Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің
156-бабының
5-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын Талаптар бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б.Қ. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі М. Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушысының "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау Ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 30 қыркүйектегі
N 143
бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 3185 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушысының
2009 жылғы 3 наурыздағы
N 34 бұйрығымен бекітілген
Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын талаптар
1. Жалпы бөлім
1. Осы қаржы-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі - ҚЭН) мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын Талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің
156-бабының
5-тармағына сәйкес әзірленді және ҚЭН-нің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау осы заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен бекітілген стратегиялық даму құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
3. ҚЭН-ды қарауды экономикалық сараптама жүргізу және қорытындысын дайындау жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталықтық және жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Егер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестиция бойынша алғашқыда жоспарланған сомасы тиісті бюджеттік комиссияның шешімімен бекітілген сомадан айырмашылығы болған жағдайда, ҚЭН отыз жұмыс күні ішінде түзетулер енгізуге жатқызылады.
2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-інің мазмұны, оны әзірлеу тәртібі мен мерзімі
5. Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-інің әзірлеуді ұйымдастыруды акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакетін, ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену, пайдалану және/немесе басқару құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар немесе заңды тұлға құруға бастамашы болатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі – уәкілетті органдар) қамтамасыз етеді.
6. Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеу заңды тұлғаны басқаруға уәкілетті орган белгіленген тәртіппен заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайту туралы оң шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.
7. ҚЭН заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негіздемесін, орындылығын және нәтижесін бағалауды және мыналарды қамтуы тиіс:
1) бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыруға көзделетін іс-шаралардың (бұдан әрі – іс-шаралар) жалпы сипаттамасы;
2) Талаптардың 8-тармағында көрсетілген тәртіппен іс-шараларды таңдау негіздемесі;
3) іс-шараларды іске асыруға арналған шығындардың көлемін растау;
4) бюджеттік инвестициялардың қажеттілігінің негіздемесі;
5) қосымшалар.
8. Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыруға көзделетін іс-шаралардың жалпы сипаттамасы шеңберінде әрбірі бойынша мақсаты, міндеттері, құқықтық негізі, құны, қаржыландыру көлемі, іске асыру кезеңі мен кестесі, инвестиция құрамдауыштарының сипаттамасы, іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізу жоспарланып отырған сандық және сапалық көрсеткіштер, іс-шараларды жүзеге асырудың институционалдық схемасы және баламалары, іс-шараларды жүзеге асыру процесіне қатысатын ұйымдар туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылдары, оларды арасындағы жауапкершілік пен пайданың бөлінуін көрсету қажет іс-шаралардың тізбесі келтіріледі.
ҚЭН-ға заңды тұлғалардың мемлекеттік бағдарламаларда және осы заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттарында айқындалған міндеттерді орындауға байланысты емес берешегін және ағымдағы шығыстарын жабу мақсатында іске асырылатын іс-шараларды қосуға жол берілмейді.
9. Іс-шаралардың негіздемесі әрбір іс-шара бойынша мынадай дәйектілікпен жазылады:
1) Жалпы бөлім.
Бұл бөлімде жобаның осы заңды тұлғаның стратегиялық даму құжаттарының міндеттеріне сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі, олардың шешілуіне іс-шараларды іске асыру бағытталған. Бұл ретте, заңды тұлғаның бағдарламасының стратегиялық даму құжаттының толық атауы, сондай-ақ заңды тұлғаның бағдарламасы стратегиялық даму құжаты бекітілген құжаттың нысаны, қабылданған күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі;
сандық және/немесе сапалық мәнде іс-шараларды іске асырудан күтілетін нәтижелер;
көрсетілген нәтижелерге қол жеткізуден күтілетін нәтиже, соның ішінде іс-шараларды іске асыру кезеңдері бойынша;
2) Экономикалық бөлім.
