Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 мамырдағы N 104 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 маусымда Нормативті құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5713 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5339 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің N 11 жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
       3, 4–тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      " 3. Филиалдары жоқ банктер үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері:
      1) банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
      Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
      2) 2009 жылғы 1 қазаннан бастап:
      банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде;
      1.10.2009 жылғы жағдай бойынша әр қайсысының меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден кемді құрайтын жұмыс істейтін банктер үшін:
      Астана және Алматы қалаларынан тыс қайта тіркелуі;
      Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген заңды және жеке тұлғалардан қабылданған депозиттер сомасының банк міндеттемелерінің 50 % (елу пайызынан) кем емес мөлшерінде болуы;
      Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген, банкпен аффилиирленбеген заемшыларға берілген, Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген заңды және жеке тұлғалардан қабылданған депозиттер мен банктің жарғылық капиталы сомасының 50% (елу пайызынан) кем емес мөлшеріндегі кредиттердің болуы шартымен - 2 000 000 000 (екі миллиард) теңге мөлшерінде;
      3) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап:
      банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде ;
      осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасының төртіншіден бастап жетіншіге дейінгі абзацтарында көзделген талаптарды орындаған банктер үшін 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      4. Екі және одан көп филиалы бар банк үшін меншікті капиталының ең аз мөлшері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мен:
      облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңгенің;
      басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін 15 000 000 (он бес миллион) теңгенің;
      басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін 10 000 000 (он миллион) теңгенің сомасы ретінде белгіленсін. ".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова