Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Білім туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2008-2009 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 174 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1987 нөмірімен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 2008 жылғы 12 шілдеде жарияланған) қосымшасына 28, 73, 82 жолдары жаңа басылымда мазмұндала отырып, өзгерістер енгізілсін:
№ |
Мамандықтардың атауы |
9 сынып негізінде |
11 сынып негізінде |
Барлығы |
28 |
0704001 Есепші |
8 |
9 |
17 |
73 |
3705001 ЭВМ операторы |
368 |
135 |
503 |
82 |
4120001 Әмбебап тігінші |
392 |
150 |
542 |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Бектаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н.Әшімов
Облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Әбішев
Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиев
Облыс әкімінің орынбасары Ә. Бектаев
Облыс әкімінің орынбасары У. Қайназаров
Облыс әкімінің орынбасары Е.Сәдуақасова
Облыс әкімінің орынбасары М.Тұрмағамбетов
Облыстық экономика және бюджетті
жоспарлау басқармасының бастығы А.Бекетова
Облыстық қаржы басқармасының бастығы Ы.Шалабаев