"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 3 ақпандағы N 17-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5577 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4825 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 тамыздағы N 128 (1331) "Юридическая газета" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 сәуірдегі N 5181 болып тіркелген, "Официальная газета" газетінің 2008 жылғы 17 мамырдағы N 20 (386) жарияланған), "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4825 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 тамыздағы N 128 (1331) "Юридическая газета" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 сәуірдегі N 5181 болып тіркелген, "Официальная газета" газетінің 2008 жылғы 17 мамырдағы N 20 (386) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 62-ө бұйрығымен енгізілген өзгерістермен мынадай толықтыру енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа:

      43-тармақ екінші сөйлем 6-абзацы "санитарлық-қорғау аймақтарының өлшемдерін" деген сөздерден кейін ", қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері жөніндегі ұсыныстар (қолданыстағы эмиссиялардың нормативтері болмаған жағдайда)" деген сөздер қосылсын.

      2. Осы бұйрық ол алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Ысқақов