Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сесиясының 2008 жылғы 7 тамыздағы N 9-111/IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 қыркүйекте N 14-10-100 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 30 маусымдағы N 33-299/IV шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2010.06.30 N 33-299/IV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ. Райымқұлов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т. Тулендиев