Көше атын өзгерту туралы

Шығыс Қазақстан облысы бірлескен Семей қаласының мәслихатының 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 7/64-IV шешімі және Семей қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 447 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы әділет басқармасында 2008 жылғы 6 мамырда N 5-2-88 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4 және 5 тармақшаларына сәйкес, Владимир Грищенконың есімін мәңгі есте сақтау туралы 2007 жылғы 19 қазандағы қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысының негізінде қалалық мәслихат ШЕШТІ және қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Деревообделочная көшесі Владимир Грищенко көшесі болып өзгертілсін.
      2. алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2009.10.27 N 21/162-IV шешімі және Семей қаласының әкімдігінің 2009.10.27 N 1281 бірлескен қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      3. Осы шешімнің және қаулысының көше аншлагтарын стандартты ресімдеу бөлігінің орындалуын бақылау сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелсін.
      4. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                             М. Айнабеков

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                              Е. Сұлтанов
       
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                       Қ. Мирашев