"Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 29 ақпандағы N 80 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5582 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 395 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына (Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 184 "Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары мен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 81 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы-қаражат" баспасында 1998 жылы жеке ресми басылым етіп жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 489 болып тіркелген, Қазынашылық комитетінің төрағасының: 1999 жылғы 25 мамырдағы N 238 "Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 825 болып тіркелген, 2000 жылғы 12 маусымдағы N 278 "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1188 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2001 жылғы N 18 бюллетенінің 385-бабында жарияланған 2001 жылғы наурыздағы N 141 "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1431 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2001 жылғы N 22 бюллетенінің 408-бабында жарияланған 2001 жылғы 30 наурыздағы N 159 "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1487 болып тіркелген, 2001 жылғы 18 мамырдағы N 260 "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1546 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 19 бюллетенінің 600-бабында жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 18 ақпандағы N 67 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1793 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 38 бюллетенінің 698-бабында жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 2 тамыздағы N 353 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1952 тіркелген, "N 489 тіркелген "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2004 жылғы 17 наурыздағы N 17 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2788 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2005 жылғы маусымдағы N 15 бюллетенінің 115-бабында жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 20 мамырдағы N 24 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3667 тіркелген, 2007 жылғы 18 мамырдағы N 74 (1277) "Заң газетінде" жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 42 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4662 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 4 (1404) "Заң газетінде" жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 422 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5058 тіркелген, 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 186 (1586) "Заң газетінде" жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5361 тіркелген 2008 жылғы 22 қазандағы N 521 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықта:
      барлық мәтін бойынша:
      "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ" деген сөздер "Ақылы қызметтер ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаларын уақытша орналастыруға ҚБШ" деген сөздердегі "жеке немесе заңды тұлғалардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      "демеушілік және қайырымдылық көмектен" деген сөздер "демеушілік, қайырымдылық көмектен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "090 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға арналған рұқсаттары" деген сөздер "090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
       "095 "Трансферттер бойынша рұқсаттар" деген сөздер "095 Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарларының, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түсетін ақшаның түсімдер мен шығыстардың жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен (бұдан әрі Ақылы қызметтер - ҚБШ) шығыстарды жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен жұмсауға (бұдан әрі - демеушілік, қайырымдылық көмек - ҚБШ), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға (бұдан әрі - ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ) аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға, шетел валютасымен операциялар жүргізуі үшін шетел валютасындағы шотқа (бұдан әрі - шетел валютасындағы шот) және бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты (бұдан әрі - сыртқы қарыздың және байланысты гранттың бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты) республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты осы Нұсқаулыққа сәйкес операцияларды есепке алудың орындалуын жүзеге асырады.
      2. Міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түсетін ақшаның түсімдер мен шығыстар жоспарлары, демеушілік, қайырымдылық көмектен, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастырудан ҚБШ түсетін ақшаның, шетел валютасындағы шотқа және сыртқы қарыз бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотының және байланысты грантқа бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықта көзделген шоттардың жоспары бойынша бірыңғай теңгерімде жүргізіледі.";
      10-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде міндеттемелерді қабылдауды және екінші мен үшінші жылдардың жоспар кезеңдерінің базалық шығыстарын, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістер есебімен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен сәйкес қаражаттардың жұмсалуын дұрыс, тиімді және орынды пайдалануды, сондай-ақ ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау;";
      20-тармақтағы үшінші абзацта "бюджеттік шоттардағы" деген сөздер "мемлекеттік мекемелердің кодтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      32-тармақта:
      мынадай жолдар:
      "      

Бюджет бойынша рұқсаттар

09

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауға рұқсаттар

090



Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар

093



Трансферттер бойынша рұқсаттар

095



Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар

096



Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар

098



Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша рұқсаттар

099

Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар

10

Міндеттемелер қабылдауға мемлекеттік мекеменің рұқсаттары

100



Күрделі салымдарға арналған рұқсаттар

103



Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрлерінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар

108

                                                                   "
      мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:
"

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары

09

Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

090



Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

093



Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

095



Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

096



Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

098



Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

099

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары

10

Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарымен көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

100



Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

103



Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

108

                                                                    "
      деген жолдар
"



Ақылы қызметтер жөніндегі ҚБШ

111



Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ

112

                                                                    "
      деген жолдармен ауыстырылсын:
"



