Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009 жылғы 12 ақпандағы N 62 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 12 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5589 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасына (Д.Е. Ерғожин) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Төрағасына (Қ-К.Ж. Кәрбозов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2009 жылғы 12 ақпандағы 
N 62 бұйрығымен бекітілген

Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелері 1. Жалпы ережелер

       1. Осы Ереже "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және уәкілетті органдардың мәмілелер мониторингін жүзеге асыру, мәмілеге қатысушының бекітілген есептілік нысандарын толтырудың және мәмілелер мониторингі бойынша құжаттаманы жүргізудің тәртібін көздейді.
      2. Мәмілелер мониторингі уәкілетті органдардың мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылауы және Заңның 6-бабы 2-тармағына сәйкес Тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тізбесіне сәйкес халықаралық іскерлік операциялар бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мониторингке жататын салық төлеушілерден ақпараттар жинауы арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі -Салық комитеті) осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес қағаз тасығыштарында растауы бар Ехсеl пішінінде электронды түрде жеткізіледі.
      Қағаз тасығыштағы есептілікке басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырады.
      4. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілгеннен кейін мәмілеге қатысушы деректерді беру жүйесі арқылы жіберіледі.
      5. Салық комитеті бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу сәтінен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде мәмілеге қатысушылардың мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті тапсыруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу туралы тиісті ақпаратты сайтта жариялайды.
      6. Деректер қоры Заңмен айқындалған ақпараттан тұратын, осы Ережеге 1 , 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалатын есептіліктің негізінде қалыптастырылады.
      7. Мониторинг бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету есептілігінің нысандарын толтыру мәмілеге қатысушылардың есептілігінің толтырылған нысандарын бір тұтас стандартта жазылған, бір тұрпаттағы файлдарға келтірудің қызметін орындайды.
      8. Деректерді берудің электрондық жүйесі деректер қорына дейін белгіленген стандарттың файлдары түрінде мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің толтырылған нысандарын жеткізудің әдістері болып табылады.
      9. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің нысандары мен оларды толтыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді Салық комитетінің сайтында орналастырылады.
      10. Егер мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің нысандарын тапсыру мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге келіп түссе, тапсыру мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
      11. Есепті кезеңде халықаралық іскерлік операциялар болмаған кезде мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тиісті бағандарын толтырусыз тапсырылады. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары бағандарының бірі бойынша ақпаратты тапсырмау Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген міндеттемелерді мәмілеге қатысушылардың орындамауы болып табылады.

2. Уәкілетті органдардың мәмілелер мониторингін
жүзеге асыру тәртібі

      12. Салық қызметінің органдары Заңның 6-бабына сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша халықаралық іскерлік операциялардың мәмілелер мониторингін жүзеге асырады.
      13. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мәмілеге қатысушылар есептілікті есептіден кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде Салық комитетіне осы Ереженің 3-тарауында айқындалған тәртіп пен нысандарға сәйкес тапсырады. Есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
      Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті тапсырудың мерзімі Корпорациялық табыс салығы бойынша салық декларациясын тапсыру кезеңі мерзіміне ұзартылады.
      14. Салық комитеті қажет болған жағдайда мәмілеге қатысушыдан мәмілелер мониторингі бойынша тапсырылған есептілік нысандары бойынша шифрын шешуге (куәландыратын құжаттарға) сауал салады.
      15. Мәмілеге қатысушы Салық комитетіне шифрын шешуді (растайтын құжаттарды) сұрау салуды алған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде тапсырады.
      16. Мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен (жұмыстар, қызмет көрсетулермен) мәмілелерді жүзеге асырушы мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын құжаттамаларды жүргізеді және уәкілетті органдардың сауал салуы бойынша оны Заңмен белгіленген мерзімдерде тапсырады.
      17. Мәмілелер мониторингі нәтижесінде мәміле бағасының нарық бағасынан ауытқуы анықталған жағдайда уәкілетті органдар мәмілеге қатысушыға қолданылатын бағаны растайтын ақпарат тапсыру үшін мәміле бағасының нарық бағасынан ауытқуының бары туралы және (немесе) уәкілетті органдар белгілеген мерзімдерде салық салу объектілеріне, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерге өзі дербес түзету жасауы туралы хат жібереді.
      18. Мәмілеге қатысушылар мәмілелер мониторингі бойынша тапсырған есептілікке түзетулерді мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті тапсырудың белгілеген мерзімі күнінен алты ай ішінде енгізуге құқы бар.

