Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 04.2-44/18 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5529 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына талаптар бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 6 бұйрығына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4412 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "2) эмитенттің және (немесе) оның бағалы қағаздарының ең төменгі рейтингтік бағасы халықаралық шкала бойынша "С" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша) немесе "С" ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктің жіктелуі бойынша), не болмаса "Standard & Poor's" қазақстандық ұлттық шкаласы бойынша "kzСС" төмен болмауға тиіс;".
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5223 тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы N 85 (1485) "Юридическая газета" және 2008 жылғы 6 маусымдағы N 85 (1311) "Заң газетінде" жарияланған), "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 28 тамыздағы N 04.2-09/207 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5300 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2008 жылғы қыркүйегінде N 9 жарияланған) енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен қоса, келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымшада:
      4-тармақтың 7) тармақшасында "(сатып алынғаннан өзге) акциялар" деген сөздері "(сатып алынғаннан және ауыртпалығы бардан өзге) осы типтес акциялар" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 7) тармақшасында "(сатып алынғаннан өзге) акциялар" деген сөздері "(сатып алынғаннан және ауыртпалығы бардан өзге) осы типтес акциялар" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      10-тармақтың 6) тармақшасында "әрқайсысы" деген сөзі "біреуі" деген сөзіне ауыстырылсын;
      мына редакцияда 10-1-тармағымен толықтырылсын:
      "10-1. Бағалы қағаздар мен оның эмитенттеріне осы Талаптардың 8 және 10-тармақтарымен қарастырылған талаптар "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына және ол шығарылған борыштық бағалы қағаздарына қолданылмайды.
      "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен жариялануға жататын ақпарат тізімі қор биржаның ішкі құжаттарымен белгіленеді.";
      11-тармақтың 6) тармақшасында "соңғы аяқталған қаржылық жыл" деген сөздері "аяқталған екі қаржылық жылдың бірі" деген сөздерімен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:
      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;
      3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                         А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігінің төрайымы
      ________________ Е. Бахмутова
      2009 жыл