Қызылқия ауылы округінің Айнатас ауылының және Рабат ауылдық округінің Еңбекші ауылының шекараларына өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 12/87-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 8 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 17 қазанда N 14-6-63 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 4 тармағына және 31 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 09 шілдедегі N 748 "Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін беру ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін Рабат ауылы округінің Еңбекші ауылының 45,0 гектар жеріне, қосымша 50,0 гектар жайылым жер қосылып, жалпы аумағы 95,0 гектарға, Қызылқия ауылы округінің Айнатас ауылының 236,0 гектар жеріне, қосымша 50,0 гектар жайылым жер қосылып, жалпы аумағы 286,0 гектар жерге ұлғайтылып ауылдардың шекараларына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы аудандық мәслихаттың және аудан әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Д.А. Есіркепов
      Аудан әкімі                                Н.Н. Әжіметов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А.Ж. Омаров