3. Есептілік нысандарын толтырудың тәртібі

      19. 1-нысан "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің экспорты" (1-қосымша) төлеу уақытына қарамастан, экспортқа өткізумен байланысты тауардың тиелуіне, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне қарай толтырылады.
      "N" 1-бағанда рет бойынша нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
      "СТН" 2-бағанда жөнелтушінің СТН көрсетіледі.
      "СТН" "Жөнелтушінің (экспорттаушының) атауы" 3-бағанда заңды тұлғаның (жөнелтушінің) толық атауы оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын нұсқаумен көрсетіледі.
      "Салық кезеңі" 4-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезең көрсетіледі.
      "КЖД күні" және "КЖД N" 5 және 6-бағандарында кеден жүк декларациясының күні мен нөмірі көрсетіледі.
      "СЭҚ ТН коды" 7-бағанда сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасының коды көрсетіледі.
      "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) атауы" 8-бағанда экспортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) атауы көрсетіледі.
      "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) сапалық сипаттары" 9-бағанда осындай шарттардың бар болған жағдайында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) сапасы көрсетіледі.
      Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) сапасы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) сапа сертификатында көрсетілген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығы және олардың мақсаттылығына сәйкес нақтылы қажеттіктерді қанағаттандыруға олардың жарамдылығына негізделгенін білдіреді. Қасиеті - тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде көрсетілетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет көрсету) қасиеттерінің сандық және сапалы көрсетілімі. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық және тағы басқалар) санмен және сапамен өлшене алады. Көрсеткіштің атауы тауарының сапалық сипаттамасын көрсете алады (мысалы, шырындағы қанттың салмақтық үлесі, мақта жібінің ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады.
      "Тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі" 10-бағанда іскер әлеміндегі ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы тұрақты көзқарастан тұратын нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділігі, оның ашықтығы және танымалдығы секілді көрсеткіштерден және тағы басқалардан қалыптасады.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) шетке шығаратын ел" 11 -бағанда тауар (жұмыс, қызмет көрсету) экспорттаушы ел көрсетіледі.
      "Тасымал жасаудың түрі" 12-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) экспортқа шығаруда пайдаланылатын көліктердің (темір жол, әуе жолы тағы басқалар) түрлері көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) шығарушы ел" 13-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауар (жұмыс, қызмет) өндірілген ел көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) өндіруші" 14-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші көрсетіледі.
      "Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің бар болуы)" 15-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда маркасы, бренді) көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу шарттары" 16-бағанда Инкотермс 2000 сәйкес тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу шарттары көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп жөнелту күні мен орны" 17 және 18-бағандарда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеу күні мен орны көрсетіледі.
      "Тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бағытталған ел" 19-бағанда тауар (жұмыс, қызмет көрсету) қабылдалған ел көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны" 20-бағанда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны көрсетіледі.
      "Сатып алушының атауы" және "Сатып алушының заңды мекен-жайы" 21 және 22-бағандарда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы және сатып алушының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
      "Сатып алушының тіркелген елі" 23-бағанда сатып алушының тіркелген елі көрсетіледі.
      "Сатушы ел" 24-бағанда Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2355 болып тіркелген) бекітілген Тауарлар және көлік құралдарын декларациялау ережесімен (бұдан әрі - Тауарлар және көлік құралдарын декларациялау ережесі) айқындалған Әлем елдерінің сыныптаушысына сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің сандық коды қойылады.
      Сатушы ел деп сол елде тіркелген немесе тұрақты жасайтын тұлғамен мәмілеге қатысушы келісім-шарт (шарт) жасаған, оған сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін ел ұғылады.
      "Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланыстары туралы ақпарат" 25-бағанда ондай деректер болған жағдайда Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланыстары туралы ақпарат көрсетіледі.
      "Келісім-шарттың (шарттың) күні және N" 26 және 27-бағандарда келісім-шарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
      "Шот-фактураның күні және N" 28-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі көрсетіледі.
      "Өлшем бірлігі" 29-бағанда тауардың өлшем бірліктері (дана, килограмм, тонна, метр, кубометр, литрлер, кВТ және Қазақстан Республикасында қолданылатын тағы басқа да өлшем бірліктер) көрсетіледі.
      "Өткізу көлемі" 30-бағанда іс жүзінде жүзеге асырылған экспорт көлемі көрсетіледі.
      "Құн (келісім-шарттың валютасында)" 31-бағанда келісім-шарттың валютасында құны көрсетіледі.
      "Мәміле бағасы (келісім-шарттың валютасында)" 32-бағанда келісім-шарттың валютасында мәміле бағасы көрсетіледі.
      "Келісім-шарт валютасы" 33-бағанда келісім-шарт бойынша экспортталатын тауар (жұмыс, қызмет көрсету) төлемі жүзеге асырылған валютасы көрсетіледі.
      "Теңге бағамы" 34-бағанда кедендік ресімдеуге КЖД қабылдау күніне келісім-шарт валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
      "Трансферттік баға белгілеу әдістемесі" 35-бағанда осы бағаның қарқынының деңгейін дәлелдейтін мәміле бағаларын айқындау қағидаттарының жиынтығы көрсетіледі.
      "Мәміленің бағасын анықтауға ықпал ететін факторлар" 36-бағанда мәміленің бағасын анықтауға ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
      "Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс" 37-бағанда Заңмен айқындалған және нарықтық бағасын айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
      "Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі" 38-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
      "Дифференциал" 39-бағанда құжатты түрде немесе Заңмен көзделген ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
      "Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы" 40-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
      "Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарықтың шарттары" 41-бағанда тауарларды өндіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет бойынша мәмілеге қатысушының қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
      "Бизнестің стратегиясы" 42-бағанда өнімді Өндіру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетуге бар әлеуетін пайдалануының процестерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі; ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асырудың жоспарларын қамтиды, экономикалық және сыртқы экономикалық жетістігінің табиғатын, сондай-ақ компанияның негізгі қызметіне жұмылдырған бизнестің саласын айқындайды.
      "Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасын қолданудың дұрыстығын дәлелдейтін басқа ақпарат" 43-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
      "Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарық бағасынан ауытқуына ықпал ететін басқа ақпарат" 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше нарық бағасынан тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының ауытқуына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
      "Экспорт нарығындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бағасының болжамы" бағанда 45-бағанда мәмілеге қатысушы экспорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бағасының болжамы көрсетіледі.
      "Іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясы" 46-бағанда іскерлік операциялардың жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
      "Халықаралық іскерлік операцияларда "қол жаю" қағидатын қолдану бойынша қорытынды" 47-бағанда халықаралық іскерлік операцияларда мәмілеге қатысушы "қол қою" қағидатын қолдануға жататын мәлімет көрсетіледі.
      "Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша есеп, оның ішінде қаржы есептілігі" 48-бағанда ұйымның қаржы жағдайы, оның қызметінің қаржы нәтижелері және оның қаржы жағдайының өзгерістері туралы бірегей дерек жүйесінен тұратын ақпарат көрсетіледі.
      "Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау" 49-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай таратылғанын айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен міндеттері туралы мәліметтер көрсетіледі.
      "Сауда брокерінің комиссиялық сыйақысы (маржа) (сауда-делдалдық қызметті орындағаны үшін өтемақы)" 50-бағанда трейдердің маржасы көрсетіледі.
      10, 35, 36, 41-50-бағандарда көрсетілген ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда осы есептілік нысанына қосымша түрінде қағаз тасығыштарда растала отырып, электронды түрде тапсырылады.
      Мәмілеге қатысушы қағаз тасығыштарда табыс ететін ақпаратқа басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырады.
