"Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 шілдедегі N 353 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5743 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 11 қарашадағы N 691 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.11 N 691 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының " Азаматтардың денсаулығы туралы " 2006 жылғы 7 шілдедегі, " Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі, " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына сәйкес және медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ретке келтіру, үйлестіру және одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
       1. "Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2922 болып тіркелген, "Қазақстан фармациясы" журналында жарияланған, 2004 ж., N 7, "Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 11 қарашадағы N 799  бұйрығына енгізілген толықтырулармен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3289 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 1, 6-бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      Қазақстан Республикасының " Азаматтардың денсаулығы туралы " 2006 жылғы 7 шілдедегі, " Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдегі, " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына сәйкес және медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ретке келтіру, үйлестіру және одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесінде:
       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы ереже Қазақстан Республикасының " Азаматтардың денсаулығы туралы " 2006 жылғы 7 шілдедегі, " Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі, " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына сәйкес әзірленген және медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.";
       11-тармақтың бірінші абзацындағы "тақырыптық жетілдіру – 72 сағаттан 234 сағатқа дейін" деген сөздер "тақырыптық жетілдіру – 36 сағаттан 234 сағатқа дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік–құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық он күнтізбелік күн өткеннен кейін алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы                    Б. Садықов