РҚАО-ның ескертпесі!
Күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5223 тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы N 85 (1485) "Юридическая газета" және 2008 жылғы 6 маусымдағы N 85 (1311) "Заң газетінде" жарияланған), "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 28 тамыздағы N 04.2-09/207 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5300 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2008 жылғы қыркүйегінде N 9 жарияланған), "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 04.2-44/18 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5529 тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпандағы N 30 (1627) "Юридическая газета" және 2009 жылғы 26 ақпандағы N 30 (1453) "Заң" газетінде жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымшада:
4-тармақта :
1) тармақшаның екінші абзацындағы:
"ұлттық басқарушы компанияларға" деген сөздері "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздерімен ауыстырылсын;
4) тармақша мына мазмұнда жазылсын:
"4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
соңғы үш аяқталған қаржылық жылы үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті үш аяқталған қаржылық жылы үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
Жіберілім бастамашысымен соңғы ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты ай өтуі тиіс;";
5) және 6) тармақшаларының қазақ мәтініндегі "қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне" деген сөздері "аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне" деген сөздерімен ауыстырылсын;
7) тармақшада: бірінші абзацтағы "(сатып алынғаннан және ауыртпалығы бардан өзге)" деген сөздері "(эмитентпен сатып алынған, ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланғаннан өзге)";
үшінші абзацта:
"жүз" деген сөзі "елуден астам" деген сөздерімен ауыстырылсын;
";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мына мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу берілген эмитенттің жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дербес жүзеге асырылады;";
5-тармақта :
1) тармақшаның екінші абзацындағы:
"ұлттық басқарушы компанияларға" деген сөздері "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздерімен ауыстырылсын;
4) тармақша мына мазмұнда жазылсын:
"4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
соңғы екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе эмитенттің аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;";
5) және 6) тармақшаларының қазақ мәтініндегі "қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне" деген сөздері "аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне" деген сөздерімен ауыстырылсын;
7) тармақшада:
бірінші абзацтағы "(сатып алынғаннан және ауыртпалығы бардан өзге)" деген сөздері "(эмитентпен сатып алынған, ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланғаннан өзге)";
үшінші абзацта:
"жүз" деген сөзі "елуден астам" деген сөздерімен ауыстырылсын;
";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мына мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу берілген эмитенттің жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дербес жүзеге асырылады;";
6-тармақта :
3) тармақша мына мазмұнда жазылсын:
"3) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін немесе эмитент қызметін бір жылдан аз мерзімде жүзеге асырса, нақты қызмет ету кезеңі үшін қаржылық есептілігін ұсынады.
Жіберілім бастамашысымен аталған санатқа енгізу туралы ұсынылған арызы соңғы қаржылық жылдың аяқталғанынан кейін алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен аталған акциялар эмитентінің соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін ұсынбастан, егер де эмитентте бар болса, қабылда нуы мүмкін:
соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін, сондай-ақ аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп құру датасынан кейін жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе, не болмаса эмитенттің аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілікті құру датасынан жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе;";
4) тармақшаның қазақ мәтініндегі "қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне" деген сөздері "аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне" деген сөздерімен ауыстырылсын;
8-тармақта :
2) тармақшаның екінші абзацтағы:
"ұлттық басқарушы компанияларға" деген сөздері "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздерімен ауыстырылсын;
5) тармақша мына мазмұнда жазылсын:
"5) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
соңғы екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;";
10-тармақта :
1) тармақшаның екінші абзацтағы:
"ұлттық басқарушы компанияларға" деген сөздері "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздерімен ауыстырылсын;
4) тармақша мына мазмұнда жазылсын:
"4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
соңғы екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;";
5) және 7) тармақшаларындағы "қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне" және "қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебінің" деген сөздері "аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне" және "аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің" деген сөздерімен сәйкесінше ауыстырылсын;
11-тармақта :
1) тармақшаның екінші абзацтағы:
"ұлттық басқарушы компанияларға" деген сөздері "ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздерімен ауыстырылсын;
4) тармақша мына мазмұнда жазылсын:
"4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;";
5), 6) және 7) тармақшаларындағы "қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне", "қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебі" және "қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебінің" деген сөздері "аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне" және "аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің" деген сөздерімен сәйкесінше ауыстырылсын;
14-тармақта :
бірінші абзацтағы "ресми тізіміне инвестициялық қордың" деген сөздерден кейін "бағалы қағаздарын" деген сөздерін "акциялары мен жарналарын" деген сөздерімен ауыстырылсын;
4) тармақша мына мазмұнда жазылсын:
"4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған соңғы толық аяқталған қаржылық жыл не болмаса қызмет ету кезеңі үшін инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынады.