Ақылы қызметтер ҚБШ

111



Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ

112

                                                                    "
      деген жол:
"



Жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастырылған ақшалары бойынша есеп айырысу

174

                                                                    "
      мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:
"



Ақшаны уақытша орналастыру бойынша есеп айырысу

174

                                                                   ";
      109-тармақтағы "бюджеттік шотқа" деген сөздер "мемлекеттік мекеменің кодына" деген сөздермен ауыстырылсын, "қарыздар және" деген сөздерден кейін "байланысты" деген сөзбен толықтырылсын;
      V бөлімде. "Ақшалай қаржылар", "Бюджет бойынша рұқсаттар" деген сөздер "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын; "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" деген сөздер "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      110-тармақ алынып тасталсын;
      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "113. 09 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шоты бойынша (сыртқы қарыздарсыз және байланысты гранттарсыз) қалдықтар мемлекеттік мекеменің кодтары бойынша қаражаттар қалдықтарына сәйкес болуы керек.
      Мемлекеттік мекеменің бюджет қаражаттарын жұмсауына бақылауды қамтамасыз ету үшін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 "Мерзімді міндеттемелердің бөліктері" нысан есебін, 4-12 "Орындалмаған міндеттемелердің бөліктері" нысан есебін және 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысан есебін қалыптастырады.
      09 шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысаны бойынша тоқсан сайын жұмыстың екі күні ішінде ай аяқталғаннан кейін айдың бірінші күніне аумақтық қазынашылық бөлімшесімен салыстыру жүргізеді.";
      114-тармақта:
      бірінші абзацта "бюджеттік шоттарындағы" деген сөздер "кодтарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысан және 5-15 "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдердің тізімдемесі" нысан есептерінің және оған қосымша құжаттар негізінде жазбалар жүргізіледі. Ағымдағы қаржы жылғы төлемдерді қайтару бойынша жазбалар үшін негіз аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы және 5-17 "Қалыптастыру және ауыстыру тізімдемесі" нысан есебі болып табылады. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған өткен жылдардың төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін негізі 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал өткен жылдардың дебиторлық берешек сомаларын қайтару республикалық бюджеттің кірісіне аудару бойынша - аумақтық қазынашылық бөлімшелердің төлем тапсырмасы болып табылады.";
      төртінші абзацтағы "Қаржыландыру жоспарларының" деген сөздер "Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын "берілген рұқсаттардың" деген сөздер "қабылданған міндеттемелер бойынша жоспарлы тағайындаулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      115, 116, 118 және 118-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "115. 09 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
      090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
      093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
      095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
      096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
      098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
      099 "Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар".
      Осы қосалқы шоттардың дебетінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомалары, сондай-ақ кассалық шығыстарды қалпына келтіруге енгізілген сомалар, ал кредитте Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкес нысаналы мақсат бойынша жұмсалған қаражаттар көрсетіледі.
      Міндеттемелердің қабылдауға жоспарлы тағайындауларындағы сомаларына 090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 099 "Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" және қосалқы шоттарының дебетіне және 23 "Қаржыландыру" немесе 14 "Қаржыландыру бойынша ведомство ішіндегі есеп айырысулар" шотының тиісті қосалқы шотының кредитіне жазбалар жүргізіледі. Кассалық шығыстарды қалпына келтіруге түскен сомалар 090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шоттарының дебетіне және 120 "Касса", 160 "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар" және басқа да шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады. Чектер және төлеуге берілетін шоттар бойынша сомалар 090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шоттарының кредитіне және 06 "Материалдар мен тамақ өнімдері", 12 "Касса", 15 "Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін тапсырыс берушілермен, мердігерлермен және тапсырысшылармен есеп айырысу" және басқа да шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазылады.";
       116. 090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары мемлекеттік мекеменің қызметін ұстауға және басқа да іс-шараларға арналған сомалары ескеріледі.
      118. 093 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында шығыстардың экономикалық сыныптамасының 420 "Негізгі капиталды құру" ішкі сыныбы бойынша бюджеттен бөлінетін күрделі салымдарды қаржыландыру бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар ескеріледі.
      118-1. 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар ескеріледі, олар жалпы сипаттағы трансферттерге, нысаналы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.
