Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы " Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)" 487-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. А. Евниев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің м.а.
2009 жылғы 14 сәуірдегі
N 223 бұйрығымен
бекітілген
Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі
1. Осы әдістеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)" 487-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және жер үсті су ресурстарының су көздерін пайдалануда төлем мөлшерін есептеу кезінде (бұдан әрі - төлем мөлшері) қолданылады.
2. Төлемақы мөлшерлері осы әдістеменің қосымшасында көрсетілгендей базалық ставкалар негізінде өзен бассейндері және экономика салалары бойынша Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің жыл сайын жариялайтын, сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейіндегі индексін ескере отырып, келесі формуламен есептеледі:
Р р = Р б х К 2009 ж х … х К i
мұндағы:
Р р – төлемақы мөлшерлері.
Р б – базалық төлемақы мөлшері (әдістеменің қосымшасында көрсетілген).
К 2009 ж – 2009 жылғы инфляция коэффициенті (бірлікке келтірілген).
К i – кейінгі жылдардағы инфляция коэффициенті (бірлікке келтірілген).
3. Төлемақы мөлшерін әзірлеу барысында аймақтың жағдайына байланысты төлемақы мөлшерін төмендету (0,2 кем емес) және жоғарылату коэффициентін жергілікті бюджетке түсетін төлемдердің жалпы сомасы осы әдістеменің 2-тармағы негізінде есептелген сомадан аспайтын болған жағдайда және екі еседен жоғары болмауы шарт болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жер үсті көздерінің су
ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақыны есептеу
әдістемесіне қосымша
Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық ставкалар
Арнаулы су пайдаланудың түрі |
||||
Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер. (теңге/1000 тек.м) |
Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 тек.м) |
Ауыл шаруашылығы. (теңге/1000 тек.м) |
|
1. |
Сырдария өзені және Арал теңізі бассейні |
65 |
184 |
51 |
2. |
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні |
58 |
160 |
46 |
3. |
Ертіс өзені бассейні |
63 |
181 |
51 |
4. |
Есіл өзені бассейні |
61 |
169 |
48 |
5. |
Нұра, Сарысу және Кенгір, бассейніне жататын өзендер |
68 |
194 |
56 |
6. |
Торғай, Тобыл, Ырғыз бассейніне жататын өзендер |
61 |
174 |
48 |
7. |
Жайық, Сағыз, Ембі, Еділ, Ойыл, Үлкен және Кіші Өзен өзендері және Каспий теңізі бассейні |
72 |
206 |
58 |
8. |
Шу, Талас және Аса өзендері бассейні |
68 |
191 |
56 |
кестенің жалғасы
Арнаулы су пайдаланудың түрі |
||||
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары (теңге/1000 тек.м) |
Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар. (теңге/тонна) |
Су энергетика. (теңге/1000 кВт.сағ) |
Су көлігі (теңге/1000 тек.м) |
|
1. |
51 |
130 |
19 |
7 |
2. |
44 |
114 |
17 |
5 |
3. |
51 |
128 |
19 |
7 |
4. |
48 |
122 |
17 |
5 |
5. |
53 |
137 |
- |
- |
6. |
48 |
124 |
- |
- |
7. |
56 |
146 |
- |
7 |
8. |
53 |
137 |
19 |
- |