"Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін) қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 95-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 66-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5586 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 29 наурызда N 3523 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 16 сәуірдегі N 16 (225), "Заң газетінің" 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 8-9 (988-989) нөмірлерінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 95-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тұтынушы - табиғи монополия субъектілерінің және реттелетін нарықтың реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;".
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және кәріз жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Ә. Жарқынбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                  Н. Алдабергенов

       Келісілген:

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Күрішбаев