РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық
айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім,
мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізімін анықтау туралы (әрі қарай - Тізім) (қосымша 1, 2, 3) анықталсын.
2. Тізім Глубокое аудандық мәслихатына келісуге ұсынылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан туындаған
қатынастарға қолданылады.
Глубокое ауданының әкімі Д.Бейсембаев
Қосымша № 1
Глубокое аудандық әкімдігінің
2008 жылғы 14 сәуір
№ 855 қаулысына қосымша
"Глубокое ауданының білім беру бөлімі" ММ әкімшілік
бюджеттік бағдарламаларында ауылдық (селолық) жердегі
жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім мамандары лауазымдарының тізімі
1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары, лагерь бастығы, кітапхана, интернат, шеберхана, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңістірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандықтар мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, әлеуметтік педагог, педагог - ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог психолог, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім, АӘД ұйымдастырушы - оқытушы.
3. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: кітапханашы, тәлімгер, хореограф.
"Глубокое ауданының білім
беру бәлімі" ММ бастығы М.Асамбаев
Қосымша № 2
Глубокое аудандық әкімдігінің
2008 жылғы 14 сәуір
№ 855 қаулысына қосымша
«Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі» ММ әкімшілік бюджеттік бағдарламаларында
ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық
айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз
ету, мәдениет мамандары лауазымдарының
тізімі
1. Мәдениет мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы, мәдениет үйінің директоры (меңгерушісі).
2. Мамандар (бас, ага), соның ішінде: инспектор, әдіскер, үйірме жетекшілері, музыкалық жетекші, көркем жетекші, аккомпаниатор, хореограф, мәдени ұйымдастырушы, суретші, мұражайлардағы қорларды сақтаушы, кітапханашы, библиограф, редактор.
«Глубокое ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы Б.Кенчимбаев
Қосымша № 3
Глубокое аудандық әкімдігінің
2008 жылғы 14 сәуір
№ 855 қаулысына қосымша
Әкімшілік бюджеттік бағдарламаларында ауылдық
(селолық) жердегі жүмысы үшін лауазымдық айлықақыларын
көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету,
спорт мамандары лауазымдарының тізімі
1. Мамандар (бас, аға), соның ішінде: нұсқаушы.
Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары:
2. Үйге барып қызмет көрсететін әлеуметтік жұмысшылар.
Глубокое ауданы әкімі
аппаратының басшысы А.Баймульдинов