Ислам банкін таңдау және оған таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шарты бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлігі мен инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 51 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5664 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 74-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ислам банкін таңдау және оған таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шарты бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлігі мен инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А. Ә . Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 27  
наурыздағы N 51 қаулысымен   
бекітілді        

Ислам банкін таңдау және оған таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шарты бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлігі мен инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) 74-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ислам банкін таңдау және оған таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шарты бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлігі мен инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережені қолдану мақсатында мына ұғымдар қолданылады:
      1) депозитор – инвестициялық депозит туралы шарт жасасқан, таратылатын ислам банкінің клиенті;
      2) инвестициялық депозит – инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіпте берілген ақшаны қолдану нәтижесіне байланысты ол бойынша кіріс төлеу талабымен, клиент ислам банкіне номиналды көрсетілімде қайтару кепілісіз тиісті мерзімге беретін ақша;
      3) ислам банкі – уәкілетті органның лицензиясы негізінде, Банктер туралы Заңның 4-1-таруында көзделген банктік қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
      4) қабылдайтын ислам банкі – тарату комиссиясы таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беруге таңдаған ислам банкі;
      5) тарату комиссиясы – ислам банкін мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган тағайындайтын (босататын) не ислам банкі оны ерікті таратуға рұқсат алғанда тағайындайтын, тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен ислам банкінің істерін аяқтау және кредиторлармен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату рәсімі барысында ислам банкінің мүлігін және істерін басқару бойынша өкілеттікті жүзеге асыратын орган;
      6) таратылатын ислам банкі – мәжбүрлеп не ерікті тарату процесіндегі ислам банкі;
      7) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері – инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиті бойынша міндеттемелер;
      8) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      3. Осы Ережеге сәйкес таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беруге негіз болып заңдық күшіне енген ислам банкін мәжбүрлеп тарату жөніндегі соттың шешімі не уәкілетті органның ислам банкін ерікті тарату жөніндегі рұқсаты табылады.

2-тарау. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдау тәртібі

      4. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдаулары жөніндегі ұсынысты ислам банктеріне жібереді.
      5. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдағылары келетін ислам банктері ұсынысты алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде тарату комиссиясына еркін нысанда жасалған, таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдағысы келетіні туралы өтінішті тарату комиссиясына ұсынады.
      6. Тарату комиссиясы ұсынысты жіберген күннен бастап отыз жұмыс күннен кешіктірмей таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдағысы келетіні туралы өтініш берген және мына талаптарға сәйкес келетін ислам банктері арасынан ислам банкін таңдауды жүзеге асырады:
      1) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күнінде пруденциалдық нормативтерді орындауы;
      2) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күніне дейінгі соңғы он екі ай ішінде уәкілетті орган қолданған санкциялардың болмауы;
      3) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күнінде ислам банкіне уәкілетті орган қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының болмауы;
      4) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша ислам банкінің шығынсыз қызметі;
      5) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдауға лицензиясы болуы.
      Ислам банкін таңдағанда, тарату комиссиясы таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдауға ниет білдірген ислам банкі ұсынатын және депозиторлар үшін барынша пайдалы болып табылатын қосымша талаптарды ескереді.
      7. Тарату комиссиясының таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдау жөніндегі шешімі тарату комиссиясы мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең келгенде, тарату комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының хаттамасымен ресімделеді және ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бекіту үшін жіберіледі.
      8. Тарату комиссиясы ислам банкін таңдау жөніндегі шешімді бекіткеннен кейін таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдалғаны жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жариялау бойынша іс-шараларды қолданады.

3-тарау. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін ислам банкіне беру тәртібі

      9. Қабылдайтын ислам банкіне таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беруді тарату комиссиясы мен қабылдайтын ислам банкі арасында жасалатын беру жөніндегі келісім және қабылдау-өткізу актісі негізінде тарату комиссиясы жүзеге асырады.
      10. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беру жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалады және оған мына талаптар кіреді:
      1) инвестициялық депозит жөніндегі берілетін шарттардың тізбесі мен саны;
      2) құқықты белгілеу құжаттарын көрсетіп, инвестициялық депозиттер жөніндегі шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүліктің саны мен атауы;
      3) ислам банкіне берілуге тиісті инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелердің тізбесі;
      4) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беру күні;
      5) берілетін инвестициялық депозиттер жөніндегі шарттар бойынша құжаттардың беру тәртібі мен мерзімдері.
      11. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беру жөніндегі келісімге қол қойылғаннан кейін, тарату комиссиясы беру жөніндегі аталған келісімде тараптармен келісілген тәртіпте, мерзімде және талаптарда таратылатын ислам банкінің беретін мүлігі мен міндеттемелеріне қатысты құжаттардың тұпнұсқалары мен көшірмелерін қабылдайтын ислам банкіне қабылдау-өткізу актісі негізінде береді.
      12. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерінің қабылдау-өткізу актісінде мына мәліметтер көрсетіледі:
      1) қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкінің толық атауы (аталған ұйымдардың мемлекеттік (қайта) тіркеу жөніндегі куәліктеріне сәйкес);
      2) қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкінің тіркелген (мемлекеттік (қайта) тіркеу жөніндегі куәліктеріне сәйкес) немесе нақты орналасқан орны;
      3) жеке және заңды тұлғалардан инвестициялық депозиттерін қабылдауды қоса алғанда, ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген қабылдайтын ислам банкінің лицензиясының нөмірі мен берілген күні;
      4) қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысының және бас бухгалтерінің, таратылатын ислам банкінің тарату комиссиясы төрағасының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      5) мына ақпаратты көрсетіп, депозиторлар тізімі:
      инвестициялық депозит туралы шартты жасасу нөмірі мен күні;
      берілетін мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың, аталған мүлікке сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистері) (ол сақтандырылған жағдайда), оның ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке мүлік иегерін сәйкестендіретін өзге құжаттардың тізбесі;
      жеке тұлғалар бойынша:
      депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні;
      таратылатын ислам банкіндегі банктік шотының нөмірі (бар болса);
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірі;
      депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, беру күні;
      депозитордың мекен-жайы және (немесе) нақты тұрғылықты орны;
      заңды тұлғалар бойынша:
      депозитордың атауы;
      таратылатын ислам банкіндегі банктік шотының нөмірі (бар болса);
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркеу жөніндегі куәлігінің, лицензиясының, статистикалық карточкасының нөмірі және берілген күні;
      заңды тұлғаның орналасқан жері;
      сондай-ақ, таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелеріне жататын басқа мәліметтер.
      13. Қабылдау-өткізу актісін тарату комиссиясы қабылдайтын ислам банкі, тарату комиссиясы, уәкілетті орган үшін бір дана етіп үш данада жасайды, оған тарату комиссиясының төрағасы және бас бухгалтері, қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қояды және қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкі мөрінің бедерімен расталады.
      14. Тарату комиссиясы қабылдау-өткізу актісін уәкілетті органға оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.
      15. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдайтын ислам банкіне беру күні болып қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күн саналады.
      16. Қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап таратылатын ислам банкінің депозиторлар алдындағы міндеттемелері тоқтатылған болып саналады.
      17. Қабылдайтын ислам банкі таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілуі өткені жөнінде депозиторларға жазбаша хабарлайды.
      18. Қабылдайтын ислам банкі депозитормен (лармен) келісу бойынша мыналар:
      1) тиісті шартты жасасып, инвестициялық депозит жөніндегі шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті бұдан әрі басқару жөнінде;
      2) инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтару жөнінде шешім қабылдайды.
      19. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.