Бұл бөлім ұлттық экономика тұрғысынан іс-шаралардың тиімділігін бағалауға негізделеді және экономикалық талдау жүргізуді көздейді, оның ішінде:
саладағы қазіргі ахуалды негізгі салалық көрсеткіштерді және соңғы үш жылдағы даму серпінін көрсете отырып талдау;
экономикалық жағдайды және іс-шаралар іске асырылмаған, сондай-ақ іске асырылған жағдайдағы салдарларды талдау;
экономикалық табыстар мен шығындарды талдау, оның ішінде:
инвестициялардың мемлекет экономикасына тигізетін нәтижелерін, салдары мен әсеріне талдау (шығындар тиімділігін талдау және өлшенбейтін пайда, өсірілген пайда мен шығындар, тұтынушының қосымша пайдасы, қайтымсыз шығасылар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, жобалардың жанама пайдалары);
іс-шаралардың экономикалық тиімділігін сандық мәнде абсолютті және салыстырмалы есептерді, оның ішінде экономикалық таза дисконтталған табыспен (ENPV) табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының есептерін келтіре отырып талдау (EIRR).
3) Қаржы бөлімі.
Бұл бөлімде қаржылық талдау, заңды тұлғаның қаржы шығындарына және мыналарды қамтитын іс-шараларды асыру нәтижесінде алынатын кірістеріне бағалау жүргізіледі:
заңды тұлғаның мыналарды қамтитын соңғы үш жылдағы қаржылық жағдайын талдау;
заңды тұлғаның ағымдағы өтімділік, қаржылық тұрақтылық, өзіндік және қарыз капиталының ара қатынасы, өзіндік қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті, көрсеткіштерін есептеуді қоса алғандағы қаржылық орнықтылығымен төлем қабілетін талдау, рейтингтік агенттіктер берген заңды тұлғаның рейтингтік бағасы (егер бар болса). Сонымен бірге айтылған көрсеткіштердің соңғы үш жылдағы даму серпініне, сондай-ақ олардың маңызына әсер еткен себептер мен оқиғаларға талдау жүргізіледі;
өзіндік капиталды және оны жарғылық капиталының табыстылық коэффициенттерін есептей отырып, пайдалануды (есепті кезеңде алынған таза пайданың есепті кезеңдегі жарғылық капиталға қатысы) талдау, өзіндік капиталдың айналымдық коэффициенті (өнімді (жұмыстарды, қызметті) өткізуден түскен кірістің кезеңдегі өзіндік капиталына орташа шамасына қатысы), қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін, ішкі өндірістік көрсеткіштерді талдау.
Егер іс-шараларды іске асыру мақсатында заңды тұлға бюджеттік инвестициялар ретінде алған қаражат аффилиирленген тұлғаның жарғылық капиталына қатысу арқылы инвестицияға жіберілген болса, онда ҚЭН-ға сол аффилиирленген тұлғаның қаржылық жай-күйіне талдау беріледі.
Іс-шараны талдау, оның ішінде әрбір іс-шара үшін:
әрбір іс-шара үшін оны іске асырудың негіздемелері, оның ішінде нормативтік құқықтық негіздері көрсетілген қаржылық схеманың сипаттамасы;
қаржылық бағалаудың қарапайым әдістерін пайдалана отырып, әрбір іс-шараның талдауы (өзін-өзі ақтау мерзімін, пайда нормасын, берешекті жабу коэффициентін есептеу);
іс-шараны дисконттау әдістерінің көмегімен іс-шараларды талдау: таза дисконтталған кірісті (NPV), табыстылықтың ішкі нормасын (IRR), дисконтталатын пайда мен шығындардың қатынасын (B/C), өзін-өзі ақтаудың дисконтталған мерзімін есептеу;
белгісіздік жағдайында іс-шаралардың іске асырылуын талдау, оның ішінде негізгі өлшемдер бойынша сезімталдықты талдау (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығасылар) және шығынсыздық нүктелерін есептеу;
тәуекелдердің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын ажыратып көрсете отырып, қаржылық тәуекелді талдау, тәуекелдерді төмендету жөніндегі болжамды іс-шаралар;
іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде алынатын ақша ағынын есептеу, оның ішінде кірістер мен шығыстар көлемін, бюджетке түсетін түсімдерді, іс-шараларды іске асырудан алынатын бөлінбеген және таза табыстың мөлшерін есептеу;
іс-шараны іске асырған жағдайда заңды тұлғаның қаржылық жағдайына іс-шараны іске асырудың әсерін көрсететін және іс-шаралар нәтижелерінің көрсеткіштердегі қатысу мөлшерін көрсете отырып болжамды қаржылық есептілік жасауды көздейтін заңды тұлғаның қаржылық жағдайының болжамы.
