Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы
N 220
қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 317-тармағын орындау үшін
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісім нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісімге қол қоюды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы немесе оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады деп белгіленсін.
3. "Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісім нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі
N 154
бұйрығының
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4678 тіркелген күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 1 шілдедегі
N 277 бұйрығымен
бекітілген
Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісім
Астана қаласы N ____ "___"______________ 20__ж.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, бұдан әрі "Министрлік" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің негізінде әрекет ететін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 199 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереженің негізінде әрекет ететін ___________________ _________________________ бір тараптан, және
(лауазымының атауы) (Т.А.Ж.)
___________________________________________________________ бұдан (облыстық/қалалық бюджетті атқару жөніндегі органның атауы)
әрі "Салымшы" деп аталатын, Әкімдіктің 20_ж. "_" ____N __қаулысымен бекітілген ________________________________________________________ (облыстық/қалалық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
Мемлекетік мекеме туралы ереже негізінде әрекет ететін ____________
_______________________________ __________________________________ (лауазымының атауы) (Т.А.Ж.)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған осы Бас келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты
1.1. Екі жақты мәмілелер түрінде Тараптар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына (депозиттеріне) орналастыру үшін (бұдан әрі - ҚР Ұлттық банк салымы) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды (аударуды) жүзеге асыру тәртібі Келісімнің мәні болып табылады.
1.2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Келісімге сәйкес Салымшы уақытша бос бюджет ақшасын береді, ал Министрлік оларды ҚР Ұлттық банк салымына орналастыруға міндеттеме алады.
1.3. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру (аудару) жөніндегі әрбір операция Келісімнің 1-қосымшасына сәйкес мәміле паспортымен ресімделеді, онда салымды орналастыру бойынша барлық деректер: сомасы, орналастыру мерзімі, орналастыруды бастау және аяқтау күні, сыйақы ставкасы, сыйақы сомасы, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы, салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде қолданылатын сыйақы ставкасы болуға тиіс. Мәміленің барлық паспорттарына Келісімнің 2-қосымшасына сәйкес Тараптардың уәкілетті лауазымды тұлғалары қол қояды және Келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылады.
1.4. Келісімді орындау жөніндегі барлық қажетті шараларды Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті жүзеге асырады.
2. Уақытша бос бюджет ақшасын аудару тәртібі
2.1. Министрлік Салымшыдан келіп түсетін ақшаны есепке алу үшін қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ҚБАЖ) N _____________ шот ашады.
2.2. Салымшы уақытша бос бюджет ақшасын аударуға ниеті болған кезде Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес Министрлікке уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен растаған хабарлама жібереді.
2.3. Министрлік хабарлама алғаннан кейін кейінгі күннен кешіктірмей Салымшының атына факсимильдік байланыс арқылы Салымшының қол қоюы және мөр бедерімен бекіту үшін қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәміле паспортын жібереді (бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данадан).
2.4. Салымшы Министрліктен факсимильдік байланыс арқылы мәмілелер паспортын алғаннан кейін оларға қол қояды, мөрмен бекітіледі, кейін факсимильді байланыс арқылы Министрліктің атына кері жіберіледі.
2.5. Салымшы қол қойылған мәміле паспорты негізінде сол күні астана уақытымен 11 сағат 30 минутта ____________________________ Қазынашылық департаментіне ______________________________________ (облыстық немесе қалалық)
Тараптар қол қойған мәміле паспортының Салымшының түпнұсқалық қолы мен мөр бедерімен, сондай-ақ аша аударуды төлеу шотымен Министрліктің аталған деректемесіне жібереді.
Салымшы ұсынған мәміле паспорты Қазынашылық департаментіне ұсынылады және ақша аударуға арналған негіздердің бірі болып табылады.
2.6. Министрлік Салымшыдан ақша түскеннен кейін келесі күннен кешіктірмей Ақшаны ҚР Ұлттық банк салымдарына орналастырады.
2.7. Министрлік қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәмілелер паспортының факстық нұсқаларын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәмілелер паспортының 4 (төрт) данасын салымшының қол қоюы және мөрмен бекітуі үшін почтамен жібереді.
2.8. Салымшы Министрліктен мәмілелер паспортын алған соң оларға қол қойып және мөр бедерімен бекітіп мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан Министрлікке қайтарады.
2.9. Мәміле паспортында көрсетілген ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін толық немесе ішінара талап еткен кезде Салымшы Министрлікке 3.14-тармақта айтылған деректемелерді көрсете отырып, Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес Министрлікке берілген ақшаны қайтару туралы Министрлікке талап ұсынуға міндетті.
2.10. Салымшы мәміле паспортында белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Министрлікке сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін 3.1.4-тармақта айтылған деректемелерді көрсете отырып, келісімнің 5-қосымшасына сәйкес жазбаша хабарлама ұсынады.
2.11. Министрлік салымшыдан хабарлама алған күннен кейінгі күннен кешіктірместен Келісімнің 5-қосымшасына сәйкес факсимильдік байланыс арқылы салымшының қол қоюы және мөрмен бекітуі үшін 4 (төрт) данада түпнұсқалық қолы мен мөр бедерімен бекітілген мәміле паспорттарын почтамен жібереді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Министрлік міндеттенеді:
3.1.1. Салымшыдан хабарлама алғаннан кейін келесі күннің астана уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәмілелер паспортын қол қою үшін жіберуге.
3.1.2. Факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәмілелер паспортын жібергеннен кейін келесі күннен кешіктірмей почтамен 4 (төрт) данада мәмілелер паспортының қол қойылған және мөртабанмен бекітілген түпнұсқаларын Салымшы қол қою және мөртабанмен бекіту үшін жіберуге.
3.1.3. Ақша N ____________ шотқа түскеннен кейін келесі күннен кешіктірмей ҚР Ұлттық банкінің салымдарына орналастыруға.
3.1.4. Салымның мерзімі аяқталғаннан кейін немесе Салымшының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы жазбаша талап етуін Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мерзімінен бұрын талап еткен кезде салымды БЖК 195301070 N _______________ ЖБК, бенефициардың СТН-і __________________, ал ҚР Ұлттық банкі есептеген сыйақыны (мүддені) ЖБК 000080900, БЖК 195301070, бенефициардың атауы мен СТН-і, кіріс коды _______ қайтаруға міндеттенеді.
3.2. Салымшы міндеттенеді:
3.2.1. ҚР Ұлттық банкінің салымына орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын беру ниеті болған кезде астана уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы Министрлікке уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен бекітілген хабарламаны Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес жіберуге.
3.2.2. Министрліктен мәмілелер паспортын алғаннан кейін астана уақытымен 11 сағат 30 минуттан кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәміле паспорттарды жіберуге.
3.2.3. Астана уақытымен 11 сағат 30 минутқа дейін _____________________________________ Қазынашылық департаментіне
(облыстық немесе қалалық)
Салымшының қолының және мөртабанының түпнұсқасымен тараптар қол қойған мәмілелер паспортына, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің салымдарына орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған ақы төлеуге шоттың факстік нұсқасын беруге.
3.2.4. Министрліктен мәмілелер паспортының түпнұсқаларын алғаннан кейін оларға қол қоюға, мөртабанмен бекітуге және мәмілелер паспортының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данасын Министрлікке қайтаруға.
3.2.5. Мәмілелер паспортында белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Министрлікке салым және сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін қажетті тиісті деректемелерді нақты көрсете отырып, салым сомасын толық көлемде мерзімінен бұрын талап еткен немесе ішінара талап еткен кезде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес хабарлама ұсынуға міндеттенеді.
3.3 Министрлік құқылы:
3.3.1. Салымшы Келісімнің 2.10-тармағына сәйкес шарттың әрекет ету мерзімін ұзартқан кезде ҚР Ұлттық банкі ұсынатын ставкаға Салымшымен келісім бойынша сыйақының (мүдденің) бастапқы белгіленген ставкасын өзгертуге құқығы бар.
3.4. Салымшы құқылы:
3.4.1. Салымды беру мерзімін ұзартуға.
3.4.2. Келісімнің 2.9.-тармағына сәйкес салымдарды толық көлемде және ішінара мерзіміне дейін талап етуге құқығы бар.
4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Келісім бойынша өз міндеттемелеріне жауапкершілікте болады.
4.2. Министрлік есептелген сыйақыдан (мүддеден) салым қайтару мерзімін бұзған жағдайда, Министрлік Салымшыға Келісімнің 3.1.4-тармағында көрсетілген ҚР Ұлттық банкінен нақты алынған айыппұл сомасын төлейді.
