Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 32 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5545 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 152 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.03.24 № 152 (ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Мемлекет Басшысының 2008 жылғы 7 қарашадағы N 01-7.18. хаттамалық тапсырмасына сәйкес және медициналық ұйымдардағы медициналық қызметтің сапасын басқарудың қазіргі заманғы тетіктерін енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Келесі:
      1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелері бекітілсін;
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) 2009 жылғы 15 ақпанға дейін:
      1) "Медициналық қызметтің сапасын сараптау" мамандығы бойынша медициналық көмектің сапасын басқару және аккредиттеу ресімдері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 894 бұйрығымен бекітілген қосымша медициналық білім беру стандартына толықтырулар енгізсін;
      2) денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын оқыту базасын анықтасын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу департаменті (Ж.Қ. Ысмаилов) денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі іс-шаралардың енгізілуін үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (С.З.Қайырбекова):
      1) медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметтің жұмыс істеу тиімділігіне тұрақты негізде мониторинг өткізуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментіне (А.Б. Молдағасымова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      7. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы  
N 32 бұйрығымен      
бекітілді        

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмектің сапасын басқару іс-шар аларын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
      2. Медициналық көмектің сапасын басқару мақсаты - пациенттердің қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Медициналық көмектің сапасын басқару денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - ұйым) қызмет нәтижелерін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу арқылы өз жүйелерін, процедуралары мен жұмыстарын, олардың сәйкестілігін және тиімділігін бағалауды талдау арқылы қамтамасыз етіледі.
      4. Медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі іс-шараларды қызметкерлер, бөлімше жетекшілері, әкімшілік, аурухана ішіндегі комиссиялар, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын басқару бойынша арнайы құрылған қызмет жүзеге асырады.
      5. Денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарының штаттан тыс бас мамандары олардың қызмет саласына сәйкес медициналық көмектің сапасын басқару іс-шараларын ұйымдастыруда және оны қамтамасыз етудің механизмдерін жетілдіру бойынша қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
      6. Осы ережелерде келесі анықтамалар қолданылды:
      1) медициналық көмектің сапасын басқару – денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде жоспарлауды, ұйымдастыруды, ынталандыру, өз жұмысына ішкі аудит өткізуді, басқа да медициналық көмектің сапасын қамтитын және өз жұмысындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды қосатын жүйелі, тәуелсіз, үзбей, өзара байланыс әрекеттердің құжатталған процес;
      2) медициналық көмектің сапасын басқару қызметі - қызметкерлер арасынан алынған денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде медициналық көмектің сапасын басқару қызметін атқаратын және сәйкес өкілетік берілген қызмет;
      3) қуаты аз мемлекеттік медициналық ұйымдар – жанұялық-дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық учаскелік ауруханалар, 100 орыннан аз төсекті стационарлар;
      4) аурухана ішіндегі комиссиялар – медициналық ұйым аясында медициналық қызметтің түрлі бағыттары бойынша құрылатын комиссиялар;
      5) қызметкер – медициналық ұйымның қызметшісі.

2. Медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі
қызметтің міндеттері

      7. Медициналық көмектің сапасын басқару қызметі (бұдан әрі - Қызмет) әдістемелік көмек көрсету және келесі бағыттар бойынша персоналды оқыту міндетін жүзеге асырады:
      1) ұйымда медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, енгізу және тиімділігін бағалау;
      2) ұйымда жүзеге асырылатын процестердің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, соның ішінде аккредиттеу стандарттарына сәйкестілігін бағалау;
      3) ұйымды аккредиттеу ресіміне дайындау;
      4) клиникалық аудит жүйесін енгізу - өткізілген емдеу-диагностикалау іс-шараларының белгіленген стандарттарға сәйкестілігін анықтау үшін жан-жақты ретроспективтік талдау;
      5) қызметті талдау нәтижелері бойынша жұмыста кемшіліктердің алдын алу мен жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін шараларды әзірлеу.

