"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 106-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық тексеруді өткізу ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары осы бұйрықты орындасын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Досқалиев |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 481 бұйрығымен бекітілген |
Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық куәландыру жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық куәландыру жүргізу тәртібін (бұдан әрі – Ереже) айқындайды.
2. Туберкулездің жұқпалы түрі – науқастардың туберкулез бактерияларын бөлуіне байланысты айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру.
3. Пациент – медициналық қызметтердің тұтынушылары болып табылатын (болған) жеке тұлға.
4. Бактерия шығарушы (БК+) – сыртқы ортаға микробактерия шығаратын азамат.
2. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық куәландыру жүргізу ережесі
5. Туберкулездің жұқпалы түрін анықтау:
1) азаматтың денсаулық сақтау ұйымына, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға қаралған;
2) алдын алу медициналық тексеру (мектепке, жоғары және орта оқу орнына түскенде, жұмысқа орналасқанда, нысаналық, скринингтік медициналық тексерулерде, диспансерлеуде);
3) басқа ауруларды диагностикалау мен емдеу;
4) вакцинациялау;
5) өзге де жағдайлар кезінде жүзеге асырылады.
6. Азамат міндетті түрде туберкулезге тексеріледі, егер ол мыналарға шағымданған болса:
1) жөтел (кемінде 2 апта);
2) қақырық бөлінген жағдайда;
3) тершеңдік;
4) шаршау, әлсіреу;
5) дененің қызуы көтерілгенде;
6) қан түкіргенде;
7) тәбеті жоғалғанда, салмағы азайғанда.
Флюоро- және (немесе) рентгенограммасында өзгерістері бар туберкулезге күдікті азамат шағымданып қаралған жағдайда қаралғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қақырығы микроскопиялық зерттеуге жіберілуі тиіс.
7. Туберкулезге тексерілу мынадай зерттеулерді қамтиды:
1) міндетті:
қақырықты микроскопиялық зерттеу (таңертеңгілік қақырықты 3 рет зерттеу);
2) қосымша:
рентгенологиялық (флюорография, рентгенография);
микробиологиялық (бакөсінділер);
бронхография;
қанның, несеп пен басқа да биоматериалдардың талдаулары;
УДЗ (туберкулездің өкпеден тыс түрі).
8. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.
9. Туберкулездің микробактериясын бөлетін азамат мынадай жағдайларда:
1) микроскоппен зерттеу нәтижесінде кемінде қақырықтың екі талдауында қышқылға төзімді бактериялар (БШ) табылса;
2) БШ-ға қақырықтың бір оң сынамасы мен рентгенологиялық әдіспен анықталған патологиялық өзгерістері болса;
3) жағындыда бірнеше рет қышқылға төзімді бактериялар мен туберкулездің микробактериялары өсінділерінің бөлінуі бар болса туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын немесе бактерия бөлетін (БК+) науқас деп танылады.
10. Туберкулезбен ауыратын науқас міндетті медициналық бақылау мен емдеуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
11. Медицина қызметкерлері анықталған орны бойынша туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын әрбір науқасқа аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына 058-е нысаны бойынша шұғыл хабарлама беріледі. V095908
12. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас емдеудің және оңалтудың жіті фазасын алу үшін туберкулезге қарсы ұйымдарға жатқызылады.
Қабылдау бөлмесінде медицина қызметкері туберкулезбен ауыратын науқасты оның құқықтары мен міндеттері, оның ауруының сипаты, қабылданатын емдеу әдістері мен мінез-құлық ережелері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті.
(БК–) бактерия бөлу тоқтағанға дейін науқас амбулаториялық деңгейде емдеуге ауыстырылады.
Туберкулезбен ауыратын науқасты бүкіл кезең бойы медицина қызметкері бақылауы тиіс.
13. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқаспен байланыстағы немесе байланыста болған адамдар байланыстары анықталғаннан кейін екі аптадан кешіктірмей оларда туберкулездің бар-жоқтығын анықтау мақсатында тексеруден өтуге міндетті.
14. Емдеудегі туберкулездің жұқпалы түрімен ауырды деп танылған азамат туберкулезге қарсы ұйымдарда болу режимін сақтау қажеттілігіне байланысты шектеулері бар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын пайдаланады.
15. Дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартқан және медициналық құжатында белгіленген туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас мәжбүрлеп емдеуге жатады.