10.
Әрбір іс-шаралар бөлінісіндегі іс-шараларды іске асыруға арналған шығындардың көлемін растау қосымшаға енгізілген құжаттарды растайтын есептер мен негіздемелерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Құрылысқа инвестицияларды жүзеге асырған кезде жоба алдындағы және жобалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы беріледі.
11. Бюджеттік инвестициялардың қажеттілігінің негіздемесі мыналарды қамтиды:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру туралы, оның ішінде бұрын жүзеге асырылған бюджеттік инвестициялар және олардың тиімділігі туралы ақпаратты;
2) бюджет қаражатының қатысу қажеттілігін растайтын түпкілікті дәлелдер келтіру, мұнда, оның ішінде заңды тұлғаның жоспарланып отырған кезеңде қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асыру ұйғарылып отырған барлық инвестициялық жобаларының, бағдарламаларының немесе іс-шараларының басымдылығын бағалау келтіру және оларды іріктеу логикасын айқындау;
3) инвестициялық жобаларды, бағдарламаларды және іс-шараларды қаржыландырудың баламалы көздерін және кестелерін қарау, мұнда мынадай баламалы нұсқалар көзделуі тиіс:
бюджеттік инвестицияларды ескере отырып, инвестициялауды жүзеге асыру;
заңды тұлғаның меншікті қаражаты есебінен инвестицияларды жүзеге асыру (кірістер мен айналымдағы қаражаттың тиісті көлемі жұмсалғаннан кейінгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштердің өзгерістерін келтіре отырып);
басқа көздерден қарыз алу және қаржыландырудың өзге тәсілдері
12. Қосымшалар іс-шараларды іске асыруға арналған шығындардың құнын растайтын құжаттарды, жобаны (бағдарламаны) іске асырудың қарастырылып отырған әрбір нұсқасы бойынша қаржы-экономикалық модельдер, шығыстар серпіндері кестесі, өтелу кестесі, диаграммалар, суреттер, елді мекеннің карталары және ҚЭН-де келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын басқа материалдар мен құжаттарды қамтиды.
13. ҚЭН-ды дайындау шеңберінде уәкілетті мемлекеттік орган іс-шаралардың салалық сараптамасын өткізеді.
14. Салалық сараптаманың қорытындысы:
салада бар жағдайды талдауды бағалауды;
іс-шаралардың осы заңды тұлғалардың даму стратегиялық құжаттарына сәйкестігін бағалауды;
ҚЭН-да көрсетілген іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда саладағы жағдайды талдауды бағалауды;
сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре отырып және мыналарды:
сала экономикасының құрылымындағы іс-шаралардың рөлі мен орнын;
іс-шаралардың орналасатын жерін таңдаудың және ауқымының негіздемесін;
іс-шаралар мүмкіндігін бағалауды;
өнімді өткізу рыноктарын талдауды;
заңды тұлға іс-шаралар бойынша техникалық шешімдер тиімділігінің жеткілікті болуын және оларды бағалауды қаржыландыру схемасы мен көзінің негіздемесін бағалауды;
заңды тұлғаның іс-шараларын жүзеге асырудың орындылығы туралы бағалауды;
заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштерін және заңды тұлғаның инвестицияларын жүзеге асыру нәтижесінде алынатын қаржылық пайданы бағалауды;
іс-шаралардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауды, оңтайлы жаңа технологияларды қолдануды;
іс-шаралардың мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын бағалауды;
бюджеттік инвестицияларды іске асырудан түсетін пайда мен шығындардың бөлінуін бағалауды көрсете отырып ҚЭН-ның іс-шараларын іске асырудың саланы дамытуға әсерін бағалауды қамтиды.
