"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3832 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту және "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 қаулысына және "Бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4214 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4738 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы мамыр-шілде айларында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Банктің жарияланған акцияларын сатып алу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 161 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5389 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 181 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5462 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 89 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5701 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тұрақтандыру банкі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін, осы тармақтың 2), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген акциялар шығарылымының проспектісі акциялардың құнын анықтау әдістемесі, қаржылық есептілігі, есеп жүргізу саясаты туралы ақпарат қосылмай беріледі.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Тұрақтандыру банкі акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынбайды.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Тұрақтандыру банкі осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.";
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Уәкілетті орган тұрақтандыру банкінің акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті органның тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату туралы шешімінің негізінде қабылдайды.";
27-тармақ "қоғам ұсынған" деген сөздерден кейін "(тұрақтандыру банкін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:
"12-2. Тұрақтандыру банкі банкті басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаны (уәкілетті тұлғаларды) көрсетеді.";
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының саны, түрлері, номиналдық құны туралы мәліметтер (тұрақтандыру банкі толтырады).";
51-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады:
"Тұрақтандыру банкінің акциялар шығарылымының проспектісіне уәкілетті органның шешіміне сәйкес тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өкілеттік берілген тұлға қол қояды және қоғамның мөрімен расталады.";
мынадай мазмұндағы 52-тармақпен толықтырылсын:
"52. Тұрақтандыру банкі акциялар шығарылымы проспектісінің 8, 9, 10, 11-1, 12, 12-1, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 24, 25, 26, 27, 30, 38, 39, 40, 41, 42, 44, 44-1, 45, 46, 47-тармақтарын толтырмайды.".
2. Агенттік Басқармасының "Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 272 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3819 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 272 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 74 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4206 тіркелген) енгізілген толықтырулармен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ "Акционерлік қоғамдар" деген сөздерден кейін "(тұрақтандыру банкін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова