Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің норма шығармашылық жұмысын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары және мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 113 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2948 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесінде:
1-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Құсайынов