15. Салалық сараптама қорытындысына бірінші басшы не оның орынбасары қол қояды.
16. Салалық сараптама нәтижесі бойынша ҚЭН-ға салалық сараптама нәтижесінің қорытындысына сәйкес ҚЭН-ды кіргізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
ҚЭН-ға тек қана салалық сараптаманы іске асыруға мақұлданған іс-шаралар жатқызылады.
17. ҚЭН орталық және жергілікті уәкілетті органдардың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органдармен экономикалық сараптама жүргізуі үшін бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыратын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейiн ұсынылады.
3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібі
18. Экономикалық сараптама жүргізу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
ҚЭН;
салалық сараптама қорытындысы;
заңды тұлғаның бірінші басшысының қолы және мөрмен расталған соңғы 2 жылға қаржылық есептiлiк (теңгерім, кіріс және шығыстар туралы есеп, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп, жарғылық капиталдағы өзгерістер туралы есеп);
даму жоспары немесе орта мерзімді кезеңге арналған қаржы-шаруашылық қызметтер.
19. Экономикалық сараптама жүргізу үшін құжаттаманы бiрiншi басшының не оның орынбасарының қолы қойылған титульді бланкідегі жеке iлеспе хатпен уәкілетті органдар ұсынады.
Ілеспе хатта салалық сараптамамен келісілген және ҚЭН шеңберінде өтінім берілген бюджеттік инвестиция сомасы, қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
20. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда бюджеттік инвестицияның ҚЭН-ын экономикалық сараптау барысында туындайтын жеке мәселелерді қарау үшін уәкілетті органнан ұсынылған құжаттар бойынша қосымша ақпараттар сұрайды.
21. ҚЭН-ды қарау экономикалық сараптама жүргізуді бiлдiредi.
Жобалардың экономикалық сараптамасы осы Талаптың 18-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін енгізгеннен кейін қырық бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Берілген құжаттар Талаптың 2-бөлімінде көрсетілген шарттарға сәйкес болмаған жағдайда, немесе Ереженің 17-тармағында көрсетілген белгіленген мерзімнен кеш берілсе ҚЭН қаралмайды
22. Экономикалық сараптама қорытындысы:
1)Жалпы бөлім.
құжаттардың құрамы мен сапасын бағалауды;
ұсынылған іс-шаралардың заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттарының бюджеттік инвестициялар тапсырмасына сәйкестігін бағалауды;
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың тұтастай экономикаға әсерін бағалауды;
экономикалық пайда мен шығындарды бағалауды;
бюджеттік инвестициялардың негіздемесін бағалауды;
сандық және/немесе сапалық мәнде іс-шараларды іске асырудан күтілетін нәтижелерді бағалауды;
көрсетілген нәтижелерге қол жеткізуден, соның ішінде іс-шараларды іске асыру кезеңдері бойынша күтілетін әсерлерді бағалауды қамтиды.
2) Экономикалық бөлім.
саладағы қазіргі ахуалды негізгі салалық көрсеткіштерді және соңғы үш жылдағы даму серпінін көрсете отырып бағалау;
экономикалық жағдайды және іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда салдарларды бағалау;
экономикалық табыстар мен шығындарды талдау, оның ішінде:
инвестициялардың мемлекет экономикасына тигізетін нәтижелеріне, салдары мен әсеріне бағалау (шығындар тиімділігін талдау және өлшенбейтін пайда, өсірілген пайда мен шығындар, тұтынушының қосымша пайдасы, қайтымсыз шығасылар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, жобалардың жанама пайдалары);
іс-шаралардың экономикалық тиімділігін сандық мәнде есептерді келтіре отырып бағалау, оның ішінде экономикалық таза дисконтталған табыс (ENPV) пен табыстылықтың экономикалық ішкі нормасы (EIRR).
