Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4201 тіркелген) Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 75 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 287 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4509 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада :
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Орналастыру кезеңін, инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларының санын және орналастырудың жеке әр алдыңғы есептілік кезеңі үшін олардың төлем сомасын, сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау жөніндегі ақпаратты мәлімет үшін қабылдау күнін көрсетіп, алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні
________________________________________________________________";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру туралы мәліметтер:
1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру кезеңінің басталу және аяқталу күндері __________________________________________________________________;
2) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының саны _________________________________________________________________;
3) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған пайларының саны __________________________________________________________________;
4) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде пайларын сатып алуға төленген ақша сомасы ___________________________________________________________________;
5) бұрынғы орналастырылған пайларды ескере отырып, есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының жиынтық саны (сатып алынған пайларды шегеріп) ___________________________________________________________________;
6) есепті кезеңде инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге түскен, есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігі туралы кастодиан анықтамасымен расталған ақша сомасы __________________________________________________________________.";
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Пайларды орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, басқарушы компания бас тартуды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайталап жетілдірілген есепті уәкілетті органға береді.
Инвестициялық пай қорының п айларын орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті бекітуге құжаттарды қайталап бергенде, қару мерзімін санау қайтадан басталады.";
1-қосымшаның ескертулеріндегі "үш ай" деген сөздер "үш айдан астам емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"И нвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған пайларының саны __________________________________________________________________".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова