Бағалы қағаздар нарығын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 317
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 65 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4173 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 131 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4296 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4689 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5137 тіркелген), "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5233 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті
жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгеріс енгізу
туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 130 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5319 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашадағы
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, N 11
), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына толықтырулар енгізу туралы"
2008 жылғы 29 қазандағы N 168 қаулыларымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5392 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
15-1-тармақ
мынадай редакцияда жазылсын:
"
15-1.
Б
рокерлер және (немесе) дилерлер есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік баланс және есеп мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) Интернет желісіндегі меншікті веб-сайтта мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
Б
рокер және (немесе) дилердің кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансын және есебін жариялау үшін он бес мың данадан кем емес басылыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары қолданылады.
Кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансты және есепті брокер және (немесе) дилердің Интернет желісіндегі веб-сайтта жариялағанда, осы ақпаратты орналастырудың күні мен уақыты көрсетіледі. Брокер және (немесе) дилердің кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы және есебі
б
рокер және (немесе) дилердің веб-сайтындағы мұрағатта сақталады.
".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
4.
Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті
(М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова