Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қажы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы N 115 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5632 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Айтжанова Ж.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушысының 2006 жылғы 28 маусымдағы N 227 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4297 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 тамызда N 142 (948) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2009 жылғы 19 наурыздағы
N 115 бұйрығымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларының қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесі

      Осы Ереже "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларының қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) саны кемінде он аудиторлық ұйымнан тұратын оның құрылтайшысы болып табылатын аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым (бұдан әрі - кәсіби ұйым) құрады.
      2. Комиссиялар Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау мақсатында құрылады.
      3. Комиссиялар ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ереженің (жарғының) негізінде әрекет етеді.
      4. Комиссиялар филиалдар мен өкілдіктер құра алмайды.

2. Комиссиялардың қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру тәртібі

      5. Кемінде он аудиторлық ұйымнан тұратын кәсіби ұйым аккредиттеуді алған сәттен бастап алты айдың ішінде Комиссия құрады.
      6. Кәсіби ұйым өздерінің мүшелері болып табылатын аудиторлық ұйымдардың және аудиторлардың, уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайына құрылатын Комиссияға қосу үшін кандидатураларды ұсыну туралы сұрау салу жібереді.
      Комиссияның құрамына енгізу үшін кәсіби ұйымның мүшелері болып табылатын аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар ұсынған кандидатуралардың арасынан кәсіби ұйымның жоғарғы басқару органы Комиссияны қалыптастырады.
      7. Комиссиялардың төрағалары болып олардың мүшелерінің қатарынан жай көпшілік дауыспен аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторлар жыл мерзімге сайланады. Төраға болып бір адам екі рет қатарынан сайлана алмайды.
      Әр Комиссияның Төрағасын оның құрамын қалыптастырғаннан кейін мүшелері сайлайды.
      8. Комиссиялардың отырыстары жыл сайын бекітілетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
      Комиссиялар отырыстары Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде 51 пайызы болған кезде заңды деп есептеледі. Комиссия шешімдері Комиссияның қатысушы мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      9. Комиссиялардың кезектен тыс отырыстары Комиссия төрағасының немесе Комиссия мүшелерінің кемінде үшеуінің талап етуі бойынша өткізіледі.
      10. Қабылданған шешімдер отырысқа қатысып отырған Комиссияның төрағасы және мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      Іс қағаздарын жүргізуді және хаттамалар дайындауды Комиссиялардың хатшылары қамтамасыз етеді.
      11. Комиссия мүшесінің кезекті отырыстарға (кемінде кезекті 3 (үш)) жүйелі түрде қатыспаған жағдайда, Комиссия төрағасы кәсіби ұйымның жоғары басқару органына және (немесе) уәкілетті органға Комиссияның құрамынан олардың өкілін шығару немесе ауыстыру туралы ұсынымды енгізеді.
      12. Кәсіби ұйым аккредиттеу туралы куәліктен айырылған жағдайда, ол құрған Комиссия кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап өз қызметін жүзеге асыра алмайды.
      Комиссия кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы жаңадан берілген куәлікке сәйкес немесе заңды күшіне енген сот актісінің негізінде өз қызметін қайтадан жүргізеді.
      13. Аудиторлық ұйымның өкілі - Комиссияның мүшесі кәсіби ұйымның құрамынан шыққан немесе уәкілетті органның өкілі жұмыстан босаған кезде кәсіби ұйымның жоғарғы басқару органы немесе уәкілетті орган Комиссияның құрамына тиісті өзгерістер енгізеді.
      14. Комиссиялардың құрамына уәкілетті органның бір-бір өкілі кіреді.
      15. Уәкілетті орган Комиссиялардың құрамына кіретін уәкілетті органның өкілдері туралы Комиссияға жазбаша хабарлайды.
      16. Уәкілетті органның өкілі Комиссиялардың отырысында аттестаттаудан өткен аудиторлыққа кандидаттарға "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірлерін аудиторлар тізілімі ақпаратының негізінде береді.
      17. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу барысында уәкілетті органның өкілі Комиссия төрағасына аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бұзушылықтарды анықтаған кезде ескертулерін жазбаша түрде ұсынады.
      Комиссия бұл ескертулерді дереу қарастырады және қажет болған кезде оларды жою жөнінде шаралар қолданады.
      Ұсынылған ескертулер мен олар бойынша қолданылған шаралар, Комиссия отырысының хаттамасына енгізілуі тиіс.
      Комиссия бұзушылықтарды жоймаған және (немесе) уәкілетті орган өкілінің аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауды өткізу тәртібінің бұзылуы бойынша ескертулерін қабылдамаған жағдайда уәкілетті орган Комиссияның шешіміне сот тәртібімен шағымданады.
      18. Комиссиялар:
      біліктілік емтиханын қабылдау процесін ұйымдастырады;
      аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауды өткізудің орны мен уақыты туралы уақтылы хабарлайды;
      біліктілік емтиханын өткізу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етеді;
      отырысты өткізу күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның құрамына кіретін уәкілетті органның өкілін Комиссияның отырысын өткізу орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етеді;
      уәкілетті орган өкілінің ескертулері мен ұсыныстары бойынша шешімдер қабылдайды;
      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, халықаралық аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының салық, азаматтық, банктік, сақтандыру, зейнетақы заңнамаларына сәйкес келуі тиіс кандидаттарды аудиторлыққа аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді;
      шолу, ұйымдастыру және бағалау топтарының құрамын бекітеді;
      біліктілік емтихандарын өткізу күнін бекітеді;
      аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға құжаттарды қабылдайды;
      біліктілік емтихандарының нәтижелерін қарау арқылы аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізеді;
      аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудың сапасын жақсарту мақсатында шұғылданып жүрген аудиторлар мен бухгалтерлерді, арнайы пән оқытушыларын, ғалымдарды шарттық негізде тартады;
      Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде "аудитор" біліктілігін беру туралы Комиссияның шешімі "аудитор" біліктілігін беру туралы шешім қабылданған уақыттан бастап бір ай ішінде жариялайды;
      өткізілген аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау нәтижелеріне қарай осы бұйрықтың қосымшасындағы нысанға сәйкес "аудитор" біліктілік куәлігін және "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірін, тегін, өз атын, сондай-ақ өзінің қалауымен - әкесінің атын көрсете отырып аудитордың жеке мөрін береді;
      шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға біліктілік куәлігінің нөмірі көрсетілген отырыс хаттамасын және "аудитор" біліктілігі берілген тұлғалардың Комиссияға тапсырған нотариалдық куәландырылған құжаттарының көшірмелерін береді.

Қазақстан Республикасының
аудиторлығына кандидаттарды
аттестаттау жөніндегі 
біліктілік комиссияларының
қызметін қалыптастыру және
жүзеге асыру Ережесіне
қосымша       

нысан

Қазақстан Республикасы АУДИТОРДЫҢ БІЛІКТІЛІК
КУӘЛІГІ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                         (Комиссияның атауы)
_______ жылғы "______"__________________ N_______________ шешімімен ____________________________________________________________________
                          (аты, жөні, тегі) "аудитор" біліктілігі берілді. Куәлік N ____________________ Төраға ____________________________________          _______________
               (аты, жөні, тегі)                          (қолы)
                                                        М.О