Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 177 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 216 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5829 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4860 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) нақты уақыт режимі - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен кейінгі күні Астана қаласының уақытымен 12.00 сағатқа дейін келіп түсуді, ақпаратты өңдеуді және айырбастауды қамтамасыз ететін, сақтандыру есептерін қалыптастыру мен пайдаланудың ақпарат жүйесінің жұмыс режимі;";
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіретін (алып кіргізілетін) автокөлік бойынша мәліметтерді ақпаратты жеткізуші көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді:
      1) сақтандыру шартының түрі (стандартты, кешенді);
      2) сақтандыру полисінің нөмірі;
      3) сақтандыру полисі берілген күні;
      4) өтініш беруші туралы мәліметтер:
      тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туылған күні, тұрғылықты орны (жеке тұлға үшін);
      жүргізуші куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізу стажы (жеке тұлға үшін);
      атауы, орналасқан орны (заңды тұлға үшін);
      резиденттік сипаты (Қазақстан Республикасының резиденті / резиденті емес);
      5) автокөлік туралы мәліметтер:
      алып кіргізу мерзіміне көлік құралы тіркелгенін растайтын құжат;
      Заңға сәйкес көлік құралының типі;
      шығарылым жылы:
      кузовының нөмірі;
      6) сақтандыру мерзімі туралы мәліметтер;
      7) сақтандырылған (сақтандырылғандар) туралы мәліметтер:
      тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туылған күні, тұрғылықты орны;
      жүргізуші куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізу стажы (жеке тұлға үшін).".
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш.Қарақұлова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                            Е. Бахмутова