Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 18 шілдедегі N 299 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 тамызда N 13-8-90 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 18-бабына, 238-бабы 2, 3-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 104 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар
ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының  м.а. Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а                              А. Абдуллаев

БЕКІТІЛДІ
аудандық әкімдіктің
2008 жылғы 18 шілдедегі № 299
қаулысымен

Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен
және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға
жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының Тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) консультант (соның ішінде әлеуметтік жұмыстар бойынша);
      3) күту бойынша әлеуметтік жұмысшы.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші), соның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның;
      2) мұғалім;
      3) әлеуметтік педагог;
      4) педагог-психолог;
      5) оқытушы;
      6) тәрбиеші;
      7) музыкалық жетекші;
      8) дене шынықтыру бойынша нұсқаушы;
      9) әдістемелік кабинеттің басшысы;
      10) әдістемеші;
      11) шебер;
      12) медициналық бике;
      13) кітапханашы;
      14) жетекші, аға жетекші;
      15) кітапхананың, интернаттың меңгерушісі.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) ұйымның директоры, басшысы;
      2) бөлімшенің жетекшісі;
      3) клубтың, кітапхананың меңгерушісі;
      4) кітапханашы;
      5) аккомпаниатор;
      6) мәдени ұйымдастырушы;
      7) көркемдік басшы;
      8) музыкалық жетекші;
      9) хореограф;
      10) әдістемеші;
      11) библиограф, жетекші библиограф.