"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
32-6-бабының
8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3.
Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева)
:
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 27
наурыздағы N 55 қаулысымен
бекітілді
Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру Ережесі
1. Осы ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Ислам арнайы қаржы компаниясы уәкілетті органға ислам бағалы қағаздарының шығарылымын өтеу нәтижелері туралы есепті уәкілетті орган бекіткеннен кейін ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға не таратуға рұқсат беру туралы өтініш береді.
3. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға не таратуға рұқсат беру туралы өтініш еркін нысанда жасалып, ислам арнайы қаржы компаниясының бірінші басшысы қол қояды және өтініште ислам арнайы қаржы компаниясының атауы туралы мәлімет (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес) және ислам бағалы қағаздарының шығарылымын өтеу нәтижелері туралы есепті уәкілетті орган бекіткен күн көрсетіледі.
4. Егер басқа Қазақстан Республикасының заңды актілерімен немесе оригинатордың жарғысымен анықталмаған болса, уәкілетті органның ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруды немесе таратуды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішке ислам арнайы қаржы компаниясының оригинаторының директорлар кеңесімен (бақылаушы кеңес) қабылданған ерікті қайта құру немесе тарату туралы шешімінің көшірмесін қоса береді.
5. Уәкілетті орган мына негіздердің кез келгені бойынша ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тартады:
1) уәкілетті орган бекіткен ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеу қорытындылары туралы есептің болмауы;
2) егер басқа Қазақстан Республикисының заңды актілерімен немесе оригинатордың жарғысымен анықталмаған болса, ислам арнайы қаржы компаниясы оригинаторының директорлар кеңесімен (бақылаушы кеңес) қабылданған ерікті қайта құру немесе тарату туралы шешімінің болмауы;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құжаттарға сәйкес келмеуі.
6. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысанда ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат береді.
Уәкілетті орган осы Ереженің 5-тармағында көзделген негіздер бойынша ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, бұл жөнінде ислам арнайы қаржы компаниясын жазбаша хабардар етеді.
7. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін құжаттарды қайталап ұсынған жағдайда уәкілетті органның оларды қарау мерзімінің есептелуі жаңадан басталады.
8. Ислам арнайы қаржы компаниясының уәкілетті органға ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу үшін ұсынатын құжаттардың көшірмелері ислам арнайы қаржы компаниясы бірінші басшының қолымен және мөр бедерімен куәландырылады.
Құжаттың парақ саны көп болған жағдайда оның әр парағы бекітіледі не құжат тігіліп, тігіс түйініне және ішінара параққа желімделген қағаз пломбымен бекітіледі. Бірінші басшының қолы және мөр бедері ішінара қағаз пломбыға, ішінара құжаттың парағына жазылуы тиіс.
9. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Ислам арнайы қаржы компаниясын
ерікті қайта құруға немесе
таратуға рұқсат беру
Ережесіне қосымша
Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат
_______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәлікке сәйкес ислам арнайы қаржы компаниясының атауы)
_______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
ислам арнайы қаржы компаниясын
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәлікке сәйкес ислам арнайы қаржы компаниясының атауы)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі, ислам арнайы қаржы компаниясының заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес орналасқан орны)
ерікті _______________________________________ рұқсат береді.
(қайта құруға немесе таратуға)
Уәкілетті органның
басшысы (басшының орынбасары)
(қолы)