Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 3 тамыздағы N 08-1-1-1/236 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5775 болып енгізілді

Қолданыстағы

       Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында тіркеу тәртібін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. "Дипломатиялық миссиялардың, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің Басшыларын, қызметкерлерін, әскери атташелері мен әкімшілік-техникалық персоналын және шет ел инвесторларын Қазақстан Республикасында тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 тамыздағы N 115 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік-құқықтық актілердің Мемлекеттік тізілімінде N 1283 болып тіркелген.)
      3. Осы бұйрық ресми жариялағаннан он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      МИНИСТР                                                М. ТӘЖИН

Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрiнiң
2009 жылғы 3 тамыздағы
N 08-1-1-1/236   
бұйрығымен бекiтiлген

Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді және дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйымдарды және/немесе олардың өкілдіктерін, консулдық мекемелерді тіркеудің, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелер қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында аккредиттеудің тәртібін реттейді.
      2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін халықаралық ұйым ретінде 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 2-бабы 1-тармағының і) тармақшасына, 2005 жылғы 30 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 7) тармақшасына сәйкес тек мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйымдар білдіріледі.

2. Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанында тіркеу

      3. Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуге шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомствосының, халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені ашу туралы нотасы негіз болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасының құзыретті органдарымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) дипломатиялық өкілдікке, халықаралық ұйымдарға және/немесе оның өкілдігіне, консулдық мекемеге Сыртқы істер министрлігінің жанынан дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені нотада көрсетілген мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын нота жібереді.
      5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген растауды алғаннан кейін келген жіберуші мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі персоналының мүшесі, халықаралық ұйымның және/немесе оның өкілдігінің қызметкері, өзі өкілдік ететін мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің консулдық мекемесі консулдық персоналының, халықаралық ұйымның және/немесе оның өкілдігінің, консулдық мекеменің қызметкері алғашқы аккредиттеу күнінен бастап Сыртқы істер министрлігі жанында аккредиттелген болып саналады.

3. Төтенше және Өкілетті Елшіні және Нунцийді аккредиттеу

      6. Жіберуші мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшісін, Нунцияны (Бұдан әрі - Елші) аккредиттеуге жіберуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосының Сыртқы істер министрлігіне Елші лауазымына ұсынылған кандидатураның өмірбаяндық деректері қоса берілген келісім беру (агреман) туралы өтініш нотасы негіз болып табылады.
      7. Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарының келісімінен кейін Сыртқы істер министрлігі жіберуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосына ұсынылған кандидатураға арналған келісімді беру немесе бас тартуды жібереді.
      8. Резиденциясы Қазақстан Республикасында орналасқан жаңадан тағайындалған Елші сенім грамоталарын Қазақстан Республикасының Президентіне, ал міндетін қоса атқаруға тағайындалған (резиденциясы басқа елде орналасқан) Елші – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына тапсырады. Оның Қазақстан Республикасында болу мерзімі сенім грамоталарын тапсырған күнінен бастап саналады.
      9. Қазақстан Республикасының басшылығына Сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен Елшінің кездесуін ұйымдастырады.

4. Сенімді өкілдерді аккредиттеу

      10. Сенімді өкілдерді аккредиттеуге жіберуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосының Сенімді өкілді тағайындау туралы нотасы негіз болып табылады.
      11. Жіберуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосы басшысының Сенімді өкілді тағайындау туралы жолдауын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына тапсырған күннен бастап Сенімді өкіл өз функцияларын атқаруға кірісті деп саналады.

5. Консулдық мекеме басшысын аккредиттеу

      12. Консулдық мекеме басшысын аккредиттеуге өзі өкілдік етуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосының Сыртқы істер министрлігіне консулдық мекеме басшысы лауазымына ұсынылған кандидатураның өмірбаяндық мәліметтері қоса берілген нотасы негіз болып табылады.
      13. Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарымен келісілгеннен кейін Сыртқы істер министрлігі консулдық мекеме басшысына ұсынылған кандидатураға қатысты өз шешімі жөнінде нотамен хабарлайды және де оң жауап болған жағдайда, келісім (экзекватура) береді, содан кейін оны Сыртқы істер министрлігі жанынан аккредиттеу жүргізіледі.

6. Әскери, теңіз немесе әуе атташелерін аккредиттеу

      14. Әскери, теңіз немесе әуе атташелерін аккредиттеуге 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 7-бабына сәйкес дипломатиялық өкілдіктің ұсынылған кандидатураның өмірбаяндық мәліметтері қоса берілген тиісті нотасы негіз болып табылады.
      15. Қазақстан Республикасының құзыретті органдарымен келісілгеннен кейін, Сыртқы істер министрлігі ұсынылған әскери, теңіз немесе әуе атташелігі кандидаттурасына қатысты өз шешімі туралы хабарлайды және де оң жауап болған жағдайда, оны Сыртқы істер министрлігі жанынан аккредиттеу жүргізіледі.

