Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5761 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген:
      1) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысаны;
      2) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің    
2009 жылғы 27 тамыздағы N 115
бұйрығымен бекітілді   

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысаны

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрлігінің   
Зияткерлік меншік құқығы  
комитетінің төрағасы    
   ____________________________________
(басшы аты-жөні)             
____________________________________
(ұйым атауы, басшы аты-жөні, қызметі)
Реквизиттері: ________________________
(заңды мекен-жайы, байланыс телефоны)

Өтініш

_____________________________________________________________________
                   (ұйым орналасқан мекен жайы)
орналасқан, тіркеу нөмірі ___________________________________________
                              (заңды тұлғаның тіркелу нөмірі)
БСН: ___________________ (ол бар болғанда) СТН:______________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)       (салық төлеушінің тіркелу нөмірі)
_____________________________________________________________________
(мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)
_____________________________________________________________________
      ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының
                     43-бабының 3-тармағына сәйкес)
ұжымдық басқару саласында бірлестік мүшелері атынан "Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
46-1-бабына сәйкес, аккредиттеуден өткізуіңізді өтінемін.

Өтінішке қосымша келесі құжаттар тіркеледі:
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
3. ___________________________________________________________

М.О. _________________  ______________________________________
         (қолы)                   (қызметі, аты-жөні)
Күні: 20__ жылғы "___"_______________

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің    
2009 жылғы 27 тамыздағы N 115
бұйрығымен бекітілді   

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

      1) өтініш;
      2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімі;
      3) құрылтай құжаттарының, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
      4) алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.19 № 16 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің тізімі;
      6) ұйымның осыған ұқсас құқықтарды басшылыққа алған шетелдiк мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын мекемелермен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің көшірмелері;
      7) авторлық құқықты және сабақтас құқықты басқару туралы әрекет күші бар жасасқан келісімдер туралы мәліметтер;
      8) авторлық құқықты және сабақтас құқықты пайдаланушылармен әрекет күші бар жасасқан келісімдер туралы мәліметтер;
      9) жалпы жиналыстың сыйақыға қатысты шешімі;
      10) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық келісім жасасу талаптарына қатысты шешімі;
      11) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны төлеу және бөлу әдісіне қатысты шешімі;
      12) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жұмысын тексеру туралы соңғы екі жылдағы мәліметтері;
      13) құқық иелері мен пайдаланушылар үшін қажет Қазақстан аймақтарында мұндай ұйым атынан шығатын тұлғалар туралы мәліметтер;
      14) авторлық құқықты және сабақтас құқықты иелерінің өтініш берушіге қатысты мінездемесі;
      15) Интернет-ресурсы бар туралы мәлімет.
      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.01.19 № 16 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.