Жіберілім бастамашысымен аталған инвестициялық қордың бағалы қағаздарын аталған секторға енгізу туралы ұсынылған арызы соңғы қаржылық жылдың аяқталғанынан кейін алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін аудиторлық есеппен расталған инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынбастан қабылда нуы мүмкін , егер де оларда келесі құжаттар бар болған жағдайда:
соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін, сондай-ақ аралық қаржылық ақпаратты шолу (инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп құру датасынан кейін жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе, не болмаса аталған инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілікті құру датасынан жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе;";
5) және 9) тармақшаларындағы "қаржылық есептіліктің соңғы есептілік күніне расталған аудиторлық есебіне" және " соңғы есептілік күніне таза активінің құны қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес" деген сөздері "аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептіліктің соңғы есептілік күніне" және "соңғы есептілік күніне аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне әйкес таза активінің құны" деген сөздерімен сәйкесінше ауыстырылсын;
12) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мына мазмұндағы 13), 14), 15) және 16) тармақшаларымен толықтырылсын:
"13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркеуі ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы арыз бергенге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылуы;
14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасымен танылатын бағалаушылар тізіміне кіретін бағалаушылардың бірімен жүзеге асырылуы;
15) аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің соңғы есеп беру датасына сәйкес акционерлік инвестициялық қордың әр қызмет ету жылы үшін таза табысының болуы;
16) акционерлік инвестициялық қордың акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.";
мына мазмұндағы 14-1 және 14-2-тармақтарымен толықтырылсын:
"14-1. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне жылжымайтын мүлік қорының акцияларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, аталған жылжымайтын мүлік қоры мен оның бағалы қағаздары келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
1) осы Талаптардың 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларымен қарастырылған;
2) шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің және/ немесе басқа міндеттемелерінің жиынтықтағы көлемі жылжымайтын мүлік қорының жеке капиталының он пайызынан аспауы;
3) жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде түскен табыстар жылжымайтын мүлік қорларының инвестициялық табыстарының жетпіс бес пайызынан кем болмауы;
4) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік қорын басқарушы компаниясының аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбауы;
5) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік ауыртпалатылған не болмаса сенімді басқаруға берілмеуі;
6) жалға беру келісім-шартымен бекітілген, жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін жалға беру бір жылдан кем емес мерзімді құрауы;
7) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін жалға үш жыл мерзімі ішінде ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы арызды берген күнге дейін беріледі.
Жіберілім бастамашысы қор биржасына жалға беру туралы стандартты нысандағы келісім-шартын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілуін растайтын ресми тізімге жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын енгізу туралы арызды берген күнге дейін жасалған жалға беру келісім-шарттарының көшірмелерін ұсынады.
14-2. Осы Талаптардың 14-тармақтың 13) тармақшасы және 14-1-тармақтың 3) мен 7) тармақшаларымен қарастырылған талаптар рейтингілік бағасы рейтингілік бағаларын қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің бірімен берілген жылжымайтын мүлік қорына қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:
1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;
3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға А. Арыстанов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің төрайымы
________________ Е. Бахмутова
29 сәуір 2009 жыл