Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5578 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5324 тіркелген, 2008 жылдың 15 қарашасында N 11 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативін есептеу ережесінің:
      кіріспесі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Ереженің брокер мен дилердің аффилиирленген тұлғалары бөлігінде көзделген нормалар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының аталған ұйымның дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша - жанама) иелену нәтижесінде аффилиирленген брокер мен дилер болып табылатын заңды тұлғалары мен оның аффилиирленген тұлғаларына қолданылмайды.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Осы Ереже мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары болып мынадай ұйымдар түсіндіріледі:
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Еуропалық қайта құру және даму банкі;
      Америкааралық даму банкі;
      Халықаралық есеп айырысу банкі;
      Азиялық даму банкі;
      Африкалық даму банкі;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Исламдық даму банкі;
      Еуропалық инвестициялық банкі;
      Еуразиялық даму банкі.";
      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "BBB-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар;";
      Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативін есептеу ережесінің 1-қосымшасындағы:
      "Пруденциалдық нормативті есептеу" кестесінде:
      реттік нөмірі 6-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 6-1 реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:
"

6-1

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


                                                                   ";
      20-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

20

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


                                                                   ";      "Пруденциалдық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер" кестесінде:
      реттік нөмірі 8010-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 8010-1 жолмен толықтырылсын:
"

8010-1

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


                                                                   ";
      8035-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын;
"

8035

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


                                                                   ".
      2. Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
      3. "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5332 тіркелген, 2008 жылдың 15 қарашасында N 11 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу ережесінде:
      кіріспесі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Ереженің брокер мен дилердің аффилиирленген тұлғалары бөлігінде көзделген нормалар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының аталған ұйымның дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша - жанама) иелену нәтижесінде аффилиирленген брокер мен дилер болып табылатын заңды тұлғалары мен оның аффилиирленген тұлғаларына қолданылмайды.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Осы Ереже мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары болып мынадай ұйымдар түсіндіріледі:
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Еуропалық қайта құру және даму банкі;
      Америкааралық даму банкі;
      Халықаралық есеп айырысу банкі;
      Азиялық даму банкі;
      Африкалық даму банкі;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Исламдық даму банкі;
      Еуропалық инвестициялық банкі;
      Еуразиялық даму банкі.";
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар;";
      Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінің қосымшасында:
      "Пруденциалдық нормативті есептеу" кестесінде:
      реттік нөмірі 6-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 6-1 реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:
"

6-1

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


                                                                   ";
      20-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

20

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


                                                                   ";        "Пруденциалдық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер" кестесінде:
      реттік нөмірі 8019-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 8019-1 жолмен толықтырылсын:
"

8019-1

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


                                                                   ";
      8034-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

8034

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


                                                                   ".
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                 Е. Бахмутова