      20. "2-нысан. Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты" (2-қосымша) төлеу уақытына қарамастан, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импортына байланысты тауардың сатып алуына, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетіуіне қарай толтырылады.
      "N" 1-бағанда рет бойынша нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
      "СТН" 2-бағанда жөнелтушінің СТН көрсетіледі.
      "Сатып алушының (импорттаушының) атауы" 3-бағанда заңды тұлғаның (импорттаушының) толық атауы, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын нұсқаумен көрсетіледі.
      "Салық кезеңі" 4-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезең көрсетіледі.
      "КЖД күні" және "КЖД N" 5 және 6-бағандарында кеден жүк декларациясының күні мен нөмірі көрсетіледі.
      "СЭҚ ТН коды" 7-бағанда сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасының коды көрсетіледі.
      "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) атауы" 8-бағанда импортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) атауы көрсетіледі.
      "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) сапалық сипаттары" 9-бағанда осындай шарттар болған жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) сапасы көрсетіледі.
      Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) сапасы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) сапа сертификатында көрсетілген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығы және олардың мақсаттылығына сәйкес нақтылы қажеттіктерді қанағаттандыруға олардың жарамдылығына негізделгенін білдіреді. Қасиеті - тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде көрсетілетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет көрсету) қасиеттерінің сандық және сапалы көрсетілімі. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық және тағы басқалар) санмен және сапамен өлшене алады. Көрсеткіштің атауы тауарының сапалық сипаттамасын көрсете алады (мысалы, шырындағы қанттың салмақтық үлесі, мақта жібінің ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады.
      "Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі" 10-бағанда іскер әлеміндегі (нарықтың белгілі бір сегментіндегі) ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы тұрақты көзқарасты білдіретін нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділігі, оның ашықтығы және танымалдығы секілді көрсеткіштерден және тағы басқалардан қалыптасады.
      "Тауарды (жұмыс, қызмет көрсетуді) шетке шығаратын ел" 11 -бағанда тауар (жұмыс, қызмет көрсету) импортталатын ел көрсетіледі.
      "Тасымал жасаудың түрі" 12-бағанда тауарды (жұмысты, қызметті) импортқа шығаруда пайдаланылатын көліктердің (темір жол, әуе жолы тағы басқалар) түрлері көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) шығарушы ел" 13-бағанда ондай мәліметтер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) жасаған ел көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) өндіруші ел" 14-бағанда ондай мәліметтер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші ел көрсетіледі.
      "Тауарлық таңбасының (сауда таңбасының, брендінің) бар болуы" 15-бағанда ондай мәліметтер бар болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда таңбасы, бренді) көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу шарттары" 16-бағанда Инкотермс 2000 сәйкес тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу шарттары көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту күні мен орны" 17 және 18-бағандарда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту күні мен орны көрсетіледі.
      "Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жіберуші елі" 19-бағанда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жіберуші ел көрсетіледі.
      "Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны" 20-бағанда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны көрсетіледі.
      "Жіберушінің атауы" және "Жіберушінің заңды мекен-жайы" 21 және 22-бағандарда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе тауарды (жұмысты, қызметті) жіберуші заңды тұлғаның атауы және жіберушінің заңды мекен-жайы көрсетіледі.
      "Жіберушінің тіркелген елі" 23-бағанда жіберушінің тіркелген елі көрсетіледі.
      "Сатушы ел" 24-бағанда Тауарлар және көлік құралдарын декларациялаудың ережесімен айқындалған Әлем елдерінің сыныптаушысына   сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің сандық коды қойылады.
      Сатушы ел деп сол елде тіркелген немесе тұрақты жасайтын тұлғамен мәмілеге қатысушы оған сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін шарт жасасқан, ел ұғылады.
      "Тараптардың (жіберуші мен сатып алушының) өзара байланыстары туралы ақпарат" 25-бағанда ондай мәліметтер болған жағдайда тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланыстары туралы ақпарат көрсетіледі.
      "Келісім-шарттың (шарттың) күні және N" 26 және 27-бағандарда келісім-шарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