3. Медициналық көмектің сапасын басқару
қызметінің құрылымы

      8. Мемлекеттік ұйымдарда Қызметке басшының емдеу (клиникалық) жұмыс мәселелерін үйлестіретін орынбасары немесе медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тиісті орынбасары жетекшілік етеді.
      9. Қызметтің құрамы мемлекеттік ұйымдарда мекеменің штаттық саны шегінде немесе штаттан тыс жеке келісім-шарт бойынша келесі тәртіпте бекітіледі:
      аудандық деңгейдегі стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда – ұйымға 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде – 100 және одан артық төсекке – ұйымға 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес;
      аудандық деңгейдегі ана мен баланы қорғау ұйымдарында – ұйымға 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес, ана мен баланы қорғау бойынша қалалық, облыстық және республикалық деңгейде – 100 және одан аса төсекке – ұйымға 2 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес;
      стационарлық және (немесе) амбулаториялық кеңестік-диагностикалау көмек көрсететін ұйымдарда 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес;
      алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін, бекітілген халық саны 50 мыңға дейін адамы бар ұйымдарда - 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес, 50 мың адамнан аса халқы бар ұйымдарда - 2 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес;
      жылына 100 мыңнан 300 мыңға дейін шақыруға шығатын жедел медициналық жәрдем ұйымдарында - 1 сарапшы-дәрігер лауазымынан кем емес.
      10. 9-тармақта көрсетілмеген ұйымдарда сарапшы-дәрігер лауазымы санын халыққа көрсетілетін қызметтің саласына байланысты әкімшіліктің өзі анықтайды.
      11. Қуаты аз мемлекеттік ұйымдарда медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі жауапты тұлға дәрігерлер персоналы арасынан тағайындалады.
      12. Денсаулық сақтау ұйымдарында Қызмет меншік және ведомстволық бағыну формаларына тәуелсіз әкімшіліктің қарауы бойынша басымгерліктеріне, көрсетілетін қызметіне, қызмет ерекшелігіне байланысты қалыптастырылады.

4. Медициналық көмек сапасын басқару қызметінің
функциялары

      13. Қызмет медициналық көмектің сапасын басқаруда келесідей бағыттар бойынша ұйымның қызметін үйлестіреді:
      1) пациенттердің қанағаттану деңгейін міндетті сауалнама арқылы зерделеп отырып, пациенттердің проблемаларын (арыздарын) пайда болуына сәйкес және оптималды мерзімде шешу;
      2) ұйым қызметінің сапа көрсеткіштерін әзірлеу және талдау;
      3) ұйымның кадрлік және материалдық-техникалық ресурстарының жағдайы және пайдалану тиімділігін бағалау;
      4) денсаулық сақтау ұйымында (клиникалық аудит) пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының белгіленген стандарттарға сәйкестілігін бағалау және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
      5) тегін медициналық кепілді көмек көлемін көрсету ережелерін сақтау;
      6) жұмыстағы кемшіліктерді ескертуге, жоюға және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу;
      7) ұйымдағы алдағы аккредиттеу ресіміне дайындау және одан өту.
      14. Қызметтің функциялары:
      1) өз процестері мен процедураларын бағалау, медициналық көмек сапасын бағалау индикаторларын қолдану, денсаулық сақтау стандарттарын енгізу бойынша ұйымның бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау;
      2) аурухана ішіндегі комиссиялардың қызметін талдау;
      3) ұйым басшыларына басқарушы шешім қабылдау үшін талдау барысында айқындалған проблемалар туралы ақпарат ұсыну;
      4) медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйым персоналын оқыту және әдістемелік көмек көрсету
      5) ұйымның өзінің мамандары пікірлерімен танысу және сапаны арттыру мен мекемеде пациенттердің қауіпсіздігін қамту шаралары туралы персоналға хабар беру болып табылады.
      15. Қызмет негізгі міндеттері мен өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратты сұрауға және алуға, сондай-ақ келесі ұсыныстар жасауға:
      1) басқару жүйесін және медициналық көмек көрсету тәртібін жетілдіру бойынша;
      2) медициналық көмектің сапасын арттыруға қатысатын қызметкерлерді марапаттау немесе пациенттің денсаулығына зиян келтірген немесе медициналық көмектің сапасына кері әсер ететін жүйелі бұзушылықтар мен жағдайлар анықталған кезде тәртіптік жаза шараларын қолдану;
      3) денсаулық сақтау саласында алда аккредиттеу үшін бағалауға, сондай-ақ клиникалық аудитті, индикаторларды әзірлеу процедураларын, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестілігін талдау үшін аккредиттелген тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша.
      16. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын қамтуға жіберілген ұйым қызметкерлерінің функциялары ұйым басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарда регламенттелген.