7. Аккредиттеу куәліктерін берудің тәртібі мен санаттары

      16. Дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардын өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелері, консулдық мекемелердің қызметкерлері, әскери, теңіз немесе әуе атташелері (бұдан әрі - өкілдіктердің қызметкерлері), өкілдіктер қызметкерлерінің отбасы мүшелері (олармен бірге тұратын жұбайлары, тұрмыс құрмаған 18 жасқа дейінгі балалары) өз мәртебелеріне сәйкес аккредиттеу куәліктерін (бұдан әрі – куәлік) алады.
      Өкілдіктер қызметкерімен бірге тұратын басқа тұлғаларды отбасы мүшелеріне жатқызу және оларға куәліктер беру жіберуші/өзі өкілеттік ететін мемлекетпен өзара қағидаттық негізде жүзеге асырылады.
      17. Өкілдік қызметкерін аккредиттеу және куәлік алу үшін дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі өкілдік қызметкерінің келген күнінен бастап үш күн мерзім ішінде Сыртқы істер министрлігіне келесі құжаттарды қоса беру арқылы нота (хат) жібереді:
      1) осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес тиісті үлгіде толтырылған тіркеу сауалнамасының бір нұсқасы;
      2) көлемі 3x4 см. түрлі-түсті бірдей екі фотосурет;
      3) дипломатиялық өкілдіктің, консулдық мекеменің, халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің мөрімен куәландырылған паспорттың және визаның (талап етілуіне орай) көшірмелері;
      4) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмесі.
      18. Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі осы Нұсқаулықтың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап, он күнтізбелік күн ішінде өкілдік қызметкеріне алғашқы алу кезінде үш жылға дейінгі мерзімге, ұзарту кезінде (тек бұрын берілген куәлікті қайтарған соң) екі жылға дейінгі мерзімге, бірақ үш айдан кем емес мерзімге (егер паспорттың мерзімі мүмкіндік берген жағдайда) куәлік ресімдейді.
      19. Өкілдік қызметкерінің отбасы мүшесін аккредиттеу де осы Нұсқаулықтың 17-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Отбасы мүшесін тіркеуге алу мерзімі өкілдік қызметкердің өзінің тіркелу мерзімінен аспауы тиіс.
      20. Мәртебесіне байланысты өкілдік қызметкеріне, отбасы мүшелеріне тиісінше, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттармен белгіленген артықшылықтары мен имунитеттеріне сәйкес "D", "C", "HC", "T", "S" және "М" сериялы куәліктер ресімделеді.
      21. "D" сериялы куәліктер дипломаттық паспорты (оларды иеленбейтін мемлекеттерді қоспағанда) немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының паспорты болған жағдайда мынадай тиісті санаттағыларға:
      1) дипломатиялық өкілдіктердің басшыларына;
      2) дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелеріне;
      3) әскери, теңіз және әуе атташелеріне;
      4) мәртебесі бойынша осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар теңестірілген халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктерінің қызметкерлеріне;
      5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың отбасы мүшелеріне беріледі.
      22. "C" сериялы куәліктер дипломаттық паспорты (оларды иеленбейтін мемлекеттерден басқа) болған жағдайда:
      1) консулдық лауазымды адамдарға;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың отбасы мүшелеріне беріледі.
      23. "HC" сериялы куәліктер Құрметті консул лауазымындағы тұлғаларға өзі өкілдік ететін мемлекетпен өзаралық қағидат негізінде беріледі. Бұл ретте, Құрметті консулдың отбасы мүшелеріне куәлік берілмейді.
      24. "T" сериялы куәліктер қызметтік (оған теңестірілген) немесе ұлттық паспорты болған жағдайда:
      1) дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелеріне;
      2) консулдық мекемелердің консулдық қызметшілеріне;
      3) мәртебесі бойынша осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаға теңестірілген халықаралық ұйымдар және оның өкілдіктерінің қызметшілеріне;
      4) осы тармақтың 1)–3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың отбасы мүшелеріне беріледі.
      25. "S" сериялы куәліктер ұлттық паспорты болған жағдайда жіберуші/өзі өкілдік ететін мемлекпен өзаралық қағидат негізінде беріледі:
      1) дипломатиялық өкілдіктің қызмет көрсететін персоналының қызметшілеріне;
      2) консулдық қызметтің қызмет көрсететін персоналының қызметшілеріне;
      3) мәртебесі бойынша осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаға теңестірілген халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың отбасы мүшелеріне беріледі.
      5) дипломатиялық өкілдік қызметкерінің қызметіндегі ғана тұратын үй қызметшілеріне беріледі.
      6) консулдық мекемелер қызметкерінің қызметіндегі ғана тұратын жеке үй қызметшілеріне беріледі.
      26. "М" сериялы куәліктер халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ егер осы Нұсқаулықтың 21, 24, 25-тармақтарында көрсетілген адамдар санатына жатпаған жағдайда, олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
      27. Куәлікке Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі басшысының қолы қойылады.
      28. Өкілдік қызметкерінің қызметтік жағдайы өзгерген жағдайда, сондай-ақ бұрын берілген куәліктің пайдалану мерзімі біткеннен соң, дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне осы Нұсқаулықтың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, нота (хат) жолдау арқылы хабардар етеді.
      Қазақстан Республикасында аккредиттелген, сол мезгілде дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкері болып табылатын белгілі бір тұлғаны халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі аккредиттеуге құжаттар жіберген кезде бұл тұлғаны жіберуші/өзі өкілдік ететін мемлекеттің қандай санатта қабылдайтындығы жөнінде қосымша ақпарат ұсынуы қажет.
      Егер жоғарыда аталған тұлғаның бұрынғы мәртебесі сақталып қалған жағдайда (дипломатиялық өкілдіктің қызметкері, консулдық мекеменің қызметшісі), оның халықаралық ұйымның және/немесе оның өкілдігінің қызметкері ретінде оны тіркеуге рұқсат етілмеуі тиіс.
      Егер мұндай тұлғаның бұрынғы мәртебесі сақталмаған жағдайда, бұрын берілген дипломатиялық өкілдік қызметкері, консулдық мекеме қызметкері куәлігінің орнына халықаралық ұйым қызметкері ретіндегі деңгейіне сәйкес артықшылықтары мен иммунитеттерін растайтын куәлік беріледі.
      29. Куәлікті жоғалтқан жағдайда дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі міндетті түрде бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне осы Нұсқаулықтың 17-тармағында көрсетілген құжаттар, дипломатиялық өкілдіктің, консулдық мекеменің, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігінің тұрған жеріндегі қалалық Ішкі істер басқармасының табу бюросының анықтамасы қоса берілген нота (хат) жолдау арқылы хабарлайды. Куәліктің дубликаты жоғалу туралы нотаны (хатты) алғаннан кейінгі бір ай ішінде беріледі.
      30. Дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігі қызметкері, оның отбасы мүшелері біржолата кеткенде немесе қайтыс болған жағдайда, міндетті түрде бес күнтізбелік күн ішінде өкілдік қызметкеріне немесе оның отбасы мүшесіне берілген тіркеу куәлігі қоса берілген нотамен (хатпен) Сыртқы істер министрлігіне хабарлайды.