      "Шот-фактураның күні және N" 28-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі көрсетіледі.
      "Өлшем бірлігі" 29-бағанда тауардың өлшем бірліктері (дана, килограмм, тонна, метр, кубометр, литрлер, кВТ және Қазақстан Республикасында қолданылатын тағы басқа да өлшем бірліктер) көрсетіледі.
      "Өткізудің көлемі" 30-бағанда нақты жүзеге асырылған импорттың көлемі көрсетіледі.
      "Құн (келісім-шарттың валютасында)" 31-бағанда келісім-шарттың валютасында құны көрсетіледі.
      "Мәміле бағасы (келісім-шарттың валютасында)" 32-бағанда келісім-шарттың валютасында мәміле бағасы көрсетіледі.
      "Келісім-шарт валютасы" 33-бағанда келісім-шарт бойынша импортталатын тауар (жұмыс, қызмет көрсету) төлемі жүзеге асырылған валютасы көрсетіледі.
      "Теңге бағамы" 34-бағанда кедендік ресімдеуге КЖД қабылдау күніне келісім-шарт валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
      "Трансферттік баға белгілеу әдістемесі" 35-бағанда мәмілелердің бағасын, осының қарқынының деңгейін дәлелдейтін белгілеу қағидаларының жиынтығы көрсетіледі.
      "Мәміленің бағасын анықтауға ықпал ететін факторлар" 36-бағанда мәміленің бағасын анықтауға ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
      "Нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын әдіс" 37-бағанда Заңмен айқындалған және нарықтық бағасын айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
      "Нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі" 38-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
      "Дифференциал" 39-бағанда құжатты түрде немесе Заңмен көзделген құжатпен және ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
      "Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы" 40-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
      "Мәмілеге қатысушының (импорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарықтың шарттары" 41-бағанда тауарларды өндіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет бойынша мәмілеге қатысушының қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
      "Бизнестің стратегиясы" 42-бағанда өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетуге бар әлеуетін пайдалануының процестерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі; ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асырудың жоспарларын қамтиды, экономикалық және сыртқы экономикалық жетістігінің табиғатын, сондай-ақ компанияның негізгі қызметіне жұмылдырған бизнестің саласын айқындайды.
      "Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасын қолданудың дұрыстығын дәлелдейтін басқа ақпарат" 43-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
      "Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағасынан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат" 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше нарық бағасынан тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының ауытқу шамасына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
      "Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бағасының болжамы" 45-бағанда мәмілеге қатысушы импорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бағасының болжамы көрсетіледі.
      "Іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясы" 46-бағанда іскерлік операциялардың жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
      "Халықаралық іскерлік операцияларда "қол жаю" қағидасын қолдану бойынша қорытынды" 47-бағанда халықаралық іскерлік операцияларда мәмілеге қатысушы "қол қою" қағидатын қолдануға жататын мәлімет көрсетіледі.
      "Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша есеп, оның ішінде қаржы есептілігі" 48-бағанда ұйымның қаржы жағдайы, оның қызметінің қаржы нәтижелері және оның қаржы жағдайының өзгерістері туралы бірегей дерек жүйесінен тұратын ақпарат көрсетіледі.
      "Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау" 49-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай таратылғанын айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен міндеттері туралы мәліметтер көрсетіледі.
      "Сауда брокерінің комиссиялық сыйақысы (маржа) (сауда-делдалдық қызметті орындағаны үшін өтемақы)" 50-бағанда трейдердің маржасы көрсетіледі.
      10, 35, 36, 41-50-бағандарда көрсетілген ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда осы есептілік нысанына қосымша түрінде қағаз тасығыштарда растала отырып, электронды түрде тапсырылады.
      Мәмілеге қатысушы қағаз тасығыштарда табыс ететін ақпаратқа басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрінің
                                        2009 жылғы 12 ақпандағы
                                         бұйрығымен бекітілген
                                         Мәмілелер мониторингін
                                         жүзеге асыру ережесіне
                                               1-қосымша

