"Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жyргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 75 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 513 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 мамырда N 2482 тіркелді

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 4-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 75 қаулысына нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2444 болып тіркелген ("Дидар" газетінің 2007 жылғы 5 мамырдағы N 46-47 (15798), "Рудный Алтай" газетінің 2007 жылғы 5 мамырдағы N 66 (18304) сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қаулының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                 Ж. КӘРІБЖАНОВ

      Келісілді:
      "Ертіс бассейндік су шаруашылығы
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                     К. Көбегенов

      "Зайсан-Ертіс облысаралық балық
      шаруашылығы бассейндік басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы             М. Қабдығали