Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 67-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5626 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 11 тамызда N 2997 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2004 жылғы 18 қыркүйектегі N 38 (195) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 304-НҚ бұйрығына:
      кіріспедегі "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа:
      1-тармақтағы "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      2) "Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 31 наурызда N 3537 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 9 шілдедегі N 28, "Заң газетінің" 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 8-9 (988-989) нөмірлерінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 99-НҚ бұйрығына:
      кіріспедегі "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      1-тармақтағы "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің және реттелетін нарықтың реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      3) "Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 9 шілдеде N 3534 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 9 шілдедегі N 28 нөмірінде жарияланған, "Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 14 қазандағы N 316-НҚ бұйрығымен толықтырулар енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 9 шілдеде N 5341 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 17 қазандағы N 159 (1559) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу  агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 100-НҚ бұйрығына:
      кіріспеде:
      "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "18-тармақтың 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы N 1109" деген сөздер тиісінше "21-тармақтың 6) тармақшасына", "2007 жылғы 12 қазандағы N 943" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      1-тармақтағы "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің және реттелетін нарықтың реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;"
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және кәріз жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Ә. Жарқынбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

       Төраға                                     Н. Алдабергенов

      Келісілген:
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      _______________С. Мыңбаев
      2009 жылғы 12 наурыз