5. Медициналық көмектің сапасын басқару іс-шараларын
өткізу тәртібі

      17. Ұйымда ұйым басшысы бекітетін медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету және үзбей арттыру бойынша бағдарламаны әзірленеді. Бағдарламаның қамтитындары:
      1) бағдарламаның мақсаты мен міндеттері;
      2) әрбір құрылымдық бөлімше бойынша ұйымның қызмет сапасын бағалау индикаторлары;
      3) сапаны бағалау, сондай-ақ бөлімше қызметінің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау индикаторларын пайдалана отырып, құрылымдық бөлімшелер қызметін талдау;
      4) әр бөлімшенің қызмет көрсеткіштерін жақсарту бойынша нақты іс-шаралар;
      5) жауапты адамдар мен орындау мерзімдерін анықтау;
      6) бағдарламаны іске асырудан күтетін нәтижелер.
      18. Бағдарламаны орындау барысы Қызметке 1 айда 1 реттен кем емес есеп бере отырып, ұйымның персоналы және басшылары өзін-өзі тұрақты негізде бағалау арқылы тұра бағаланады. Қызмет есепті талдап, нәтижелері бойынша ұйымның осы немесе басқа бөлімшесінде өзін-өзі бағалау сапасын бағалайды.
      19. Өзін-өзі бағалау медициналық көмек көрсету тәртібін реттейтін нормативті-құқықтық актілерге, сондай-ақ диагностикалау және емдеу хаттамаларына (клиникалық аудит) және аккредиттеу стандарттарына сәйкестілігін анықтау үшін жүргізіледі.
      20. Өзін-өзі бағалау және сырттай бағалауды жүргізу үшін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің де, ұйымның да қызмет ерекшелігін көрсететін, саны шектелмейтін медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторлары әзірленеді.
      21. Бөлімшілер өз бетімен әзірлеген сапаны бағалаудың ішкі индикаторлары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторларын (бұдан әрі – уақытша индикаторлар) қосады және/немесе бөлшектейді.
      22. Құрылымдық бөлімшелер мен жалпы ұйым қызметінің тиімділігін бағалау ішкі индикаторлар мәнін динамикасында бағалау арқылы жүргізіледі.
      23. Ақпаратты жинау және сапаны бағалаудың индикаторларын талдауды бөлімше басшылары жүзеге асырады, бұл ретте әрбір индикаторға шекті мәні белгіленіп, олардың шекті мәннен ауытқуы анықталады.
      24. Сапаны бағалаудың ішкі индикаторларын талдау нәтижелері бойынша ақпарат Қызметке тоқсанына 1 реттен кем ұсынылмайды. Индикаторлардың шекті мәннен күрт ауытқуы айқындалған жағдайда, Қызмет ұйымның басшыларына ақпарат беріп, тиісті бөлімшелердің қатысуымен оларды талқылауға және оларды жоюға бағытталған шаралар қабылдауға бастама жасайды.
      25. Көрсетілген медициналық қызметтің сапасы туралы пациенттердің пікірін талдау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Бұдан басқа, Қызмет жұмысының тиімділігі көрсеткішінің бірі ретінде осы ұйым пациенттерінің медициналық көмек сапасына шағымдарының саны болып келеді.
      26. Қызметкерлердің сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсетуге дайындығын анықтау үшін ұйым мамандары арасында мақсатты сауалнама жүргізіледі.
      27. Ұйымның бөлімшелері жұмысы бойынша Қызмет дайындаған жинақтық есеп аурухана ішіндегі тиісті комиссия отырыстарында талқылануға жатады.
      28. Сыртқы индикаторлар ұйымның қызметін мемлекеттік денсаулық сақтау саласын басқарушы органдары бағалауы үшін қажет. Бұл ретте шекті мәннен күрт ауытқулар (жағымды немесе жағымсыз) медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдау үшін негіз болады.
      29. Сыртқы индикаторлардың шекті мәндері, денсаулық сақтау саласын басқарушы жергілікті органы деңгейінде ұйымдар көрінісінде статистикалық және өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері негізінде бір жылда бір реттен кем емес есептеледі және бекітіледі.
      30. Есептеу нәтижелері келісу үшін мемлекеттік медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау бойынша аумақтық бөлімшелерге 2009 жылғы 1 шілдеге қарай және одан әрі жыл сайын 1 ақпанға қарай ұсынылады.

