Исатай ауданы Тұщықұдық селолық округінің Чапаев селосын Тұщықұдық селосы деп қайта атау туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы N 70-ІV шешімі және Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 4 ақпандағы N 35 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 11 наурызда N 2522 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 9 қаңтардағы қорытындысы, Исатай ауданы әкімиятының 2007 жылғы 18 қазандағы N 173-а қаулысы, аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 қазандағы N 21 "Тұщықұдық селолық округінің Чапаев селосын қайта атау туралы" шешімі негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 27-баптарын басшылыққа алып облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті :

      1. Исатай ауданы Тұщықұдық селолық округінің Чапаев селосы Тұщықұдық селосы болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың            
      V сессиясының төрайымы

      Облыстық мәслихат хатшысы