"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтиқалық бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 9 қарашадағы
N 670 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесі
Коды |
Орыс тіліндегі атауы |
Ағылшын тіліндегі атауы |
дәрілік заттардың ішінде қолдануға тыйым салынған бояғыштар |
||
Е121 |
2 Цитрусты қызыл |
Citrus Red 2 |
Е123 |
Амарант |
Amaranth |
Е154 |
FК коңыр |
Brown FK |
балаларға арналған дәрілік заттардың ішінде қолдануға тыйым салынған бояғыштар |
||
Е102 |
Тартразин |
Tartrazine |
Е104 |
Хинолинді сары |
Quinoline Yellow |
Е107 |
2 G сары |
Yellow 2 G |
Е110 |
FCF "Күннің батысы" сары, |
Sunset Yellow FCF, |
Е120 |
Кошениль, |
Cochineal, |
Е122 |
Азорубин, |
Azorubine, |
Е127 |
Эритрозин |
Erythrosine |
Е128 |
2G қызыл |
Red 2G |
Е131 |
V патенттелген көк |
Patent Blue V |
Е132 |
Индиготин, |
Indigotine, |
Е133 |
FCF жылтыраған көк |
Brilliant Blue FCF |
Е155 |
НТ қоңыр |
Brown HT |
Е162 |
Қызылша түстес қызыл, |
Beetroot Red, |
дәрілік заттардың ішінде қолдануға тыйым салынған қосалқы заттар |
||
1 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясына енгізілмегендер |
|
2 |
Қазақстан Республикасында қолданылады деп танылған, фармакопеяға енгізілмегендер |
|
3 |
фармацевтика өндірісіне және дәрілік заттарды дайындауға арналған қосалқы заттардың нормативтік құжаттарына енгізілмегендер |