийлері" бағанының жиырма алтыншы жолында:
      бірінші абзацтағы "төтенше жағдайлар болған жағдайда банкті қаржыландыру жоспарында" деген сөздер "кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "төтенше жағдайлар болған жағдайда банкті қаржыландыру жоспарын" деген сөздерді "кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма сегізінші жолы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Екінші деңгейдегі банктер 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А.Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                           Е.Бахмутова.