      Трансферттерді міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындауларға сәйкес алу кезінде 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 234 "Трансферттер бойынша қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері аударған нысаналы ағымдағы трансферттер мен нысаналы дамуға трнасферттерінің сомасына төлеуге берілген шоттың негізінде 194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетіне және 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Төмен тұрған бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен аударылған жалпы сипаттағы трансферттердің сомасына 205 "Трансферттер бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 095 "Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.";
      120-1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "096 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотында республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге олар жергілікті бюджет есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде және керісінше жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге белгілі бір мақсаттарға республикалық бюджеттен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың қозғалысы ескеріледі.";
      екінші абзацта "рұқсаттар" деген сөздер "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      120-2 тармақта:
      бірінші абзацтағы "рұқсаттар" деген сөз "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын, "рұқсаттардың" деген сөздер "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "Бұл ретте, байланысты операциялар бойынша оларда көрсетілген сома" деген сөздер "Байланысты операциялар бойынша сомалар" деген сөздермен ауыстырылсын, "рұқсаттар" деген сөз "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      120-3 тармақта:
      бірінші сөйлемдегі "рұқсаттар" деген сөздер "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын, "рұқсаттардың" деген сөздер "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемдегі "рұқсаттардың" деген сөздер "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың" деген сөздермен ауыстырылсын, "рұқсаттар" деген сөздер "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "121. 10 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" шотында жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары ескеріледі.";
      123-тармақта:
      бірінші абзацта "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" деген сөздер "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын, "берілген рұқсаттардың" деген сөздер "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік мекеменің бюджет қаражаттарын жұмсауына бақылауды қамтамасыз ету үшін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 "Мерзімді міндеттемелердің бөліктері" нысан есебін, 4-12 "Орындалмаған міндеттемелердің бөліктері" нысан есебін және 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысан есебін қалыптастырады.
      10 шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысаны бойынша тоқсан сайын жұмыстың екі күні ішінде ай аяқталғаннан кейін айдың бірінші күніне аумақтық қазынашылық бөлімшесімен салыстыру жүргізеді.";
      124-тармақта:
      бірінші абзацтағы "бюджеттік шоттарындағы" деген сөздер "кодтарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысаны және 5-15 "Мемлекеттік мекеме бойынша төлемдердің тізімдемесі" нысаны есептерінің және оған қосымша құжаттар негізінде жазбалар жүргізіледі. Ағымдағы қаржы жылғы төлемдерді қайтару бойынша жазбалар үшін негіз аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы және 5-17 "Қалыптастыру және ауыстыру тізімдемесі" нысан есебі болып табылады. Өткен жылдардың төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін негіз аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал өткен жылдардың дебиторлық берешек сомаларын қайтару жергілікті бюджеттің кірісіне аудару бойынша - аумақтық қазынашылық бөлімшелердің төлем тапсырмасы болып табылады.";
      төртінші абзацтағы "Қаржыландыру жоспарларының" деген сөздер "Міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын, "берілген рұқсаттардың" деген сөздер "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      125-тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары";
      103 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
      108 "Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";
      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "126. 100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" қосалқы шотында мемлекеттік мекеменінің қызметін ұстауға міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомалары ескеріледі.";
       127-тармақта "Күрделі салымдар жөніндегі рұқсаттар" деген сөздер "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      127-1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "рұқсаттар" деген сөз "міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын "рұқсаттардың" деген сөз "міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "рұқсаттың негізінде" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші абзацтағы "Бұл ретте, байланысты операциялар бойынша оларда көрсетілген сома" деген сөздер "Байланысты, операциялар" деген сөздермен ауыстырылсын, "рұқсаттар" деген сөз "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      129-тармақта:
      үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "111 Ақылы қызметтер ҚБШ";
      112 "Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ";
      Он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
      130-тармақтың бірінші абзацындағы "және олардың есебінен жүргізілетін төлемдерден" деген сөздер ", Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олар алатын." деген сөздермен ауыстырылсын;
      132-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "112 "Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақшаны есепке алу қозғалысы ескеріледі.
      Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ ақшаның түсуі 112 "Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шотының дебеті және 174 "Ақшаны уақытша орналастыру бойынша есеп айырысу", жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын қайтару кезде немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге беру кезінде 112 қосалқы шотының кредиті және 174 қосалқы шотының дебеті бойынша жазба жүргізіледі.";
      135-тармақтың үшінші абзацындағы "Күрделі салымдарға арналған рұқсаттар" деген сөздер "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      136-тармақтың үшінші абзацындағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің" деген сөздер "Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын, "2007 жылғы 20 наурыздағы N 225" алынып тасталсын;
      141-1-тармақтың екінші абзацындағы "рұқсаттар" деген сөз "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      147-тармақта:
      екінші абзацтағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің" деген сөздер "Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын, "2007 жылғы 20 наурыздағы N 225" алынып тасталсын;
      бесінші абзацтағы "берілген рұқсаттардан" деген сөздер "қабылданған міндеттемелерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      160-тармақтағы алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "174 "Ақшаны уақытша орналастыру бойынша есеп айырысу";";
      172-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "174 "Ақшаны уақытша орналастыру бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға түскен сомалары ескеріледі.";
      175-тармақтың алтыншы және жетінші абзацтарындағы "090 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға арналған рұқсаттары", 100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерге қабылдауға арналған рұқсаттары" деген сөздер "090 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары"; 100 "Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      176-тармақта төртінші абзацта "бюджеттік шот" деген сөздер "коды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      180-тармақтың бірінші абзацындағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің" деген сөздер "Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын, "2007 жылғы 20 наурыздағы N 225" деген сөздер алынып тасталсын;
      186-тармақтың үшінші абзацындағы "Бюджеттік шоттан, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттан, демеушілік және ағымдағы шоттан" деген сөздер "мемлекеттік мекеменің коды, Ақылы қызметтердің, демеушіліктің ҚБШ," деген сөздермен ауыстырылсын;
      210-тармақта:
      екінші абзацтағы "рұқсаттардың" деген сөз "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "рұқсаттар" деген сөз "міндеттерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      233-тармақтың жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Талдамалық есепке алу "Мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелерді есепке алу жөніндегі ведомосте" жүргізіледі, мынадай деректерді көрсете отырып: әкімші, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік; бір жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, жылдың басынан бастап міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспары; жыл басынан бастап қабылданған міндеттемелердің сомасы; жыл басынан бастап төленген міндеттемелер; ағымдағы айға; төленбеген міндеттемелер; түгел төленбеген міндеттемелер; міндеттемелер бойынша, төлемдер бойынша жоспарлардан қалған қаражаттарының қалдықтары.";
      көрсетілген Нұсқаулыққа "Негізгі бухгалтерлік операциялар бойынша қосалқы шоттардың хабарламасы" қосымшасында:
      2-бағанда:
      5-бөлімде "Ақшалай қаражат":
      реттік нөмірі 63-1-жолдағы "рұқсаттар" деген сөз "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 78-жолда "рұқсаттар" деген сөз "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бөлімде "Қаржыландыру бойынша ішкі ведомстволық есеп айырысулар":
      реттік нөмірі 106-жолдағы "рұқсаттар" деген сөз "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-бөлімде "Қаржыландыру":
      реттік нөмірі 174-жолдағы "рұқсаттар" деген сөз "міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген Нұсқаулыққа "Мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелерді есепке алу жөніндегі ведомосі" - қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Түсіпбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                   Б. Жәмішев

                                        Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы министрінің
                                        2009 жылғы 24 ақпандағы
                                        N 80 бұйрығына қосымша

                                       Мемлекеттік мекемелердегі
                                      бухгалтерлік есеп жөніндегі
                                          нұсқаулыққа қосымша

Мемлекеттік мекеменің атауы: ______________________
Мерзімділігі: _______________________________________
Өлшем бірлігі: ___________________________________

       Мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелерді
              есепке алу жөніндегі ведомосі
                    __________________ жылға     

Әкімші Бағдарлама
Кіші бағдарлама Ерекшелігі

Атауы

Бір жылға міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары

Жыл басынан бастап қаржыландырудың жоспары

Жыл басынан бастап қабылданған міндеттемелердің сомасы

міндеттемелер бойынша

төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6














Барлығы:





Төленген міндеттемелер

Төленбеген міндеттемелер

Түгел төленбеген міндеттемелер

Жоспардан қалған қаражат қалдығы

жыл басынан бастап

ағымдағы айға

Міндеттемелер бойынша

Төлемдер бойынша

7

8

9=6-7

10

11=4-6

12-5-7



















      Бас бухгалтер __________  __________________________________
                      (Қолы)                (Аты-жөні)