Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілікті жасауы мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы N 24 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5637 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-6-бабының 13-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5348 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      1-бөлімде:

      1-тармақ "арнайы қаржы компанияларының" деген сөздерден кейін ", исламдық арнайы қаржы компанияларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың 6-тармақшасы "Арнайы қаржы компанияларының" деген сөздерден кейін "және исламдық арнайы қаржы компанияларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-бөлімде:

      1-тарауда :

      1270 84 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:

      "1270 91 Мүлікті жалға беруден есептелген кірістер";

      1280 91 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен

      толықтырылсын:

      "1280 92 Исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері

      1280 93 Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтері

      1280 94 Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтерінің амортизациясы

      1280 95 Исламдық арнайы қаржы компаниясының инвестициялық жобалардағы бөлінген активтері";

      4-тарауда :

      4030 93 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:

      "4030 94 Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары

      4030 95 Айналысқа шығарылған исламдық қатысу сертификаттары

      4030 96 Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор";

      6-тарау 6240 24 шотынан кейін мынадай мазмүндағы шотпен толықтырылсын:

      "6240 91 Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер";

      7-тарауда :

      7310 92 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:

      "7310 93 Исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар

      7310 94 Исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар";

      7440 47 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:

      "7440 91 Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалыптастыру бойынша шығыстар";

      9-тарауда :

      8750 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:

      "8760 Оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген акциялар (қатысу үлестері)";

      3-бөлімде :

      1270 84 шотының сипаттамасынан кейін 1270 91 шотының мынадай мазмұндағы атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "1270 91 "Мүлікті жалға беруден есептелген кірістер" (активтік).

      Мақсаты: мүлікті жалға беруден есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша мүлікті жалға беруден есептелген кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша мүлікті жалға беруден есептелген кірістердің сомалары төленген не төлеу кешіктірілген кезде оларды есептен шығару жүргізіледі.";

      1280 91 шотының сипаттамасынан кейін 1280 92, 1280 93, 1280 94, 1280 95 шоттарының мынадай мазмұндағы атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "1280 92 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері" (активтік).

      Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясының исламдық жалдау сертификаттарын немесе қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға сатып алған мүлкін есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің құнын есептен шығару жүргізіледі.

      1280 93 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтері" (активтік).

      Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтерін есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтерінің құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша төлемдер алған (қаржы лизингі шарты бойынша) кезде исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтерінің құнын есептен шығару немесе N 1280 92 баланстық шотының есебіне шығару жүргізіледі.

      1280 94 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтерінің амортизациясы" (контрактивтік).

      Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтері бойынша есептелген амортизация сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтері бойынша есептелген амортизация сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтері бойынша есептелген амортизация сомалары іске асырылған немесе өзгедей шығарылған кезде, оларды есептен шығару жүргізіледі.

      1280 95 "Исламдық арнайы қаржы компаниясының инвестициялық жобалардағы бөлінген активтері" (активтік).

      Мақсаты: исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған және инвестициялық жобаға инвестицияланған қаражатты есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық жобаға салынған инвестициялардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық жобаға салынған инвестициялардың сомалары қайтарылған кезде оларды есептен шығару жүргізіледі.";

      4030 93 шотының сипаттамасынан кейін 4030 94, 4030 95, 4030 96 шоттарының мынадай мазмұндағы атауларымен және сипаттамаларымен

      толықтырылсын:

      "4030 94 "Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары " (пассивтік).

      Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық жалдау сертификаттарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық жалдау сертификаттарының номиналдық құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық жалдау сертификаттарын өтеген кезде олардың номиналдық құнын есептен шығару жүргізіледі.

      4030 95 "Айналысқа шығарылған исламдық қатысу сертификаттары" (пассивтік).

      Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық қатысу сертификаттарының номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық қатысу сертификаттарының номиналдық құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық қатысу сертификаттарын өтеген кезде олардың номиналдық құнын есептен шығару жүргізіледі.

      4030 96 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор" (пассивтік).

      Мақсаты: исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабуға арналған резервтік қордың номиналдық құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабуға арналып құрылатын резервтік қордың сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша резервтік қордың сомалары жойылған немесе исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларға исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындаған шығындарды етеген кезде оларды есептен шығару жүргізіледі.";

      6240 24 шотынан кейін 6240 91 шотының мынадай мазмұндағы атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "6240 91 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер".

      Мақсаты: исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабу үшін құрылған резервтік қордың қалпына келтірілген (жойылған) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабу үшін құрылған резервтік қорды қалпына келтіруден (жоюдан) кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";

      7310 92 шотының сипаттамасынан кейін 7310 93, 7310 94 шоттарының мынадай мазмұндағы атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "7310 93 "Исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар".

      Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған исламдық жалдау сертификаттарының ұстаушыларына кірістерді төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстардың сомаларын N 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.

      7310 94 "Исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар".

      Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық қатысу сертификаттарының ұстаушыларына кірістерді төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстардың сомаларын 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";

      7440 47 шотының сипаттамасынан кейін 7440 91 шотының мынадай мазмұндағы атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "7440 91 "Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалыптастыру бойынша шығыстар".

      Мақсаты: исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабуға арналған резервтік қорды қалыптастыру бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын шығындарды жабуға арналған резервтік қорды қалыптастыру бойынша шығыстардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша болған шығыстардың сомаларын N 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";

      8750 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 8760 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "8760 "Оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген акциялар (қатысу үлестері)".

      Мақсаты: исламдық арнайы қаржы компаниясына тиесілі және инвестициялық жобаға қатысу үшін оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген акциялардың (қатысу үлестерінің) құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша исламдық арнайы қаржы компаниясы инвестициялық жобаға қатысу үшін оригинаторға сенімгерлік басқаруға берген акциялардың (қатысу үлестерінің) құны жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша ұйым инвестициялық жобаға қатысу үшін оригинаторға сенімгерлік басқаруға берген акцияларды (қатысу үлестерін) оригинатордың сенімгерлік басқаруынан алған кезде ұйымға тиесілі акциялардың (қатысу үлестерінің) құнын есептен шығару жүргізіледі.".

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

      мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн еткеннен кейін

      қолданысқа енгізіледі.

      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

      мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

Ұлттық банк


Төрағасы

Г. Марченко