"1-нысан Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты"

N

СТН

Жіберушінің (экспорттаушыны ң) атауы

Салық кезеңі

КЖД күні

КЖД N

СЭҚТН коды

Тауар (жұмыс, қызмет көрсету) атауы

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапалық сипаттамалары

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) нарықтағы беделі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғысы

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жіберген ел

Тасымалдау түрі

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) шыққан елі

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) өндіруші

Тауар белгісінің (сауда маркасының, брендінің) болуы

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу шарты

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту күні

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту орны

Тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бағытталған ел

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

кестенің жалғысы

Сатып алушының атауы

Сатып алушының заңды мекен-жайы

Сатып алушының тіркелген елі

Сатушы жасаушы ел

Тараптардың (сатушының және сатып алушының) өзара байланыстылығы туралы ақпарат

Келісім-шарт (шарт) күні

Келісім-шарт (шарт) N

Шот-фактура күні мен N

Өлшем бірлігі

Өткізу көлемі

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

кестенің жалғысы

Құны (келісім-шарт валютасында)

Мәміле бағасы (келісім-шарт валютасында)

Келісім-шарт валютасы

Теңге бағамы

Трансферттік баға белгілеу әдістемесі

Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар

Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі

Дифференциал

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) нарықтық бағасы

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

кестенің жалғасы

Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің, қызмет саласының және нарық шарттарының сипаты

Бизнес стратегиясы

Тауардың, (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін баска ақпарат

Экспорттық нарықтағы тауарға (жұмысқа, қызмет көрсетуге) баға болжамы

Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы

Халықаралық іскерлік операцияларда "қол жаю" қағидатын қолдану бойынша қорытынды

Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік

Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау

Сауда брокерінің комиссиялық сыйақысы (маржа)

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

                                            Қазақстан Республикасы
                                               Қаржы министрінің
                                            2009 жылғы 12 ақпандағы
                                             бұйрығымен бекітілген
                                             Мәмілелер мониторингін
                                             жүзеге асыру ережесіне
                                                   2-қосымша

"2-нысан Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты"

N

СТН

Сатып атушының (импорттаушының) атауы

Салық кезеңі

КЖД күні

КЖД N

СЭҚТН коды

Тауар (жұмыс, қызмет көрсету) атауы

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапалық сипаттамалары

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) нарықтағы беделі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жіберген ел

Тасымалдау түрі

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) шыққан елі

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) өндіруші

Тауар белгісінің (сауда маркасының, брендінің) болуы

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу шарты

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту күні

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту орны

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жіберу елі

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

кестенің жалғасы

Жеткізушінің атауы

Жеткізушінің заңды мекен-жайы

Жеткізушінің тіркелген елі

Сауда жасаушы ел

Тараптардың (жіберушінің және сатып алушының) өзара байланыстылығы туралы ақпарат

Келісім-шарт (шарт) күні

Келісім-шарт (шарт) N

Шот-фактура күні мен N

Өлшем бірлігі

Өткізу көлемі

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

кестенің жалғасы

Құны (келісім-шарт валютасында)

Мәміле (сатып алу) бағасы (келісім-шарт валютасында)

Келісім-шарт валютасы

Теңге бағамы

Трансферттік баға белгілеу әдістемесі

Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар

Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс

Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі

Дифференциал

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) нарықтық бағасы

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

кестенің жалғасы

Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің, қызмет саласының және нарық шарттарының сипаты

Бизнес стратегиясы

Тауардың, (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін баска ақпарат

Тауарға (жұмысқа, қызмет көрсетуге) баға болжамы