                                     Қазақстан Республикасының
                                    денсаулық сақтау ұйымдарында
                                      медициналық көмек көрсету
                                  сапасын басқару жүйесін жетілдіру
                                         бойынша ережелеріне
                                              1-қосымша

      Медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторлары

N Индикаторлардың атауы Өлшем бірлігі Ақпараттың мерзімділігі Ақпарат көзі Шекті мәні

Стационарлық көмек көрсететін медициналық мекемелер үшін медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторлары

1

Өткен кезеңмен салыстырғанда негізсіз ауруханаға жатқызу жағдайларының саны

Есеп беру кезеңінде ауруханаға барлық жатқызылғандар  саны ішінде негізсіз ауруханаға жатқызылғандар саны

Айына 1 рет

Стационарлық сырқаттың медициналық картасы N 003/у нысан Стационардан шыққан сырқаттың статистикалық картасы N066/у нысаны

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы қажет. Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі.

2

Жоспарлы емдеуге жатқызылғандар арасындағы өлім жағдайларының саны

Есеп беру мерзімінде барлық жоспарлы тәртіпте келіп түскендер арасындағы стационарда өлім жағдайларының саны

Айына 1 рет

Есеп беру деректері, стационарлық аурудың медициналық картасы N 003/у нысаны

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы қажет Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

3

Жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайларында операциядан кейінгі өлім жағдайлары

Есеп беру кезеңінде барлық жоспарлы тәртіпте операция жасалғандар арасынан стационарда өлім жағдайларының саны

Айына 1 рет

Есеп беру деректері, стационарлық аурудың медициналық картасы N 003/у нысаны

Жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында  индикатордың мәні нөлге ұмтылуы қажет Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

4

Есеп беру кезеңінде ана өлімі жағдайларының саны, соның ішінде басқарылатын себептерден:
- акушерлік қан кету;
- гестоздар;
- түсік тастау

Абсолюттік сан

Күнделікті

Жүктілер мен медициналық ұйымда босанушылар мониторингінің N 2009/у-2 нысаны

Индикатордың мәні басқаруға жататын себептер бойынша нөлге ұмтылуы қажет Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

5

Есеп беру мерзімінде нәресте өлімі жағдайларының саны, соның ішінде басқарылатын себептерден:
- тыныс ағзаларының аурулары;
- ішек инфекциясы;
- іштей біткен даму ақаулары;
- перинаталды мерзімнің себептері

Абсолюттік сан

Күнделікті

Медициналық ұйымда 1 жасқа дейінгі балалар мониторингінің деректері N 2009/у-01 нысаны

Индикатордың мәні басқаруға жататын себептер бойынша индикатордың мағынасы нөлге ұмтылуы қажет Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

6

Аурухана ішіндегі жұқпа көрсеткіштері

Аурухана ішінде жұқпалар жағдайларының тіркелген саны

Айына 1 рет

Жұқпалы ауруларды есепке алу саны журналы N 060/у нысаны

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

7

Қайта түскендердің көрсеткіші (бір ауру бойынша бір ай ішінде)

Есеп беру кезеңінде емдеуге жатқызылғандардың саны ішінде қайта жатқызылғандар саны

Айына 1 рет

Есеп беру деректері, стационарлық сырқаттың медициналық картасы  N 003/у нысаны

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы қажет
Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

8

Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың қайшы келу жағдайлары

Есеп беру кезеңіндегі жағдайлар саны

Айына 1 рет

Патологоанатомиялық зерттеу хаттамасы

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

9

Өткен жылдың осы уқытымен салыстырғанда негізді арыздардың жалпы саны

Өткен кезеңмен салыстырғанда негізді арыздардың саны

Айына 1 рет

Өтініштерді тіркеу журналы

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы қажет
Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі


Алғашқы медикалық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекемелер үшін медициналық көмек сапасын бағалау индикаторлары