3) Қаржылық бөлім.
қаржылық шығындарға және іс-шараларды іске асыру нәтижесінде алынатын заңды тұлғаның кірістеріне бағалау жүргізу мыналарды қамтитын:
заңды тұлғаның мыналарды қамтитын соңғы үш жылдағы қаржылық жағдайының бағалануы:
заңды тұлғаның ағымдағы өтімділік, қаржылық тұрақтылық, өз және қарыз капиталының ара қатынасы, өз қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті, көрсеткіштерін есептеуді қоса алғандағы қаржылық тұрақтылығы мен өтем қабілетінің бағалануы, рейтинг агенттіктері берген заңды тұлғаның рейтингтік бағасы (егер бар болса). Сонымен бірге айтылған көрсеткіштердің соңғы үш жылдағы даму серпінінің, сондай-ақ олардың маңызына әсер еткен себептер мен оқиғалардың талдауы жасалады;
өз капиталының және оның жарғылық капиталының табыстылық коэффициенттерін есептей отырып оның пайдаланылуын (есепті кезеңде алынған таза пайданың есепті кезеңдегі жарғылық капиталға қатысы), өз капиталының айналым коэффициенті (өнімді (жұмыстарды, қызметті) өткізуден түскен кірістің кезеңдегі өз капиталына орташа шамасына қатысты) бағалануы, қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің, ішкі өндірістік көрсеткіштердің бағалануы.
Егер іс-шараларды іске асыру мақсатында заңды тұлға бюджеттік инвестициялар ретінде алған қаражат аффилиирленген тұлғаның жарғылық капиталына қатысу арқылы инвестицияға жіберілген болса, онда ҚЭН-ға сол аффилиирленген тұлғаның қаржылық жай-күйінің бағалануы ұсынылады.
Іс-шараның бағалауы, оның ішінде әрбір іс-шара үшін:
әрбір іс-шара үшін оны іске асырудың негіздемелері, оның ішінде нормативтік құқықтық негіздері көрсетілген қаржылық схеманың сипаттамасы;
қаржылық бағалаудың қарапайым әдістерін пайдалана отырып әрбір іс-шараның бағалануы (өзін-өзі ақтау мерзімін, пайда нормасын, берешекті жабу коэффициентін есептеу);
іс-шараны дисконттау әдістерінің көмегімен бағалау: таза дисконтталған кірісті (NPV), табыстылықтың ішкі нормасын (IRR), дисконтталған пайда мен шығындардың қатынасын (B/C), өзін-өзі ақтаудың дисконтталған мерзімін есептеу;
белгісіздік жағдайларында іс-шаралардың іске асырылуын бағалау, оның ішінде негізгі өлшемдер бойынша сезімталдығын бағалау (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығасылар) және шығынсыздық нүктелерін есептеу;
тәуекелдердің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын ажыратып көрсете отырып, қаржылық тәуекелді бағалау, тәуекелдерді төмендету жөніндегі болжамды іс-шаралар;
іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде алынатын ақша ағыны бағасын есептеу, оның ішінде кірістер мен шығыстар көлемін, бюджетке түсімдер, іс-шараларды жүзеге асырудан алынатын бөлінбеген және таза табыстың мөлшерін есептеу жүргізіледі;
іс-шараны іске асырған жағдайда заңды тұлғаның қаржылық жағдайына іс-шараны іске асырудың әсерін көрсететін және іс-шаралар нәтижелерінің көрсеткіштердегі қатысу мөлшерінің көрсетілуімен қаржылық болжамдық есебін жасауды көздейтін заңды тұлғаның қаржылық жағдайының болжануы.
23. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асырылу жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу мемлекеттік жоспар бойынша орталық және жергілікті уәкілетті органдар дайындаған бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-нің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органның ҚЭН бойынша оң қорытындысы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы мәселені бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін негіз болып табылады.