4.3. Министрлік Салымшының өз міндеттемелерін уақтылы орындамауының салдарынан пайда болған зиянға жауапкершілікте болмайды.
4.4. Салымшы Келісімнің 3.2.3-тармағында көрсетілген ақшаны аударуға төлеуге шотты беру мерзімін бұзған кезде Салымшы Министрлікке соманы уақтылы аудармағаны үшін әрбір мерзімі өткен аудару күнтізбелік күніне ҚР Ұлттық банкі беретін айыппұл мөлшерінен төмен емес айыппұл төлейді.
5.1. Тараптар, егер орындамау күтпеген мән-жайлар, атап айтқанда: өрт, топан су, зілзала, індет, әскери іс-қимылдар, электр энергиясы мен телекоммуникациялық байланыстың уақытша болмауының және Келісім бойынша міндеттемелерін орындауға тікелей әсер ететін Тараптардың еркіне бағынбайтын басқа мән-жайлардың салдары болып табылатын болса, Келісім бойынша мiндеттемелерiн iшiнара немесе толық орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
Тараптардың біреуі немесе екеуі үшін Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермейтін Қазақстан Республикасының заң шығарушы және атқарушы билік органдары шешімдерінің салдары үшін тараптар жауап бермейді.
Тараптар, егер мұндай мән-жайлар болған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және байланыс болған кезде, оның әсерінен зардап шеккен Тарап болған жағдай туралы екінші Тараптың назарына жеткізсе, сондай-ақ өз тарапынан форс-мажорлық мән-жайлардың салдарын жылдам жою үшін барлық күш-жігерін жұмсаса, өздеріне алған міндеттемелерді орындаудан босатылады.
5.2. Форс-мажорлық мән-жайларға байланысты зиян шеккен Тарап тежеусіз күштің объектісі болған Тараптан болған оқиғаларға дәлелдер, сондай-ақ шеккен зиян көлемін есептеуге байланысты кез келген басқа құжаттаманы талап ете алады.
6. Келісімнің қолданылу мерзімі, бұзу және өзгерту шарттары
6.1. Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді. Бұл ретте, Келісім облыстық (қалалық) Қазынашылық департаментінде тіркелуге жатпайды.
6.2. Келісім Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылады.
6.3. Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты келісімді бұзудың болжамдалған күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінде бұл туралы ескерте отырып және Келісім бойынша бұрын өзіне алынған міндеттемелерді орындай отырып, Келісімді бұзуға құқығы бар.
7.1. Тараптардың арасындағы Келісім бойынша пайда болған барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Келісім бірдей заң күші бар екеуі мемлекеттік, екеуі орыс тілдерінде төрт түпнұсқа данада жасалған.
7.3. Осы Келісіммен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
7.4. Тараптардың біреуі немесе Тараптардың екеуі қайта ұйымдастырылған жағдайда, Келісім бойынша барлық құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорына көшеді.
7.5. Егер салым мерзімінің соңғы күні жұмыс күні емес күнге сәйкес келсе, салым есептелген сыйақымен (мүддемен) бірге келесі жұмыс күніне қайтарылады, бұл ретте, көрсетілген жұмыс күні емес күнге сыйақы (мүдде) есептелмейді.
8. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері
Қазақстан Республикасы __________________________________
Қаржы министрлігі
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
Индексі 100000, Астана қ. Индексі _________, ______________ қ.
Жеңіс даңғылы, 11 үй _________________________________
ЖБК _________________ ЖБК _________________
СТН-і _______________ СТН-і _______________
БЖК _________________ БЖК _________________
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінде Қазынашылық комитетінде
Қазақстан Республикасы _________________________________
Қаржы министрлігі
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
атынан атынан
___________ __________
(қолы) (қолы)
___________________________ _______________________________
(Т.А.Ж.) (Т.А.Ж.)
М.О. М.О.
Уақытша бос бюджет
ақшасын аударуға
арналған бас келісімге
1-қосымша
МӘМІЛЕ ПАСПОРТЫ N ____
___ _____________ 20 ___ж.
___________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
береді, ал Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ____________
теңге сомасында салым қабылдайды.
