Эпидемиялық маңызды объектілер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қарашадағы N 669 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылы 23 қарашада N 5868 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.26 № 838 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған эпидемиялық маңызды объектілер тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Қ.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                             Б. Садықов

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрі 
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 9 қарашадағы  
N 669 бұйрығымен бекітілген
қосымша         

Эпидемиялық маңызды объектілері тізбесі

      1 топ - эпидемиялық жоғары маңызды объектілері:
      1) қоғамдық тамақтану объектілері;
      2) балалар сауықтыру объектілері (маусымдық);
      3) кондитерлік крем бұйымдарын өндіру бойынша;
      4) балалар сүт асханалары;
      5) перинатальды орталықтар және босану бөлімшелері, гинекологиялық бөлімшелер, хирургиялық стационарлар, бөлімшелер, операциялық блоктар, кабинеттер;
      6) жұмсақ балмұздақ өндіру бойынша объектілері;
      7) сәбилер үйі, балалар үйі, мектепке дейінгі және интернаттық объектілері.
      2 топ - эпидемиялық орта маңызды объектілері:
      1) азық-түлік саудасы объектілері;
      2) сүт өңдеу объектілері;
      3) базарлар;
      4) ет өңдеу объектілері;
      5) балық өңдеу объектілері;
      6) құс өңдеу объектілері;
      7) жеміс-жидек өңдеу объектілері;
      8) объекттердің ас блоктары;
      9) кәмпит өндіру бойынша объектілері;
      10) тез мұздатылған жартылай дайындалған өнімдерді өндіру бойынша объектілері;
      11) шөлмектегі суды (табиғи минералды және асханалық ауыз суды қоса алғанда ыдысқа құйылған ауызсуды) өндіру бойынша объектілері;
      12) жалпы білім беру объектілері;
      13) балалар сауықтыру объектілері (жыл бойы);
      14) стоматологиялық объектілері;
      15) дәрілік түрлерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау, өлшеп орау, сақтау объектілері;
      16) сумен жабдықтау көздері, бас құрылыстар, таралу су құбыры желісі, орталықтанбаған сумен жабдықтау;
      17) инфекциялық ауруханалар, туберкулездік ауруханалар, жалпы көп салалы ауруханалар, соматикалық саладағы стационарлары бар диспансерлер, санитариялық-курорттық мақсаттағы ұйымдар;
      18) егу кабинеттері;
      19) қан қызметі саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын объектілері (қан құю станциялары, қан құю орталықтары);
      20) ЖҚТБ орталықтарының зертханалары, сараптама орталықтарының зертханалары, зертханалар.
      3 топ - эпидемиялық аз маңызды объектілері:
      1) су қоймалары;
      2) алкогольді өнім, сыра, алкогольсіз сусындар өндіру объектілері;
      3) өнеркәсіптік тауарларды сату бойынша сауда объектілері;
      4) жоғары оқу орындары және орта арнайы оқу орындары, кәсіптік мектептер;
      5) медициналық орталықтар, емханалар;
      6) дайын дәрілік түрлерді сататын дәріханалық ұйымдар;
      7) кір жуатын орындар, химиялық тазартулар;
      8) спорт ұйымдары (оның ішінде балалардың спорттың жасөспірімдер мектептері, спорт мектептері, спорт секциялары);
      9) өнеркәсіптік объектілері;
      10) қонақ үйлер, жатақханалар;
      11) жүзу бассейндері, моншалар, сауналар;
      12) көтерме азық-түлік қоймалары;
      13) басқа да мектептен тыс мекемелер (компьютерлік ойын залдары, аула клубтары, шығармашылық үйлер, көркемдік мектептер, музыкалық мектептер);
      14) наубайханалар, макарон шығаратын, диірмен тарту объектілері;
      15) майлы өнімдерін өндіру объектілері;
      16) сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия объектілері;
      17) медициналық қалдықтарды шығару мен айналысатын объектілері;
      18) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау заттарын және препараттарын, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстардың және қызметтердің түрлерін қайта өңдеумен және сатумен айналысатын объектілері;
      19) мәдени-ойын сауық объектілері, театрлар, кітапханалар, боулинг залдары;
      20) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарға қызмет көрсететін объектілері;
      21) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар;
      22) кәріздің тазалау құрылыстары, кәріз желісі, су бұру цехтары;
      23) қант, тұз өндіру бойынша объектілері;
      24) соғым пунктері;
      25) радиациялық-қауіпті объектілері;
      26) мүгедектер, қарттар және ардагерлер үйлері, оңалту орталықтары;
      27) туберкулезге қарсы шипа жайлар (ересектер және балалар);
      28) сүт қабылдау пункттері;
      29) салынып жатқан объектілері;
      30) мал шаруашылығы және шаруа қожалығы;
      31) ойыншықтар шығару және/немесе сату бойынша сауда объектілері;
      32) косметологиялық орталықтар, шаштараздар, сән салондары.