Тұрақтандыру банкін құру, лицензиялау, жарғылық және меншікті капиталдарының барынша төмен мөлшерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 179 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5782 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 61-3-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрақтандыру банкін құру, лицензиялау, жарғылық және меншікті капиталдарының барынша төмен мөлшерін қалыптастыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейінгі жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сэрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым                                      Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2009 жылғы 5 тамыздағы    
N 179 қаулысымен бекітілді 

Тұрақтандыру банкін құру, лицензиялау, жарғылық және меншікті капиталдарының барынша төмен мөлшерін қалыптастыру ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы Заң), "Акционерлік қоғамдары туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) тұрақтандыру банкін құру, лицензиялау, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің жарғылық және меншікті капиталдарының барынша төмен мөлшерін қалыптастыру талаптарын айқындайды.

1-тарау. Тұрақтандыру банкін құру тәртібі

      1. Уәкілетті орган консервация режиміндегі банктің (бұдан әрі - банк) уақытша әкімшілігінен банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру бойынша операцияны өткізу жөніндегі ұсынысын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тұрақтандыру банкін құру туралы шешім қабылдайды және уақытша әкімшілікке қабылданған шешім туралы кідіріссіз хабарлайды.
      2. Уәкілетті органның тұрақтандыру банкін құру туралы шешімінде мыналар көрсетіледі:
      1) уәкілетті органның атауы, орналасқан орны, мемлекеттік тіркелуі жөніндегі мәліметтер;
      2) тұрақтандыру банкін құру туралы шешім;
      3) тұрақтандыру банкінің атауы, орналасқан орны;
      4) тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оның мүддесін үшінші тұлғалар алдында қорғайтын уәкілетті тұлғалардың жеке құрамы;
      5) жарияланған акциялардың саны мен түрі, осы банк инвесторы (инвесторларының) арасында орналастырылатын тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының номиналды құны;
      6) тұрақтандыру банкінің жарғысын бекіту жөніндегі шешім;
      7) тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тағайындалған тұлғаларға мыналар туралы тапсырма:
      тұрақтандыру банкінің жарғысына қол қою;
      тұрақтандыру банкін әділет органдарында тіркеу;
      тұрақтандыру банкінің тіркеушісімен шарт жасасу;
      уәкілетті органда мемлекеттік тіркеу үшін банк акцияларының шығарылым проспектісіне қол қою;
      8) тұрақтандыру банкінің тіркеушісі туралы ақпарат;
      9) банктің уақытша әкімшілігінің активтер мен міндеттемелерді құрылатын тұрақтандыру банкіне беру туралы тапсырмасы;
      10) шешімнің күшіне енгізілу күні;
      11) өзге де талаптар, оның ішінде банктік және өзге де операцияларды жүргізу үшін қажетті банктің үй-жайын, жабдығын, программалық қамтамасыз етуін пайдалану, сондай-ақ кредиттік бюроға ақпаратты беру мәселесі бойынша.
      3. Тұрақтандыру банкі Банктер туралы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескеріп, акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылады.
      4. Тұрақтандыру банкін құру туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды және оны уәкілетті орган қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.

2-тарау. Тұрақтандыру банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу тәртібі

      5. Тұрақтандыру банкіне банк операцияларының жекелеген түрлерін және өзге операцияларды жүргізуге лицензия тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті тұлғаға мына құжаттарды ол бергеннен кейін беріледі:
      1) өтінішті;
      2) нотариатта куәландырылған жарғының көшірмесі және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі жөніндегі куәліктің көшірмесін;
      3) алынып тасталды
      4) қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты.
      Лицензияда көрсетілген банктік және өзге де операциялардың тізбесін тұрақтандыру банкіне берілетін активтер мен міндеттемелерге байланысты уәкілетті орган айқындайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. Уәкілетті орган тұрақтандыру банкіне банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны осы ереженің қосымшасында бекітілген нысан бойынша береді.

3-тарау. Тұрақтандыру банкінің жарғылық және меншікті капиталдарының барынша төмен мөлшері және оларды қалыптастыру тәртібі

      7. Тұрақтандыру банкінің жарғылық капиталы инвестор мен тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті тұлға арасында жасалатын шартқа сәйкес тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларына инвестор төлем жасағаннан кейін қалыптасады.
      8. Инвестор тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларын сатып алғанда, банк тұрақтандыру банкі мәртебесін жоғалтады және осы банктің жарғылық және меншікті капиталдарының барынша төмен мөлшері уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер үшін белгілеген мөлшерлерден кем емес болуы тиіс.

Тұрақтандыру банкін құру,
лицензиялау, жарғылық және
меншікті капиталдарының  
барынша төмен мөлшерін   
қалыптастыру ережесіне   
қосымша          

Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы

Банктік және өзге операцияларды жүргізуге
Лицензия

Лицензияның нөмірі _________ Берілген күні __ жылғы "__" ________
_____________________________________________________________________
      (банктің толық атауы)

      Осы лицензия операциялардың мынадай түрлерін (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) жүргізуге құқық береді:
      1) банктік операцияларды:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________

      2) өзге операцияларды:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________

Төраға
(Төрағаның орынбасары)

Мөр орны
Алматы қаласы