"Ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 256 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 24 наурыздағы N 82 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5636 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 28.12.2012 № 495 Бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкестендіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 256 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 28 қыркүйекте N 4949 тіркелген, "Юридическая газета" 2007 жылғы 24 қазанда N 163 (1366) және "Официальная газеті" газеттерінде 2007 жылғы 17 қарашада N 46 (360) жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған бұйрықпен бекітілген Ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесінде:
      16-тармақтың бірінші абзацында "уәкілетті орган анықтаған ұйым" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мұхамбетов Ғ.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.К. Мамытбековқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                 В. Школьник