Орналастыру мерзімі: _____________________
Орналастырудың басталу күні: _____________
Орналастырудың аяқталу күні: _____________
ҚР ҰБ сыйақы ставкасы: ___________________
ҚР ҰБ сыйақы сомасы: _____________________
ҚР ҰБ қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы: __________
Салымды мерзімінен бұрын талап еткен кезде қолданылатын сыйақы
ставкасы: ________________________________
"__" __________ 20__ж. ________________________________________ KZT (сомасы санмен)
Министрлікке төлейді,
Астана қаласы, ЖБК N 000713400, СТН-і 031400128626, БЖК 195301070
Деректемелері ___________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аталуы) _________________________________________________________________
Тараптардың қолдары:
Қазақстан Республикасы _______________________________
Қаржы министрлігі (бюджетті атқару жөніндегі
Қазынашылық комитетінің _______________________________
уәкілетті органның атауы)
атынан атынан
________________________________ _______________________________
(лауазым атауы) (лауазым атауы)
__________ _____________________ ___________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ж.) (қолы) (Т.А.Ж.)
М.О. М.О.
Уақытша бос бюджет
ақшасын аударуға
арналған бас келісімге
2-қосымша
Мәміле паспортын ресімдеген кезде қол қоюға құқығы бар уәкілетті лауазымды тұлғалар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен:
Қазынашылық комитетінің
Төрағасы __________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
Қазынашылық комитеті
төрағасының орынбасары __________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
Қазынашылық комитеті
төрағасының орынбасары __________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
_____________________________________________________:
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_______________________ ___________ ____________________________
(лауазымның атауы) (қолы) (Т.А.Ж.)
_______________________ ___________ ____________________________
(лауазымның атауы) (қолы) (Т.А.Ж.)
ТАРАПТАР ҚОЛЫ:
Қазақстан Республикасы _______________________________
Қаржы министрлігі (лауазымның атауы)
Қазынашылық комитетінің _______________________________
Төрағасы
(бюджетті атқару жөніндегі
_______________________________
уәкілетті органның атауы)
___________________________ _______________________________
(қолы) (қолы)
___________________________ _______________________________
(Т.А.Ж.) (Т.А.Ж.)
М.О. М.О.
Уақытша бос бюджет
ақшасын аударуға
арналған бас келісімге
3-қосымша
Шығ.
N
__________
"__" ____________ 20_ж.
ХАБАРЛАМА
___________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
20_ жылғы "__" __________ бастап "__" _______________ дейін Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкідегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру
үшін ______ күн мерзіміне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ________________________________________________________________
(санмен және жазумен)
сома беруге ниеттенеді.
Уәкілетті лауазымды тұлға ______________ __________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
М.О.
Уақытша бос бюджет
ақшасын аударуға
арналған бас келісімге
4-қосымша
Шығ.
N
__________
"__" ____________ 20_ж.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы ТАЛАП
________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
20_ж "__" _______ Келісімнің 2.9-тармағы негізінде 20_ж "__"____ ________________________________________________________________
(санмен және жазумен)
сомасындағы салымды ішінара/толықтай қайтаруды және ЖБК
______________, БЖК ______________, бенецифиардың атауы және
СТН-і __________________ аударуды өтінеді.
Талап етілген соманың есептелген сыйақы (мүдде) сомасын ЖБК
000080900, БИК 195301070, бенецифиардың атауы және СТН-і
_____________________, кіріс код ____________ аударуды сұраймыз.
Уәкілетті лауазымды тұлға ______________ __________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
М.О.
Уақытша бос бюджет
ақшасын аударуға
арналған бас келісімге
5-қосымша
Шығ. N __________
"__" ____________ 20_ж.
ХАБАРЛАМА
_____________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
салым мерзімінің аяқталуына байланысты _______________________ теңге
соманы (мәміле паспорты N_ "__" _________ 20_ж.), Келісімнің 2.10-тармағына сәйкес 20_ жылғы "__" ____ бастап "__"___________ дейін "__" күн мерзімге созуыңызды сұрайды.
Банк салымында нақты болған ақшаның есептелген сыйақы (мүдде) ЖБК 000080900, БЖК 195301070, бенецифиардың атауы және СТН-і ___________________________ кіріс код __________ аударуды сұрайды.
Уәкілетті лауазымды тұлға ______________ __________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
М.О.