8. Артықшылықтар және иммунитеттер

      31. "D" сериялы куәліктер:
      1) осы Нұсқаулықтың 22-тармағының 1)–4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғаларға қатысты 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 29–36-баптарымен;
      2) осы Нұсқаулықтың 21-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға қатысты 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 29–36-баптарымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
      32. "С" сериялы куәліктер:
      1) осы Нұсқаулықтың 22-тармағының 1)тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 40, 41, 43, 44, 46 – 52-баптарымен көзделген;
      2) осы Нұсқаулықтың 22-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 46-бабының 1-тармағымен, 48-бабының 1-тармағымен, 49-бабының 1-тармағымен, 50-бабының 1-тармағының b) тармақшасы, 3-тармағымен 51 және 52-баптарымен көзделген;
      3) осы Нұсқаулықтың 22-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 71-бабының 1-тармағымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
      33. "НС" сериялы куәліктер осы Нұсқаулықтың 23-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 58-бабының 2-тармағымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
      34. "T" сериялы куәліктер:
      1) осы Нұсқаулықтың 24-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 37-бабының 2-тармағымен;
      2) осы Нұсқаулықтың 24-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 43, 44, 46 – 52 -баптарымен;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға және отбасы мүшелері немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 46-бабының 1-тармағымен, 48-бабының 1-тармағымен, 49-бабының 1-тармағымен, 51 және 52-баптарымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
      35. "S" сериялы куәліктер:
      1) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 37-бабының 3-тармағымен;
      2) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 44-бабының 2-тармақшасымен, 47-бабының 1-тармақшасымен, 48-бабының 1-тармақшасымен, 49-бабының 2-тармақшасымен, 51 және 52- баптарымен;
      3) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 48-бабының 1-тармақшасымен, 51 және 52-баптарымен;
      4) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының дипломатиялық агенттің ғана қызметіндегі тұлғаларға қатысты 33-бабының 2-тармағымен, 37-бабының 4-тармағымен;
      5) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының дипломатиялық қызметкерлердің ғана қызметіндегі тұлғаларға қатысты 37-бабының 4-тармағымен;
      6) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының консулдық лауазымды тұлғалар мен консулдық қызметкерлердің ғана қызметіндегі тұлғаларға қатысты 47-бабының 2-тармағымен, 48-бабының 2-тармағымен;
      7) осы Нұсқаулықтың 25-тармағының 6)-тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының консулдық мекеме қызметкерлерінің ғана қызметіндегі тұлғаларға қатысты 48-бабының 2-тармағымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
      36. "М" сериялы куәлігі осы Нұсқаулықтың 26-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.