1

Есеп беру кезеңінде бекітілген халық арасында жалпы өлім көрсеткіші, соның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

Абсолюттік сан және 1 000 адамға шаққандағы көрсеткіш

Тоқсанына 1 рет

Үйінің мекен-жайы көрсетілген облыстық статистикалық басқарманың деректері

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

2

Есеп беру кезеңінде бекітілген халық арасында артериалдық гипертензиясы және жүрегінің ишемиялық ауруы барлардың жалпы өлім көрсеткіші

Абсолюттік сан және 1 000 адамға шаққан көрсеткіш

Тоқсанына 1 рет

Үйінің мекен-жайы көрсетілген облыстық статистикалық басқарманың деректері

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

3

Есеп беру кезеңінде ана өлімі жағдайларының саны, соның ішінде басқарылатын себептерден:
- акушерлік қан кету
- гестоздар;
- түсік тастау

Абсолюттік сан

Күнде

Медициналық ұйымдағы ана өлімі мониторингінің деректері N 2009/у-2 нысаны

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы қажет
Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

4

Есеп беру кезеңінде бекітілген аумақта тұратын бала көтеру жастағы әйелдердің түсік тастау саны, соның ішінде экстрагениталды патология

Бала көтеру жастағы әйелдердің түсік тастау саны/әйелдердің саны *1000

Айына 1 рет

Жүктілікті үзудің медициналық картасы N 003-1/у нысаны

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы қажет

5

Есеп беру кезеңінде бекітілген халықтың арасында нәресте өлімі жағдайларының саны, соның ішінде басқарылатын себептерден:
- тыныс алу мүшелері аурулары;
- ішек жұқпасы;
- іштей біткен даму кемістіктері;
- перинаталды кезеңнің себептері

Абсолюттік сан және 1 000 тірі туылғанға

Күнде

Медициналық ұйымды туылғандардың, 1 жасқа дейінгі өлген балалар туралы деректер N 2009/у-01 нысаны

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы қажет
Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

6

Бағыт есеп беру кезеңінде бекітілген халықты қарамастан емдеуге жатқызудың жалпы деңгейі

Стационарлардың деректері бойынша 10 000 адамға шаққандағы есептеу

Айына 1 рет

"АИС-Стационар" деректер базасы

Бастапқыдан жыл қорытындалары бойынша көрсеткіштің төмендеуі Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

7

Бағыт көзіне қарамастан есеп беру кезеңінде бекітілген халық арасында артериалдық гипертензиясы және жүрегінің ишемиялық ауруы барлардың және емдеуге жатқызылған сырқаттардың үлес салмағы

Стационардың деректері бойынша 10 000 адамға шаққанда есеп және осы аурулар бойынша "Д" тобын есептеу

Айына 1 рет

АИС-Стационар" деректер базасы

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

8

Есеп беру кезеңінде алғаш рет айқындалған туберкулездің формасы барлардың саны

Туберкулезді айқындау үшін қараумен қамтылғандар санына есептеу

Айына 1 рет

"Туберкулез" аурулары тізімі П бағдарламалық кешен

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

9

Есеп беру кезеңінде 1-2 сатылы сүт безінің обыр алғаш рет айқындалған аурулар саны

Есеп беру кезеңінде алғаш рет диагноз қойылған аурулардың саны

Айына 1 рет

"Онкологиялық аурулардың тізілімі" бағдарламалық кешен

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

10

1-2 сатылы қынап мойыны обыр ауруы айқындалған сырқаттардың саны

Есептеу кезеңінде алғаш рет қойылған диагноздардың саны

Айына 1 рет

"Онкологиялық аурулардың тізілімі" бағдарламалық кешен

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

11

Есеп беру кезеңінде жедел медициналық жәрдемді шақырудың жалпы саны, соның ішінде емхана жұмыс істеп жатқан сағаттарда

10 000 адамға шаққандағы абсолюттік сан және есептік көрсеткіші

Айына 1 рет

Өңірдің медициналық ақпараттық-талдау орталығы

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі

12

Өткен жылмен салыстырғанда есеп беру кезеңіндегі негізді шағымдардың жалпы саны

Жалпы өтініштер санымен есептеу

Айына 1 рет

Өтініштерді тіркеу журналы

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы қажет
Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы деңгейінде есептеледі