Экспорттық-импорттық операцияларды жүргізуге әсер ететін, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесiнде ветеринариялық зертханалардың сараптау актiсiн берудің оңайлату және мерзімін нақтылау мақсатында,
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесiнде ветеринариялық зертханалардың сараптау актiсiн беру туралы
Ережесi
н бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы
N 399
бұйрығына
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген 2002 жылғы 26 желтоқсанда N 2100, Бюллетенінде жарияланған 2008 жыл N 9-10, бап 808) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесiнде ветеринариялық зертханалардың сараптау актiсiн беру туралы
Ережесi
не:
мынадай мазмұндағы 11-1-бабымен толықтырылсын:
"11-1. Қазақстан Республикасы аумағына/аумағынан тамақ өнімдерін әкелгенде (импорттағанда) және әкеткенде (экспорттағанда) ветеринариялық-санитариялық сараптау жасау мен сараптау актісін беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды".
2.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің М
ал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментіне осы
бұйрықты заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Күрішбаев