БҰЙЫРАМЫН:
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 18 шілдедегі
N 424
бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 25 тамызда N 5288 тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 22 қазандағы N 161 (1561) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Үміткерлерді психологиялық тестілеуді қызметінің негізгі бағыттарының бірі тестілеу өткізу, оның ішінде психологиялық тестілеу өткізу болып табылатын жеке және/немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі - психологиялық тестілеу өткізетін адам) жүзеге асырады.";
мәтіндегі "психологиялық тестілеу өткізу ұйымы", "психологиялық тестілеу өткізу ұйымына", "психологиялық тестілеу өткізу ұйымымен" деген сөздер "психологиялық тестілеу өткізетін адам", "психологиялық тестілеу өткізетін адамға", "психологиялық тестілеу өткізетін адаммен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы өзгерістердің қолданысы 2008 жылғы шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылсын.
3. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Түймебаев